2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Самай шұңқыры, самайасты шұңқыры



Pdf көрінісі
бет38/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

31.Самай шұңқыры, самайасты шұңқыры.
  
Самай шұңқыры fossa temporalis, бас сүйектің бүйір жағында орналасқан екі жақтылық 
шұңқырдан тұрады. Самай шұңқыры жоғары бөлігінде самайлық жоғары сызықшамен 
linea temporalis superior, төменгі бөлігінде самай астылық қырқа crista infratemporalis, 
аралығында орналасқан. Самай шұңқырының медиалды, алдыңғы және латеральді жағы 
бар. 
1.Медиалді қабырғасы:
төбе сүйегінің сыртқы бетінің сыналық бұрышының маңындағы 
төменгі бөлігінен, самай сүйектің қабыршақты бөлігінің сыртқы бетінен және сына 
сүйектің үлкен қанатының самай шұңқырына қараған бетінен құралған. 
2. Алдыңғы қабырғасы:
бетсүйек пен маңдай сүйектің бетсүйектік өсіндісінің самай
шұңқырына қараған бетінен тұрады.
3. Латералды қабырғасы:
бетсүйектік доғадан тұрады. 
Самайасты шұңқыр, fossa infratemporalis, бұл самай шұңқырының жалғасы болып 
саналады. Шекарасы самайасты қырқа crista infratemporalis. Самайасты шұңқырдың 
алдыңғы, медиалды, латералды қабырғасы ажыратылады. 


1. Алдыңғы қабырғасы:
жоғарғы жақсүйегінің самайасты шұңқырына қараған
бетіндегі жоғарғы жақсүйектік бұдырдан tuber maxille тұрады. 
2.Медиалды қабырғасы:
сына сүйектің латералды қанат тәрізді өсіндісінен тұрады 
3.Латералды қабырғасы:
төменгі жақсүйектің бұтағы ramus mandibulae самайасты 
шұңқырдың латеарлды бөлігін құрауға қатысады. 
Самайасты шұңқыр одан әрі қанат-таңдай шұңқырына жалғасады. 
32.Бассүйек шұңқырлары. Олардың шекаралары, құрамы
.
1 .Ми сауытының алдыңғы шұңқыры латынша fossa crani anterior деп атаймыз, ол ми 
сауыты ойысында орналасқан ішіндегі таяздау келген ойысты айтамыз .Осы ойыс ми 
сауытының ортаңғы ойысынан бөлінген, сына сүйектің кіші қанатының артқы жағындағы 
жиегі мен түрік ершігінің төмпешік арқылы орналасқан. Қабырғалары жатады олар: 
маңдай сүйектің көзді бөлігінің ми сауытына қараған бетіменен сына сүйектің кіші 
қанатынан және тор сүйектің тесіктелген табақшасын арқылы тұрады. Осы ойыстың 
тереңдеу келген бетінде, тор сүйектің әтеш айдаршығына ұқсаған қырқасы латынша crista 
galli, алдында соқыр тесік латынша foramen сасum , айқын байқай аламыз. 
2. Ми сауытының ортаңғы шұңқыры латынша fossa craniimedia, ми сауытының басқада
ойыстарға қарағанда бүйір қапталы терендеу болып келеді . Осы ойыс ми сауытының 
артқы жағы ойысынан: самай сүйектің тас бөлігінің жоғарғы қырымен түрік ерінің арқасы 
арқылы шектелген.Қабырғасы жағыннан ол : сына сүйектің денесі бөлігі мен үлкен 
қанатының ми сауытына қараған беті жағымен және самай сүйектің тастақ бөлігі мен бұл 
сүйектің қабықшалы бөлігінің ми сауытына қараған бетінен құрайды. Осы ойыстың 
алдында түрік ерінің төмпешігі болады латынша tuberculum sellae; артында түрік ерінің 
арқасы ол латынша dorsum sellae; аралығында гипофиз безінің ойысы орналасады ол 
латынша fossa hypophysialis. Түрік ерінің бүйір қапталында ішкі ұйқы артерияның 
жүлгесі орналасады ол латынша sulcuscaroticus.Осы жүлгеде ішкі ұйқы артерия өзегінің 
тікелей жалғасы болып саналады оны латынша canalis caroticu деп атайды. Ішкі ұйқы 
артериясы жүлгесінің бүйір қапталында: сопақша тесік латынша foramen ovale, артқы 
қапталында қылқанды тесік ол латынша foramen spinosum, және жыртық тесік латынша 
foramen lacerum, айқын байқалады. Самай сүйектің тас бөлігінің алдыңғы бетінде: 
жоғарғы тастық қойнаудың жүлгесі орналасады ол латынша sulcus sinus sagitalis superior 
деп аталады; доға тәрізді көтеріңкі eminentia arcuata; дабыл қуысының қақпағы барол 
латынша tegmen tympani; үлкен және кіші тастақ нервтерінің саңылаулары орналасады ол 
латынша hiatus canalis n.petrosi maioris etminoris, V — жұп үшкіл ми нервтің сезімтал 
түйінінің батыңқысы айқын көрінеді ол латынша impressio trigemini. Ми сауытының 
ортаңғы ойысы мыналар жатады: көз шарасы, сына сүйектің үлкен қанаты мен кіші 
қанатының аралығындағы көз шарасының жоғарғысаңылауы арқылы жалағасады ол 
латынша fissura orbitalis superior. Осы саңылау арқылы: III — жұп көз қимыл ми нерві, 
n.oculomotorius, IV — шығыр ми нерві, n.trochlearis, VI — жұп әкеткіш ми нерві, п. 
abducens, және V — жұп үшкіл нервтің көздік нервісі, n.ophtalmicus, көз шарасына қарай 
бағытталады. 
3. Ми сауытының артқы шұңқырының латынша ол fossa craniipeosterior деп аталады, 
алдыңғы шекарасы - самай сүйектің жоғарғы қырымен және түрік ерінің арқасы мен 
шектелсе, артқы шекарасы: шүйде сүйегінің көлденең қойнауының саласымен, sulcus sinus 


transversus, және шүйде сүйектің ішкі шығыңқысы, protuberantia occipitalis externa, арқылы 
шектеледі. Ми сауытының ортаңғы ойысының қабырғалары: шүйде сүйегінің тас бөлігінің 
артқы бетінен тұрады. Бұл ойыстың орталық бөлігінде: шүйде сүйегінің үлкен тесігі, 
foramen magnum, алдында ылдыйы, clivus, бүйір қапталында ми сауыгынан сыртқа қарай 
бағытталған: 9 жұп тілжұтқыншақ ми нерві латынша оны n.glossopharyngeus, 10 жұп кезбе 
ми нерві ол латынша п. vagus, 11 қосымша нерві латынша n.accesorius, және ішкі 
мойындырық вена қантамыры, v.jugularisinterna, өтетін мойындырықтық тесігі орналасады 
оны латынша foramen jugularis деп атайды. Шүйде сүйегінің латералды бөлігіндегі терең 
қабатында горизонталді бағытта орналасады , 12жұп тіласты ми нервінің тіласты өзекшесі 
айқын байқалады ол латынша canalishypoglossalis. Шүйде сүйегінің үлкен тесігінің артқы 
қапталында бөлігінде шүйде сүйегінің ішкі қырқасы орналасады ол латынша crista 
occipitalis interna,бұл өрлеме бағытта өтіп, осы сүйектің ішкі шығыңқысына латынша 
protuberantia occipitalis interna, одан әрі шүйде сүйегінің крест тәрізді көтеріңкісіне 
ұласады латынша eminentia cruciformis. Шүйде сүйегінің крест гәрізді көтеріңкісінің 
бойында ораласады: жоғарғы сагиталді қойнаудың жүлгесі ол латынша sulcus sinus 
sagitalis superior, мен көлденең қойнаудың жүлгесі орналасады ол латынша sulcus sinus 
transversus. Бұл қойнаулардың жүлгелері бір-біріне ұласа келе алға қарай бағытталынып 
сигма тәрізді қойнаудың жүлгесін құрайды ол латынша атауы sulcus sinus sigmoidei. 
Самай сүйегінің тастақты бөлігінің ми сауыгының артқы ойысына қараған бетінде: сигма 
тәрізді қойнаудың жүлгесі ол латынша sulcus sinus sigmoidei, су құбырының сыртқы 
тесігі, apertura externa aqueductus vestibuli; алдында ұлу өзекшесінің сыртқы тесігі, apertura 
externa canaliculi cochleae, және есту өзекшесінің ішкі тесігі, porus acusticus internus, оның 
өту жолы, meatus acusticus internus, айқын байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет