2 Негізгі бөлім Мектепте шет тілінің фонетикасын үйрету әдісі



бет3/12
Дата13.04.2023
өлшемі80,1 Kb.
#82216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
шет тілін оқыту құралдары (2)

3. Оқулық – ағылшын тілін оқытудың негізгі құралы. Ол белгілі бір сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінің жүйесін қалыптастырады.
Мысалы, 4 немесе 2 –сыныпқа арналған оқулықта оның ауызша оқуға негізделгені көрсетілген. 4-сынып оқулығының бірінші бөлімі ауызша кіріспе бөлім суреттерімен берілген. Ал 2- сыныпта тапсырмалары бар суреттермен берілген және қосымша дыбыстық жазбалары бар.
Оқулықтың негізгі бөлігі бөлімдерден (Units) тұрады. әр сабақтың құрылымы сөйлеуге үйретуді қалыптастыру жолдарын көрсетеді. Мысалы, 2-сынып оқулығындағы әр Units-тің бірінші бөлігі ауызша сөйлеуге арналған (Look and say), екінші бөлігі оқуғ (Read), үшінші бөлігі жазуғ (Write), ал төртінші бөлігі үй тапсырмасына (Home work) арналған.
Мұғалім оқушыны кітаппен таныстыруы керек: белгілерді түсіндіріп, сөздікпен жұмыс істеуді үйрету. Оқушы кітабын жақсы пайдалана білсе, ағылшын тілін өзіндік оқуға мүмкіндік болады.
4.Оқуға арналған кітап ағылшын тілін оқуға үйренуге арналған құрал. Үйге тапсырмалар беру өте қажет. Қосымша мәтіндерді оқу тәжірибелік, тәрбиелік, ағартушылық, дамытушылық бағыттарымен берілген. Оқу мәтіндерінің ерекшеліктері оқуға қызықтырады, сол үшін оқудың тұрақтылығын және оны бақылауды сақтау керек. Мәтіндердің әдістемелік ерекшеліктері бар., олардың соңында тапсырмалар мен сұрақтар беріледі.
5. Дыбыстық жазба (таспа). Шет тілін оқытуда дыбыстық жазбаның орны ерекше. Ол оқу құрамына кіреді және елтанушылық, лексикалық мәтіндер арқылы немесе әртүрлі диалогтар түрінде беріледі.

Ағылшын тілінде оқыту құралдары

Оқыту құралдары

Оқушыларға арналған

Мұғалімге арналған

1.Оқытудың негізгі құралдары

1. Оқулық
2.Оқуға арналған кітап
3.Оқытуды тыңдау-көру құралдары – сурет жинағы,диафильм,аппликация,диапозитив,кинофрагмент,
үн таспа,лингофондық практикум,дыбысты үй тапсырмасы
(2-3сыныптар),үлестірмелі материал(2,3-сыныптар)

1.Бағдарлама
2.Оқулық

2. Оқытудың көмекші құралдары

Кодоскоп. Ойыншықтар,суреттер, карточкалар,сөздіктер, оқушыға арналған көмекші кітаптар



Әдістемелік әдебиеті: «Шет тілі орта мектеп»
журналы

Латын әліпбиінде орыс әліпбиімен бірдей ортақ әріптер көп, мысалы, А, С с, Е е, В, К, М, Р р, О о, Х х, ағылшын тілін енді үйрене бастағандар үшін тіптен жаңа әріптер: F f , h, L l, G, S, W, V, Z, J. Оқушыларға олар көп әріптерді жаза алатынын көрсету қажет. Өкінішке орай, графикаға үйрену тәжірибесінде, ережеге сәйкес, ыңғайластырылған әдістеме жоқ. Оқушыны әрбір әріпті жазуға үйретеді және графикалық тұрғыдан қарағанда ол әріп жаңа ма жоқ па оған қарамастан, одан жаңа әріптің бір-екі жолын үйде жазып келуді талап етеді. Осының нәтижесінде, оқушыда ағылшын әліпбиіндегі әріптерді жазуға ыңғайластырылған әдістеме дағдыланбайды. Ал осындай әдістеме қажет болып табылады.


Графиканы меңгерудегі ыңғайластырылған әдістеме пәнаралық байланыстарды (орыс тілі- ағылшын) қалыптастыруға мүмкіндік береді және оқушыға ең аз дегенде, оның әріптерді біліп жаза алатынын айтып, ағылшын тілін үйренуге деген оң икемін жасау керек.Бұл кезде балалар әріпті айтпай, тек оның нөмірін атау керек. Балаларға осындай тапсырма ұнайды, олардың қолдарынан келеді, оны орындау алдыңғы тәжірибемен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар ол балаларды проблемалы жағдайда қалдырады: оны шешімін табу үшін ағылшын тілі білімін қолдану.
Ыңғайластырылған әдістеме шынында да жаңа әріптерді, мысалы: J, R, G, L, N, S, W, V жазуды меңгеру үшін оқушылардың жігерін жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Орфографияны меңгеру кезінде оқушылар егер сөздер ереже бойынша жазылса, ережеге сүйене білуі тиіс. Бұл ережелер оқу кезінде оқушыларға түйіндік сөздер ретінде беріледі.
Балалар меңгеруге тиіс басқа тәсіл, бұл жазылуы бойынша ортақ ағылшын сөздерінің бірігуі, мысалы: lightright сияқты, brightright сияқтынемесеbrought, thought,bought және тағы сол сияқты, дыбысталуы бірдей, бірақ мағынасына байланысты ажыратылатын, яғни жазылған сөздің мағынасымен анықталатын сөздерді «көбейту». Бастапқы кезеңде бұндай сөздерге: two – too, write – right, I – eye, see – sea жатқызылады.
Ана тілде тұрмыста қолданылатын, ағылшын тіліндегі сөздерді жазу кезінде оқушыларды орыс тіліндегі алынған дағдыларды пайдалануды үйретуқажет.
Мысалы, sport, port, doctor, farmer, student, radio, lamp, hospital және басқалары; графикалық белгілерге, сөздерге деген олардың жітілігін жетілдіру, алған білімдерінің орыс тілінен ағылшын тіліне тасымал қабілеттілігін дамыту, осының арқасында ағылшын тілін меңгеруді жеңілдету. Орфографикалық қиын сөздерді кездестіргенде, ал олар көрсетілген бойынша көп, есте сақтауды жеңілдететін арнайы тәсілдер бірталай пайдаланылуы тиіс. Сондай тәсілдердің бірі – сөздерді әріп бойынша оқу. Дыбыстық нұсқада білім жақсы болса да, графикалық нұсқаны есте сақтауда көмегі тимейтіндігі белгілі, керісінше болуы мүмкін, ол екеуінің арасында қарама-қайшылық болуы ықтимал (know – no). Сөзді әріп бойынша оқуәрбір әріп оқылып және буынға біріккенде, есте сақтауға көмектеседі, мысалы, language lan-gu-age сияқты, beautiful beau-ti-ful сияқты, daughter dau-ghter сияқты.Сөзді осы тәрізді есте сақтау орфографияны игеруге де, сонымен қатар оны оқыған кезде тануға көмектеседі. Оқу үшін сөздің графикалық нұсқасын ойында сақтау талап етіледі, ал бұл нұсқа өзге емес, сөздің әріптік құрамы: сөздің ұзындығын анықтайтын әріптер саны және олардың орналасу жүйелігі болып табылады. Мысалы: Wednesday деген ағылшын тіліндегі сөзде үш буын (Wed-nes-day) , ал айтылуында [`wenzdı] – екі буын болады. Айтқандай, балалар орыс тіліндегі орфографияны (лестница, солнце, синего, смеяться – хотя так не произносят бірақ айтылуы басқа болады) меңгеру кезінде де пайдаланады. [1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет