2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Мұрын қуысының қабырғалары



Pdf көрінісі
бет37/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   199
Мұрын қуысының қабырғалары: 
1.Жоғарғы қабырғасы,paries superior.Мұрын қуысының осы жоғарғы қабырғасын-мұрын 
сүйектері ossa nasalia және маңдай сүйектің мұрындық бөлігі pars nasalia ossis 
facialis,торлы сүйектің тесіктелген табақшасы lamina cribrosa ossis ethmoidalis ,сынатәрізді 
сүйектің денесі corpus ossis sphenoidalis құрайды. 


2.Төменгі қабырға-paries inferior.Бұл қабырғаны құрайтын сүйектік құрылымдарға 
жатады:жоғарғы жақсүйектің таңдай өсіндісі processus palatines maxillae және таңдай 
сүйектің горизонталды табақшасы lamina horizontalis ossis palatini. 
3.Латералды қабырғасы,paries lateralis.Бұл қабырға мұрын қуысының ең күрделі 
қабырғасы болып саналады.Себебі мұнда бір-бірінен жоғарғы,ортаңғы және төменгі 
мұрын жолдарымен бөлінген мұрын кеуілжірлері орналасқан.Бұл қабырғаны құрайтын 
сүйектік құрылымдарға мыналар жатады : жоғарғы жақсүйек денесінің мұрындық беті 
мен маңдай өсіндісі facies nasalis et processus frontalis maxillae,көзжасы сүйегі os 
lacrimale,торлы лабиринт labyrinthus ethmoidalis,таңдай сүйектің перпендикулярлы 
табақшасы lamina perpendicularis ossis palatine,сынатәрізді сүйектің қанаттәрізді 
өсіндісінің медиалды табақшасы lamina medialis processus pterygoidei ossis 
sphenoidalis,төменгі мұрын кеуілжірі concha nasalis inferior. 
4.Мұрындық сүйектің қалқасы,septum nasi osseum.Торлы сүйектің перпендикулярлы 
табақшасы lamina perpendicularis ossis ethmoidalis,желбезек vomer және мұрындық қыр 
crista nasalis осы қабырғаны түзуге қатысады. 
Мұрын қуысының тесіктері: 
1.Қанат-таңдайлық тесік - foramen sphenopalatinum. 
2.Иттістік өзегі-canalis incisivus. 
3.Тесіктелген табақша тесіктері-foraminae laminae cribrosae. 
4.Мұрын көз-жас өзегі- canalis nasolacrimalis. 
Бұл мұрын қуысындағы тесіктердің маңызы-олардың мұрын қуысының кейбір 
қатынастарындағы түзілістерімен байланысты.Оларға артериялар,веналар, нервтер 
кіреді.Яғни бұл тесіктер арқылы артериялар,веналар және әртүрлі нервтер өтеді.Мысалға 
қанат-таңдай тесігінде қанаттәрізді веналық өрімнің құйылысы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет