Ағылшын тілін оқытуда ауызекі сөйлеудің рөлі өте зор. Себебі ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңілкүй қатынасын білдіреді. Сөйлеудің екі түрі бар. Олар: монологтық, диалогтық. Диалог - екі немесе бірнеше адамның сұрақ-жауап ретінде сөйлесіп, тіл қатысуы. Диалогтық сөйлеу алдын ала жоспарланбайды, сөйлесу кезінде пайда болады. Оқушылар жалпы, арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтінін білдіре алуы керек.
Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру барысында және әр оқушы сөйлегенде кемдегенде екі реплика айтуы қажет. Диалогтық сөйлеуді дамытуда дискуссия-сабақ, экскурсия-сабақ, ойын-сабақ, талқылау сабақтарының рөлі зор. Монологты сөйлеуді дамыту сабақтары-шет тіліне оқытудағы негізгі сабақтардың бірі. Монологтық сөйлеу алдынала әзірленуді талап етеді.
Ауызша сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауыз екі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн:
1) Ауызша сөйлеудің монологты және диологты формалары оқытудың барлық кезеңдеріндеқатар жүреді;
2) Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады; яғни бұл ауызша сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы;
3) қосымша оқыту құралдарының жиі жиі қолданылуы;
4) лингафонда, компьютерлі кабинеттерде ауызша сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану. Ауызша сөйле ептілігін дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе диалогты құрастыра білуге үйрету, түсіне отырып тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз байланысты.
Ағылшын тілін оқытуда тілдік тіректер арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту басты мақсат болып табылады. Егер оқушыларды ағылшын тілінде тілдік тіректер арқылы монолог түрінде сөйлеуге үйретсе, онда олардың сөйлеу қабілеттері, танымдық қызығушылықтары, мәтін мен жұмыс жасау кезінде шығармашылық дағдылары қалыптасып қана қоймай, олар ағылшын тілінде еркін сөйлеуге машықтанады. Оқушыларды монолог түрінде сөйлеуге үйретуде тілдік тіректердің маңызы зор. Шетел тілдерін оқыту әдістемелерінде «тірек» ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көптеген ғылыми жұмыстарда ол, стимул, әрекет жасауға түрткі ретінде қарастырылады. Мағлұмат түрткі бола алады, ал мұғалімнің міндеті оқушылардың тыңдаған,оқыған, көрген мәліметтерін дұрыс басқара отырып, оларды монолог түрінде сөйлету.
Көп жағдайда тілдік тіректер сөз әрекетін ұйымдастырушы болып, олардың белгілі бір бағытта дамуына, оқушылардың сөйлегенде қате жасамауына дәнекер бола алады. Сөйлеудің монолог түрін қолдану үшін,сөйлеушіге белгілі бір мазмұн керек, ол сол мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білуі тиіс, монолог сөздің ұйымдасқан түрі, сондықтан мұнда жекелеген сөйлемдер мен айтылымдар ғана емес, бүкіл хабар жоспарланып, бағдарлануы керек. Тілдік тіректер оқушылардың монолог түрінде сөйлеуіне көмегі зор. Көптеген әдіскерлер тілдік тіректердің cөзден мәтінге дейін, мынадай классификациясын ұсынады:
1. материалды көрсету негізінде;-тілдік-кіші көлемдегі көруге болатын мәтін, жоспар, сызба, мақал-мәтелдер;-бейнелеуші-кинофильм, диафильм, суреттер, кесте, түрлі бейнефильмдер;
2. cөз әрекетін басқару негізінде;-мазмұндық тіректер (кім, не, қайда, қашан, қалай т.б. сұрақтар);-мағыналық тіректер (неге, не мақсатпен, не үшін т.б. сұрақтар).
Тілдік тіректер жалпы дидактикалық және методикалық принциптерді ескеріп төмендегі талаптарға сай құрылуы тиіс:-өтіліп жатқан материалды ескеру қажет;-тіректер түсінікті және көрнекі болуы тиіс; Тілдік тіректер оқу процесін дамытып,оқушылардың монолог түрінде сөйлеу скерліктерін қалыптастырады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үдерісінде қалыптастырудың дидактикалық шарттары: - тілді оқытуда тың ақпараттарды және қазіргі технологияларды қолдану;-тілді оқыту барысында белсенді әдістерді пайдалану;-тілді оқытуда мәтінің мазмұнын жаңа технологияға және әлеуметтік саяси жағдайға сәйкестеп сұрыптау.Кез келген сөйлеу біліктілігін дамыту процесінде екі кезеңді,яғни сөйлеуге дайындық және сөйлеу кезеңін ескеру қажет.
Ауызша сөзді жетілдіру үшін жасалатын жаттығулардың көбі тіл және сөз жаттығулары түрі беріледі және ондай жаттығуларсыз оқушыларды сабақта сөйлету мүмкін емес. Оқушылардың сөйлеген сөзі жатық болу үшін олар тақырыптарға байланысты емес басқа сөздерді де білуі керек. Ондай сөздер қатарына сәлемдесу, әдептілік ишараттарын , өтініш, т.б.( Good day, May I…, Make up…,).
Ауызекі сөйлеу үшін оқушының сөздік қорында зат есімдер мен етістіктердің, есімдіктер мен көмекші сөздердің болуының маңызы зор. Сонымен бірге көмекші сөздердің ішінде жоққа шығаратын сөздер, заттың қайда екенін білдіретін, модальді сөздердің, істің, қимылдың басталуын, аяқталуын, жалғасуын білдіретін сөздердің алатын орны ерекше. Осы сөздерді қамтитын ситуацияларға келсек,олар негізінен мынадай болады: Барлық әңгімелер өз елімізде болады да, ал сөйлесетін әріптестер шет елдіктер болады.
Мұндай ситуациялар заттарға және қарым-қатынастарға байланысты болуы керек. Сонымен қатар суреттеу,пікірталас ситуацияларын да атаған жөн. Мысалы: заттарға байланысты ситуациялар:
а) Лондоннан келген оқушылар біздің оқушылардан қандай кітаптар,пәндер оқитындарын сұрайды. Бұған табиғат т.б, туралы суреттеулер де кіреді.
б) Көшеде: шетелдікпен көшеде, аялдамада кездесу. Шет елдік біздің қалада алғаш рет болғандықтан жол сұрайды. Қарым-қатынас (пікірлесу) ситуациясы.
а) Мектепте: отбасы туралы фильмді талдау.
б) Көшеде: автобуста шет елдікпен әңгіме. Суреттеу ситуациялары.
а) Оқушы шет елдікке көшеде жол сілтеп, қаланы суреттейді. Лондоннан келген мұғалім оқушылардан мектеп туралы сұрайды. Оқытудың бастапқы сатысына арналған ситуациялар арнайы құрылуы тиіс. Лексиканы коммуникативтік мақсатта қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін алдымен оларды қандай әдіс-тәсіл арқылы үйрету керек деген сұрақ туындайды. Е.И.Пассов сөздерді коммуникативтік мақсатта қолдану үшін мынадай жағдайларды ескру керектігін айтады:
а) қажетті сөзді еске түсіру;
ә) сөзді өзіне қажетті ситуацияға сәйкес басқа сөздермен байланыстыра сөйлем құрап, дұрыс қолдана алу.
Ауызша сөйлеуге үйрету барлық сыныпта жүргізіледі. Оның әр сыныптағы мәні өзгеше екендігі анық. Оқушыларға жатық, шебер сөйлеуге баулудың мәні зор екендігі сөзсіз.
Тілді үйретудегі негізгі мақсаты - ағылшын тілінің әлемдік тіл екенін ескере отырып оқушыларды осы тілде еркін ойлап-сөйлеуге үйрету; оқушылардың сөйлеу қабілетін жаңа технологияларды пайдалана отырып дамыту; оқушыларды өзге ұлттың мәдениетімен таныстыра отырып сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Шәкірттердің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау,шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде ойын технологиясын пайдаланудың мәні зор. Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек.Санына емес сапасына назар аударған жөн.
Күнделікті бір сарынды,дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аламыз. Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру үшін ойын технолдогиясын қолдану керек.Ойын ойнау арқылы оқушылар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жете алмайтынымды түсіндім.Сабақта ойын әрекеті болу керек екендігін аңғардым.Бірақ қандай деңгейде?Сабақтың қай кезеңінде?Қай кезде жақсы нәтиже береді?Бұл сұрақтар мені үнемі толғандыратын.Себебі мен бұл сұрақтарға бірден жауап бере алмадым. Әріптестеріммен кеңестім, көптеген әдебиеттерді оқыдым, интернеттен іздедім. Ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болатынын түсіндім.
Ауызша және жазбаша қарым-қатынас сөйлеу ерекшелігінің төрт түрінің-сөйлеу, есту, оқу және жазу- әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, бір-бірімен тығыз байланыста оқытуды қажет етеді. Бұл олардың әрқайсысының қызметінің негізі бірдей психикалық процестер мен психолингвистикальқ заңдылықтарға құрылуына ғана байланысты емес. Қарым-қатынас барысында адамдар оқиды, оқығандарын талқылайды, оны есінде жақсы сақтау үшін қажетті жазулар жазады, сөйтіп керек болған жағдайда қажетті мәліметті қайтадан жаңғыртады. Басқаша айтқанда, нақты сөйлеу қарым-қатынасын жүзеге асырудың бұл әдістері бір-бірімен тығыз араласып жатады және олардың арасына, қандай да болмасын, белгілі 6ip шекара қою қиын. Сондықтан да оқу процесінде сөйлеуге үйрену ауызша мәтінді түсіну қабілетін қалыптастырумен тығыз байланыста жүргізілуі қажет. Екінші жағынан, керісінше, белгілі бір мәтінді оқығаннан не тыңдағаннан кейін, оқушылар оның мазмұны туралы (ауызша не жазбаша) өз пікірлерін білдіре алады, сонымен 6ipгe ауызша әңгімелеу қажетті ақпараттарды жазбаша түрде белгілеумен ұштасып жатуы мүмкін. Сөйлеуге, оқуға, естуге және жазуға үйрету мәселелеріне саналы түрде қарау олардың әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, материалды өнімді түрде меңгеру, сөйлеу әрекетінің оңтайлы және өнімді түрлерінің ерекшеліктерін ескеретін тең мағыналы жаттығуларды пайдалану, қарым-қатынастың ауызша және жазбаша турлерін сараптау кезінде еске алынуы кажет.
Достарыңызбен бөлісу: |