2 Негізгі бөлім Мектепте шет тілінің фонетикасын үйрету әдісі


Тыңдап үйренудің қысқаша психологиялық сипаты –



бет5/12
Дата13.04.2023
өлшемі80,1 Kb.
#82216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
шет тілін оқыту құралдары (2)

Тыңдап үйренудің қысқаша психологиялық сипаты –ойлық-мимикалық қиын рецептивті қызметі болып табылады, ол қабылдауға, түсінуге және ауызша жеткізетін ақпаратты белсенді жазуға байланысты болады. Аудирование яғни тыңдау үйретуге арнап жүргізілген біршама зерртеулерге және құрамына фоножазбалар, диа- және кинофильмдер, сондай-ақ басқа техникалық құралдар кіретін орта мектептердегі оқыту комплекстеріне қарамастан, ауызша қарым-қатынастың аталған формасы әзірге әлі де жеткілікті дамымаған болып есептеледі, бұл екі себепке байланысты: бірінші себеп тыңдау осы күнге дейін сөйлеудің жанама азығы деп қарастырылады, осыған сәйкес сабақтарда дәлме-дәлдіктен тым алшақ эпизодтар мен жағдайларда қолданылады. Екінші себеп – мұғалімдердің психологиялық және лингвистикалық қиын тыңдауға қарағанда, қабылдау деңгейі мен оларды анықтау тәсілдерінен нашар хабардар болуы. Байланыс (контактық) және қашықтық (дистанттық) тыңдау болып бөлінеді. Контактық тыңдаған кезде ол шын мәнісінде ауызша интерактивтік қатынастың құрамдас бөлігі болып табылады, қашықтан, тікелей емес тыңдау (мысалы, радио, теледидар, фоножазбалар және басқалары) бұл ауызша қарым-қатынастың өз ерекшеліктері бар дербескоммуникацияның формасы болып табылады.
Тілдік қабілет деп аталатын бірқатар шетелдік жұмыстардыңарнаулы зеррттеулерінде шет тілін табысты оқудыңнегізгі бір шартына сөзді есту жатады [4] . Ауызша хабарламаларды қабылдау кезінде, ең алдымен, пікір айтудың коммуникативтік жоспары танылады, дауыс ырғағы негізгі бір құрылым белгісі болып табылады, осы арқылы сөйлемнің коммуникативтік типтері: хабарлы, сұрақ, лепті, бұйрықажыратылады [5] Шетелдік тілдерге үйрену кезінде сөз бен музыкалық бейімнің арасындағы корелляциялық байланысы анықталған зерттеулердің маңызы зор. Атап айтқанда, музыкалық бейім (сөздік бейім тәрізді) 9 жасқа дейін біршама қарқынды дамитыны анықталды. Қыздар балаларға қарағанда бір-бір жарым жасқа озады, дегенмен әрі қарай 11-12 жаста бұл айырмашылық теңеледі. Осы зерттеулердің қорытындасына қарап, шет тілдік мұғалімдер мен ән-күй мүғалімдері, әсіресе бастауыш сыныптарда оқудың орта кезеңінде тығыз өзара әрекет етулері тиіс.
Тыңдап оқуға сөздің паралингвистикалық элементтерін жатқызуға болады, олардың көмегімен шамамен ақпараттың 60 % беріледі. Әдетте бұл құралдарды үш топқа классификациялайды: а) акустикалық элементтер (одағай, ритм, дауыстың төмендеуі, жоғарылауы, үзілістер және т.б.) б) көзбен шолу (ым, ишара, сөйлеушілердің тұрысы және т.б.) в) тактильдік (қол алысу, иығын көтеру, итеру, ұстап қалу және т.б.). Соңғы екі топты Дж.Фаст көрнекті түрде «body language» деп атады.
Табысты болжауға риторикалық стратегияның кідіріс тәрізді элементі септігін тигізуі қажет. Оларды қайталау, кейбір фразаларды қайта құрастыру, үнсіздікті толтыру арқылы басқа ұстанымда жеке жағдайларды сипаттау есебінен жасауға болады. Мысалы: -Well, let me see…; Well now…; Right; Indeed? What next?
Болжауды дамыту тек қана оқушылардың тілдік дайындығына ғана емес, өмірлік тәжірибесіне, ана тілінде қалыптасқан ебі мен дағдысын шет тіліне көшіру икеміне байланысты болады. Осындай қасиеттерге ең алдымен зеректік және ұғымталдық, тыңдай білу және ауызша коммуникацияның (логикалық екпін, риторикалық сұрақтар, байланыстыратын сипаттағы фразалар және басқалары) алуан белгілеріне тез жауап беру, бір ой операциясынан келесіне ауыса білу, қарым-қатынас тақырыбына бірден қатысып кету және т.б. Оқушылар аудированиесінің табыстылығы, ең алдымен, қандайда-бір жаңа нәрсені білу қажеттігіне байланысты, болашақ мамандығын таңдаумен байланыстыруға, хабарлама тақырыбына қызығушылығының болуына, оқуға деген сананың объективті қажеттілігіне, сыныпта айқын ұстанымын (екпінді немесе озат оқушы) сақтау және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет