2. Мәдениет ұғымы және оның мәні



Pdf көрінісі
бет59/82
Дата15.12.2023
өлшемі2,11 Mb.
#138005
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82
ерекшеліктерін 
салыстыра 
отырып, талдаңыз. 
Роман стилі _______________________готика стилі 
1________________
2_____________ 
3______________ 
 
 
Тапсырма 
№ 
2. 
«университет», 
«символизм», 
«куртуаздық», «элитарлық», «рыцарлық», «вагант», 
«трубадур» поэззиясы терминдеріне түсінік беріңіз. 
 
 
Әдебиеттер: 
1.
Ғабитов Т.Х.,... Мәдениеттану Алматы, 2005ж. 


131 
2.
Төкенов Ө. Мәдениеттану негiздерi. Алматы, 2001ж. 
3.
Гуревич 
А.Я. 
Средневековый 
мир: 
культура 
безмолвствующего большинства. М., 1990 
4.
Добиаш-Рождественская 
А.О. 
Культура 
западноевропейского средневековья. М., 1987 
Тақырып 11.
 Қайта жаңғыру және жаңа заман 
мәдениеттері 
 
Дәріс 11.
 
1.Қайта жаңғыру мәдениетінің гуманизмі. Ренессанс 
мәдениетінің дамуы мен рөлі жайындағы түрлі 
көзқарастардың туындауы.
2. Реформацияның мәдени парадигмаларда өзгерістерге 
ұшыраудағы рөлі.
3. Жаңа замандағы мәдени өзгерістер 
 
Дәрістің мақсаты:
 Студенттерге қайта жаңғыру және 
жаңа заман мәдениетінің қалыптасу ерекшелігі мен оның 
әлемдік мәдениеттегі орны мен ролін анықтау, 
ренессанстық идеаларды талдау дағдысын қалыптастыру. 
Дәрісті өткізу формасы
: ақпараттық 
Терминдер:
гуманизм, ренессанс, реформация, классицизм, 
барокко, рококо, декаданс, сентиментализм, экспрессионизм, 
реализм, романтизм, модернизм, еуропоцентризм.. 
 
1. «Ренессанс» ұғымы ХVІ ғасырдағы итальян суретшісі әрі 
өнер тарихын зерттеуші Дж.Вазари еңбегінде қолданылған. 
Ренессанс – антикалық мұраттар мен құндылықтарға қайта 
оралу және Пасха - Христостың қайта тірілу идеясымен
байланысты.
Ренессанс Италияның Флоренция қаласынан бастау алады. 
«Қайта жаңғыру» және «Реформация» терминдерiн орта 


132 
ғасыр кезеңі және жаңа заман дәуiрiне дейiнгi аралықты 
атайды. 
Қайта өрлеу ұғымының мағынасы өте кең, Реформация – 
бұл Солтүстiк Батыстың қайта өрлеуiнiң екiншi кезеңi ретiнде 
қарастырады және ол орталық және Солтүстiк Европа 
елдерiне қатысы болып келедi. 
Қайта өрлеудiң хронологиялық шегi: 
1.
ХII - ХIV ғ.ғ. – проторенессанс немесе Италиядағы
қайта өрлеу (Джотто, Данте. Бұл дәуiрді Н.Бердияов: 
«ренессанстың ең озық үлгiсi қалыптасты, өйткені адам 
құдайдан да, руханилықтан да қол үзген жоқ»,- дейдi.)
2.
ХIV - ХV ғ.ғ. – ерте қайта өрлеу, әдебиет, бейнелеу 
өнерi (Петрарка, Бокаччо, Донотелло, Вероккью т.б.).
3.
ХV ғ. (соңы) - ХVI ғ. (20-40ж.ж.) – жоғары қайта 
өрлеу – философия, ғылым, көркем шығамашылықта орын 
алды. (Л. да Винчи. Д. Бруно. Рафаэль, Микеланджело. Н. 
Макиавелии. П. Мирандола).


133 
4.
ХVI ғ. (1520 -1540 және 1570-1590ж.ж.) – кейiнгi қайта 
өрлеу. Италиядағы қайта өрлеудің соңы, экономикалық 
дағдарыстар, шiркеулiк реакцияның басталуы. Идеалдардың 
дағдарысқа 
үшырауы. 
(Маньеризм, Корреджо). Қайта жаңғыру мәдениетіндегі 
әлем жаратылысындағы орталық – Адам – табиғаттың 
бөлшегі ретінде ең жетілген
Сурет 1 
жаратылыс иесі деп танылды. Адам – барлық заттардың 
өлшемі, тәуелсіз және шығармашыл тұлға (сурет 1).
Италияның қолайлы географиялық жағдайы мен Шығыс 
пен Батысты жалғастырушы ретінде Европадағы қайта 
өрлеуiнiң алғашқысы болуына септiгiн тигiздi. Италиядағы 
қалалық мәдениет антикалық дәстүрдi қатты ұстануы әсер 
етті.
Қолөнер мен сауданың дамуы, манфактураның пайда 
болуы тағы басқа экономикалық себептер феодалдық қарым-
Қайта жаңғыру мәдениетіндегі әлеуметтік – мәдени
құндылықтардың өзгеріске ұшырауы
7. Дін
6. Құқық
5. Саясат
4. Мораль
3. Өнер
2. Ғылым
1.Адам - әлем кіндігі


134 
қатынасты ыдыратты: мамандалған өндiрiстiң көптiгi, ақша 
қарым-қатынас пайда болуы, жалдамалы еңбек және жаңа 
әлеуметтiк тап (жұмысшы) интеллигенцияның (патрициат) 
пайда болуы.
Гуманизм
– грек сөзiнде адамсүйгiштiк деген мағынаны 
бiлдiредi. Ренессанс үшiн гуманизм еркiн сана - 
индивидуализмдi бiлдiредi, қайта өрлеу дәуiрi гуманистерiнде 
басты назарында – 
адам тұлғасы
болды.
Гуманизм Италияда ХIV ғ., Солт. Европада ХV ғ. пайда 
болған. Петрарка, Саллютати, Мирандола алғашқы негiзiн 
қалады. Гуманизмнiң орталығы – Флоренция қаласы болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет