2. Мәдениет ұғымы және оның мәні


Баланың дүниеге келгеннен бастап



Pdf көрінісі
бет54/82
Дата15.12.2023
өлшемі2,11 Mb.
#138005
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82
Баланың дүниеге келгеннен бастап 
жасалатын
: шiлдехана, бесiк тойы, иткөйлек рәсiмi, тұсау 
кесер, тiлашар тойы, атқа мiнгiзу тойы, сүндет той, тоқым 
қағар рәсiмдерi жатады.
 
Халықтық әдет-ғұрыптың ерекше 
түрi – үйлену тойы. Үйлену дәстүрiне: құда түсу салты, қыз 


116 
ұзату, батаяқ, қарғыбау, үкi тағар, отқа салар, сүт ақы, кәде 
сияқты рәсiмдер,ғұрыптар жатады.
Қыз ұзатуда сыңсу, үйленгенде беташар, жар-жар 
дәстүрлi 
өлеңдерi 
айтылады.
 
Некелiк 
қатынастарда 
әмеңгерлiк (левирант) және балдыз алу (сорорат) орын алды. 
Үйленген ұлдарына әкесi еншi берiп, жеке отау етiп 
шығарған. Атадан балаға мұра болып қалған үлкен үй
қарашаңырақ деп аталған. 
Жетi ата ұғымы қазақта ,,Жетi атасын бiлген ұл жетi 
жұрттың қамын жейдi,, деген мәтел бар.
Яғни әр адам өзiнiң жетi атасына дейiн бiлуi шарт және 
қазақта жетi атаға жақындар бiр-бiрiмен қыз алыспайды.
 
Есiм 
хан: «Туыстық араға жетi ата толғанша жастарға бiр-бiрiмен 
некелесуге болмайды. Кiмде - кiм осы жарлықты бұзса өлiм 
жазасына кесiлсiн!».
Жерлеу дәстүрiне арыздасу, ескерту,көңiл айту, жоқтау 
жатады. Қазақтар арасында дiни сипатта құрбан шалу
соғыстың аяқталуына, ұлының аман қайтуына, ортақ ата-
бабадан тарайтын сұраққа экзоголиялық тыйым салудың 
күшi жойылуына т.б. байланысты шалынатын едi.
Мерекелер сипаты жағынан дiни, маусымдық және 
кәсiптiк болып бөлiндi.
 
Мерекелерде ат жарысы (бәйге), 
палуанның күш сынасуы (күрес көкпар т.б. ұлттық ойындар 
өткiзiлдi.
Қазақ халқының материалдық мәдениетiнiң ерекше 
ескерткiштерiнiң бiрi – киiз үй зерттеушiлердiң пiкiрiнше, 
киiз үйдi Еуразия көшпелiлерi I мыңжылдықтың орта 
шенiнде ойлап тапқан. Киiз үй – көшпелi өмiр салтына 
ыңғайлы тез құрастырылып, тез жиналатын, көшiп қонғанда 
алып жүруге жеңiл.
Қазақтар арба үстiнде тiгiлген киiз үйлер, жер үйлер, 
жертөлелерде тұрған. 
Үй жиһаздары әр түрлi ағаш, терi, киiзден жасалған 
заттардан, бұйымдардан, кiлемдерден құралды. Ағаштан – 
түрлi сандықтар, кебежелер, жүкаяқтар, ағаш төсектер, 


117 
нәресте бесiктерi жасалып, түрлi оюлармен өрнектермен 
әшекейленген кiлем, түскиiз, текемет, сырмақтармен 
безендiрдi. 
Қазақтардың ыдыс-аяқтары көшпелi тұрмыс салтына 
бейiмделiп, терi және ағаштан жасалады. Оларға: шынықап, 
саба, сүйретпе, торсық, мес, шөмiш, ожау, құмыра, тегене т.б. 
жатады. Қазақ халқының материалдық мәдениетiне өте 
шеберлiктi қажет ететiн қару-жарақтар, ер тұрмандарды 
жатқызуға болады.
Қазақ халқы уақытының басым көпшiлiгiн ат үстiнде 
өткiзгендiктен, ер- тұрманның жасалуына үлкен мән берген. 
Ер тұрман құрамы: ер, тоқым, желдiк, терлiк, iштiк, тебңгi, 
үзеңгi, айыл, тартпа, аткөрпе, құйысқан, жүген, жабу, қамшы, 
кiсен тұсау, шiдер.
Қазақтарда «ер қаруы – бес қару»: садақ, қылыш, найза, 
айбалта, шоқпар, жатады. Әр қарудың өзiнiң қолдану тәсiлi
қызметi бес түрлi.Ер қаруын қастерлеп, сыйнған. Мысалы: 
қырық ұстаға соқтыру, қырық күн кептiру, қырық түрлi 
сұйыққа суару т.б.
Қазақ халқының рухани мәдениетi, өткен замандар 
мәдениетiнiң ең тамаша дәстүрлерiмен сабақтаса, өзiндiк 
ұлттық сипатымен ерекшелене дамыды. Ол, әсiресе бiз 
жоғарыда айтып кеткендей халықтың, салт-дәстүрi мен әдет-
ғұрпынан, сонымен бiрге тiлiнен, әдебиетiнен, өнерiнен 
көрiнедi. Қазақ тiлiнiң негiзiн ежелгi Қазақстан жерiн 
мекендеген тайпалардың тiлдерi құрайды. 
Көне түркi тiлiнiң қыпшақ тобының қыпшақ - ноғай 
тармағынан қазақ тiлi бөлiнiп шықты.
Жазуы дәстүрлi руна жазуы мен ұйғыр алфавитiн 
қолданды. 
XVғ. 
жазу 
толық 
араб 
графикасымен 
алмастырылды. Жыраулар поэзиясының аса iрi өкiлдерi – 
Шалкиiз жырау, Доспанбет жырау, Марғасқа жырау, 
Ақтамбердi жырау, Тәттiқара ақын, Үмбетей жырау, Жиембет 
жырау, Бұқар жырау. Тәуке ханға кеңесшi, ақылшы болған 


118 
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би демократиялық дәстүрлердi 
қалыптастыруға елеулi еңбек сiңiрдi.
Әр түрлi жанрлы қазақтың ауыз әдебиетi белгiлi бiр 
кезеңнiң өмiрдегi суреттерiн, оқиғалларын, халқының 
басынан өткен жағдайларын баяндап бере алған. «Ер 
Тарғын», «Ер Сайын», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай» т.б. 
Тұрмыстық-әлеуметтiк поэмалары жастар махаббатына 
арналады, халықтық тұрмыс салт-дәстүрi бейнеленедi.
Олардың iшiнде «Қозы Көрпеш -Баян сұлу», «Қыз 
Жiбек», «Күлше қыз», «Сұлушаш», «Мақпал қыз» поэмалары 
халыққа жақсы танымал.
Аяз би, Жиренше, Алдар көсе, қожа Насыр және Тазша 
бала туралы ертегiлер халық арасынан шыққан тапқыр, 
ақылды, шешен адамдар туралы айтылады. 
Ортағасырлық тарихшылар. Мұхаммед Хайдар Дулати 
(1499-1551) түрiк, араб парсы тiлдерiн еркiн меңгерген.
Оның «Тарихи и Рашиди» атты шығармасы ғылым 
әлемiне жақсы таныс. Қадырғали Жалаиридің (шамамен 1555-
1607) «Жами-ат-тауарих» деп аталатын шығармасы көп 
жағынан құнды. Оны XVI-XVIIғғ. тарихи деректеме, әдебиет 
және тiл ескерткiшi деуге болады. Онда Барыс Годунов пен 
Ораз Мұхаммедтiң даңқын дәрiптейдi. 
Халықтың ойын-сауық мерекесi мен той-думанындары: 
айтыс, терме, толғау, ән, күй, би өнерi т.б.
Қазақтың халық жылнамасының негiзiн ғасырлар бойы 
жинақталған 
астрономиялық 
түсiнiктер 
мен 
аспан 
жұлдыздары туралы iлiмi құрайды. XV-XVIIғ қазақтар 
арасында уақыт есебiмен шұғылданатын метерологияны 
зерттеген тәжiрибелi есепшiлер болған. 
Олар ұрпақтар тәжiрибесiн меңгерiп, жыл бойы бақылау 
жүргiздi, ауа-райы болжамдарын бердi, көшiп-қонып 
жүргенде жұлдыздар бойымен жол таба бiлуге т.б. үйреттi. 
«Жетi қарашқы» - қазақтар үшiн астрономиялық сағат болды.
Шопандар 
«Жетi 
қарақшыға» 
қарап 
кезектерiн 
ауыстыратын болған. Қазақтар Меркурийдiң – «Таң 


119 
жұлдызы» немесе «кiшi Шолпан», Юпитердi – «есек 
қырған», Венераны – «Таң Шолпан», Марсты –«қызыл 
жұлдыз», Егiздердi –«қос жұлдыз» деп атаған.
Жыл маусымдарының ауысуын жұлдыздарға қарап 
анықтаған. Мысалы, Үркер көрiнбей қалса, «Үркер жерге 
түстi» деп, 40 күн шiлде басталды деп болжанды. «Сүмбiле 
туса, су суыр» деп, суға түсуге болмайды деген. 
Қазақтар жаңа туған айға қарап, бiр жылды 17 айға, ал 
айды үш аптаға бөлдi. Қазақтарда мүшелiк күнтiзбек те 
болды. Ол бойынша уақытты 12 жыл – бiр мүшел деп 
саналды.
Қазақ 
халықтарының 
мифологиясында 
ғарыштың 
құрылымы былай бейнеледi: жетi қат Жер бар, онда Көктөбе 
бар, Көктөбе Көктерек өсiп тұр, ол Көкүмбездi тiреп тұр.
Бұл бейне киiз үйдiң құрылымына да ұқсас, қазақтың 
әлем туралы түсiнiгiнде әсерлi бейне – бәйтерек.
Дүниежүзiлiк ағаш таңбасы өрлемелiк қозғалысты, Жер 
мен аспанның тығыз байланысын бiлдiредi.
Осы биiк бәйтерекпен эпос батырлары аспан денелерiне 
өрмелеп жете алатын болған.
Әлемдiк ағаш жоғары және орта дүниенi үшiншi әлем-
төменгi дүниемен байланыстырады.
Сонда тiрiлер әлемi өткен кезбен, аруақтар аймағымен 
қатынасын үзбейдi. Көктеректiң тамырлары жер астында 
орналасқан. Өмiрлiк ағаш күш -қуат пен нәрдi төменгi 
дүниеден алады. Қазақтар аспанды тәңiрi - құдай ретiнде 
қадiрлеген.
Көк Тәңiрiн көшпендiлер жалғыз жаратушы деп түсiнген, 
кейiн қазақтарда Тәңiрi мен Алла синонимге айналған. 
XV-XVIIғғ. қазақтардың Орта Азия халықтарымен 
экономикалық 
және 
мәдени 
байланысының 
дамуы 
Қазақстанда ислам дiнiнiң жедел дамуына ықпал еттi. 
Көшпелi тұрмыс салты құдайға құлшылық ететiн мешiттер, 
арнайы медреселердiң салуын қиындатты.


120 
Сондықтан, намазды кез-келген жерде оқып, халықтың 
көпшiлiгi құран мен араб тiлiндегi кiтаптарға мұқтаж 
болуларына байланысты, молданың әрбiр сөзiн айнытпай 
қайталап, дiни ғұрыптарды орындап, отырды.
Қазақ 
қоғамында ислам дiнi үстемдiк етушi дiнге 
айналғанмен де, дала көшпелiлерi арасында – пұтқа 
табынушылық кеңiнен дамыды. қазақтар ата-бабаларының 
әруақтарын құрметтеп, жер –суға, отқа сиынды.
Ата-баба әруағына сиыну халыққа бақыт, береке 
молшылық әкеледi деп сыйынды. Халық арасында ,,Өлi разы 
болмай, тiрi байымайды,, деген аталы сөз осыны дәлелдей. 
Ата-баба аруақтарына құран бағыштап ас берiп, арнайы 
рулық қорымдарда жерленген. 
Көптеген әулиелер атымен, қоғамның әлеуметтiк 
топтарын байланыстырады: 
1.
Мұхаммед пайғамбар қызы Фатима - әйелдер мен 
балалар қамқоршысы; 
2.
Қорқыт – Ата - қазақ бақсылары, әншi – күйшiлерiнiң 
қамқоршысы; 
3.
Баба Түктi шашты Әзiз - қазақ батырларының 
қамқоршысы; 
4.
Диқан баба – егiншiлер қамқоршысы. 
Әр мал түлiктерiнiң де өз пiкiрлерi болған: 
1.
қой – Шопан ата; 
2.
Сиыр – Зеңгi баба; 
3.
Жылқы - қамбар ата; 
4.
Түйе – ойсыл қара. 
Қазақтар жер (Жер –Ана) мен судың (Су – ана) рухын 
құрметтедi. Дүниеде барлық заттың жаны бар деп есептедi. 
Отқа табынуда үлкен рөл атқарды. қасиеттi оттың «алас» 
деген ежелгi аты қазiр сақталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет