2. Ағылшын тілінде дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру да оқыту құралдарын пайдаланудың әдістемесі 2.1 Шетел тілінде дұрыс дыбыстау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Тіл – қарым-қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Сөйлеудің негізгі мағынасы адамның әлеммен қарым-қатынасы адам санасында көрініс табатын ой. Сөйлеудің мазмұны ойды ауызша түрде жеткізу. Сөйлеудің негізгі объектісі адамның шыншыл өмірмен байланысы. Сөйлеуді адамдар бірдеңені айту қажеттілігі туған кезде қолданады. Сөйлеу – көп аспектті әрі қиын құбылыс. Біріншіден, ол адам өмірінде қарым–қатынас құралы функциясын атқарады. Екіншіден, сөйлеу қызметінің арқасында пікір айту қалыптасады. Үшіншіден, сөйлеу қарым–қатынас тапсырмаларын шешу мақсатындағы өз ойыңды жеткізу. Сөйлеу әрқашан белгілі бір мақсатқа көзделген. Сөйлеуге үйрету оқушының «сөйлегісі келу» арманына қатысты болу керек, ол мұғалімге тікелей қатысты. Бұл құбылысты жүзеге асыру үшін оқытушы мен оқушының қайырымды қарым-қатынасы болу керек, мысалы оқушы «my pet» деген тақырыпқа қызыға талқылама жасайды. Олар өздерінің сүйікті үй жануарының суретін, ойыншығын алып келіп сыныпта әңгіме жүргізе алады.
Сөйлеу аудитория үшін арналған және тыңдаушыға бағытталған түрде бола алады. Яғни біз сөйлеу кезінде сөзімізді белгілі бір адамға бағыттап ойды бөлісіп, дәлелдеп сұрай аламыз. Мысалы оқушы белгілі бір нәрсені айту кезінде оны сыныпқа немесе өзі қарым-қатынас жасап отырған адамға қатыстыруы қажет. Сөйлеу әрқашан эмоционалды боялған түрде бола алады. Яғни сөйлеуші айтып тұрған объектіге өзінің сезімін, қатысын білдіре алады. Сөйлеудің бұл мінездемелері алғашқылармен де тікелей қатысты. Мыс: «my pet» деген тақырыпта I like my dog very much деген сөйлемде «like» деген сөзді белгілі бір екпінмен айта алады. Сөйлеу арқашан алдын ала келісу негізінде жүзеге асады. Мысалы, оқытушы оқушылардын белгілі бір нәрсені сұрау алдында оқушылардың бұл тақырыпқа қатысы бар ма, лексикалық қорлары жете ме, оқушы санасына сай ма деген сұрақтарға жауап бере алуы қажет.[3.79]
Сөйлеудің қалыптасуы жаттығулар жасау негізінде жүзеге асады. Сөйлеуді үйретудің бір тәсілі ретінде қарап көрейік. 2-3 сыныптарда ағылшын тілін үйрету тілдік бірліктер, тілдік үлгілер және құрылымдарда жүргізілгенде, айтылу дағдылары көрсетілген бірліктерде жүргізіледі. Мысалы, My name is ... деген сөйлеу үлгісін оқушылар түсінікті болатындай етіп айту керек. Бұл фраза [m, n, z, аі, еі, i] ағылшын дыбыстарынан, екпінді және екпінсіз элементтер мен интонациялық суреттен құралады. Дыбыстардың молшылығына қарамастан, бұл фраза оқушылар үшін айтуға оңай. Интонацияны балалар мұғалімге еліктеу арқылы игереді. Оқушыларды ағылшын тілінде сөздерді дұрыс айтуға үйрету үшін, олардың әрқайсысына 1-ші сабақтан бастап көңіл бөліп, игерілетін материалдың айтылуында хор немесе жеке формада жаттықтыруға болады. Хор бойынша айтқан кезде мұғалімнің оқушыларды ести алатындай қабілеті болу керек. Хор бойынша жаттықтырғанда әр оқушының белсене қатысқаны дұрыс. Алайда жеке формада жаттықтыруды да ұмытпау керек. Сабақта алдымен жақсы білетіндерді шақырып алып, олардың айтуы арқылы әлсіз оқушыларға үлгіні тағы бір естуге мүмкіндік беру қажет. Жаңа материалдарды арнайы фонетикалық жаттығулар арқылы игерген дұрыс. Бұл жаттығудың материалы дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем және тұтас ұйқастар бола алады. Фонетикалық жаттығуды мұғалімнің өз дауысы арқылы да, дыбыстық жазулар арқылыда жүргізуге болады. Дыбыстық жазулар арқылы оқушыларды материалды тыңдауға, естуге және оны дұрыс жеткізуге дағдыландырған жөн. Бұл жағдайда оқушылардың дыбыстық жазумен деген дағдылары көбейеді. Ал үлгерімі төмен оқушылар дыбыстық жазумен мұғалімнің көмегі арқылы жеке тапсырмалар орындауларына болады. Мұғалім оқушылардың сөзді айтқанда неден қате жіберетінін байқап, оларды дұрыс жөндеу қажет. Мысалы, оқушы The tiger eats meat сөйлемінде eats сөзіндегі ұзақ [і:] деп айтудың орнына қысқа [i] деп жауап берсе, сөйлем мәнсіз болып қалады. Бұл жағдайда дауыстылардың ұзақтылығына мән берген жөн. Егер де мұғалім ағылшын тілінде жақсы сөйлеп, соның арқасында оқушылардың фонетикалық есту, өз-өзін бақылау, өз-өзін дұрыстау қабілеттерін қалыптастырып, сабақ кезінде дыбыстық жазулар қолданып және оқушылардың онымен сабақ кезінде, сабақтан соң немесе үйде жұмыс істеуге үйретсе, онда бұл оқушыларға әжептәуір жуықталған дұрыс сөйлеумен қамтамасыз етеді.[7.177]
Сөйлеушілер арасындағы қарым- қатынас кезінде лексикалық сөздік қорларына қатысты құралдарды таңдап алу мына жағдайларды іске асырады:
күнделікті қолданылатын ағылшын тіліндегі бірліктер, мысалы good afternoon, thank you, my name is, I am on duty, may I come in.
сөздердің орнын ауыстыру және құрылымын өзгерту, мысалы my name is деген дайын тіркестен name is бірлігі өзгеріссіз қалып, my түрін his, her немесе my sister’s деп ауыстыруға болады. Осы құрылымды өзгерту кезінде біріншіден ойлау тікелей мен арқылы жүзеге асып, 2-ші жағдайда грамматикалық құрылымы іске асады. [4.91]
Шет тілін оқытудың қиындығы осында. Адам ойын жеткізер кезінде оны бірінші ойлап алады, ал ол ана тілінде іске асады. Сөйлеу тыңдау, оқу және жазумен тығыз байланысты. Тыңдау мен сөйлеу ойды ауызша жеткізу ретінде бір-бірімен тығыз байланысты. Сөйлеу тікелей оқумен байланысты, яғни сөйлеу мен дауыстап оқудың қарым қатынасын дәлелдеп жату артық. Сөйлеу жазумен де байланысты, мысалы оқушы жазу үстінде өз ойынан сыбырлап айтып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |