2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі. Үздіксіз сүйек қосылыстары



Pdf көрінісі
бет39/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

33.Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі. Үздіксіз сүйек қосылыстары.
  
Эмбрионалдық дамуына байланысты сүйекаралық байланыстардың 3 түрін бар: 
1. Үздіксіз байланыстар
synartrosis- байланыстың бұл түрінде сүйекаралық қуыс 
болмайды, олар өзара үздіксіз дәнекер тіндер арқылы байланысқан 
2.Үздікті байланыстар
diarthrosis- аралығында сүйекаралық саңылау, ішкі беті 
синовиалды қабатпен көмкерілген, буын қапшығы мен буын беттерінен тұрады. 
3.Жартылай үздікті байланыс
symphysis – бұл байланыста үздіксіз және үздікті
байланыстарға тән қасиеттер де кездеседі. 
Үздіксіз сүйек қосылыстары synartrosis өте берік, қозғалысы жай байланыс. Бұл 
байланыс 3-ке бөлінеді: фиброздық, шеміршектік, сүйектік байланыс. 
1.Фиброздық байланыстар- синдесмоз junctura fibrosa seu syndesmosis сүйектердің 
меншікті дәнекер тіні арқылы байланысы. Синдесмоздарға байламдар, сүйек аралық 
мембраналар, еңбектер, жіктер жатады. Байламдар ligamentum – коллаген немесе 
эластикалы талшықтардан тұратын тығыз дәнекер-тіндерден құралған анатомиялық
құрылым. Атқаратын қызметтері: 
• фиксациялық рөлі (сегізкөз-төмпелік, сегізкөз-қылқандық, қылқан аралық, көлденең 
аралық және т.б.) 
• бұлшықеттердің басталу және беку жерлері түрінде жұмсақ қаңқа рөлі (қол-аяқ, омыртқа 
бағанының жалғамалары т.б.) 


• пішін түзуші рөлі, олар сүйектермен бірігіп, күмбездер мен қан тамырлар мен жүйкелер 
өтетін тесіктер түзеді (жауырынның жоғарғы көлденең жалғамасы, жамбас сүйектері 
жалғамалары және т.б.) 
Мембраналар membrane –сүйек арасындағы ірі кеңістіктерді толтыратын сүйек аралық 
қосылыстар. Олар сүйектерді қалыпты жағдайда ұстауға көмектеседі және 
бұлшықеттердің басталу жерлері, қан тамырлар және жүйкелер өтетін тесіктер түзеді. 
Еңбектер fonticuli – ұрықтың, нәрестенің және 1 жасқа дейінгі баланың бассүйегінің 
сүйектері арасындағы дәнекер тінді құрылымдар. 
Жіктер suturae – бассүйектің сүйектері арасында орналасатын жіңішке дәнекер тіндер. 
Жіктер пішіндеріне қарай: тісті, қабыршақты және жалпақ болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет