2 Негізгі бөлім Мектепте шет тілінің фонетикасын үйрету әдісі


Сөйлеуге оқытудың табыстылығын анықтайтын факторлар



бет4/12
Дата13.04.2023
өлшемі80,1 Kb.
#82216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Сөйлеуге оқытудың табыстылығын анықтайтын факторлар
Сөйлеуге оқытудың тасбыстылығы оқушылардың жеке жас ерекшеліктеріне (оларда оқу себептерінің, назары мен қызығушылығының, ауызша қарым-қатыныстың стратегиясын пайдалану икемінің болуы, бастапқы сөз тәжірибесіне сүйену және т.б.), мәтіннің лингвистикалық және дискурсивтік сипатына, соңында оқу жағдайына (оқудың техникалық құралдарыныңболуы,жағдай мен проблемалы жаттығулармен қамтамасыз ету, сабақты жұптық-топтық ұйымдастыруға және басқалары) байланысты.
Оқудың орта кезеңіндегі оқушылардың жеке-жас ерекшеліктеріорта жас үшін (5-7 сыныптар)әртүрлі формадағы көрінетін «есею» элементтері тән, дербестікке ұмтылып, көмектен бас тарту, жұмыстың орындалуын бақылауда қанағаттанбауы байқалады. Ересектерде ақылдың даму өзгерістері болады. Ол логикалық сипатқа ие болады. Материалды меңгеру мен сөз икемін дамытуда мақсаттық бақылауға зор мән беріледі, ең бастысын табуға талпыну, еске сақтау мен еске түсіруді жеңілдететін демеу пунктерін айқындау.[2]
Бұл жастағы оқушылар жоғары қарым-қатынаспен ерекшеленеді, осы арқылы топтық және коммуникативтік ойындар өткізу кезінде жұптық қарым-қатынасты ұйымдастыру кезінде оң әсерін береді.
Бұл жастағы топ әлемнің бейнесін ғана салып қоймайды, білгені мен көргенінің барлығына жеке қатынас тудырады. Оның ақыл-ой қызметінде ойды, пайымдауға бейімділікті, сезімді, әсерді, белгілі бір тілдік және мәдени қауымдастыққа жататын өзін тұлға ретінде сезінетін сезімді, талдайтын селективтлік (таңдау, іріктеу) үйлеседі. Аталған топтағы оқушылардың қызығушылықтары ең тұрақты сипатқа ие болады. Дәл осы жастан бастап профессионалдық бағыт пайда болады, ол жоғары сыныптарда біржолата анықталады.
Сөйлеуге оқытудың мақсаттары: сөйлеуге оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың әртүрлі әлеуметтік детермирленген (анықталған)жағдайларда ауызша сөз қарым-қатынасын жасау қабілетін жүзеге асыру болып табылады.
Кез келген типтегі мектепті бітірген оқушылардың міндеті:
а) тікелей байланыс жағдайында қарым-қатынас жасау, яғни сала аясында, тақырыбы мен ахуалы, белгілі бір типтегі мектептерге қарастырылған бағдарлама бойынша өз серігінің (партнер) (соның ішінде зерттейтін тілдің тасымалдаушысының) айтылған пікірін түсіну және жауап беру
б) өзі туралы, қоршаған орта туралы айту, естігені мен оқығаны жайында немесе алынған ақпаратқа деген қатынасын білдіріп пікір айту
Тілді меңгеруге деңгейлік сипат тән, сондықтан әртүрлі мектеп оқушыларында сөйлеу шеберліктері мүлтіксіздік дәрежесі, бекемдік қалыптасуы, салаларды, тақырыптар мен қарым-қатынас жағдайларын қамтуға байланымты ерекшеленеді. Мысалы, базалық курсты бітірген шәкірттер күндегі болып тұратын жағдайларда қарым-қатынас жасау керек. Шәкірттер өз сөздерінде коммуникацияны бұзбайтын қателіктер жіберіледі [3]
Оқудың орта кезеңі (5-7 сыныптар)
Тақырып сипаты: диалог-сұрау, диалог – бұйрық, диалог – ақпаратпен алмасу. Монолог – сипаттама, мәлімдеме, баяндама, мінездеме
Сөз шеберлігі:

  • Коммуникативтік мүддеге сәйкес ақпарат сұрау немесе хабарлау

  • Логикалық және дәйекті түрде пікір айту

  • Көзқарасын/ жеке ойын дәлелдеу

  • Айтылғанды нақтылау / толықтыру

  • Әртүрлі коммуникативтік мүддені білдіру

  • Кең түрде мәлімдеме құру

  • Әңгімені басқа тақырыпқа ауыстыру

  • Эмоциялық- экспрессивтік құралдарды және басқаларын қолдану

  • Стратегиялық (құзыретті) шеберлік

  • Ым мен ишараны қолдану

  • Әңгімелесуші адамнан көмек сұрау

  • Көрінетін көрнекілік құралдарына сүйену



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет