Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар. • Мифология; • Дін; • Философия.
Мифологияаалғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы. Әдетте, миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады: • Әлем, жер және адамның пайда болуы; • Табиғи құбылыстарды ұғыну; Мифтiң негiзгi қызметi - дүние қайдан пайда болғаның түсiндiру,этикалық және эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль нормалары менқұндылықтар жүйесiн орнықтыру. Мифтердi тек ертегiлер,аңыздар деп түсiнген дұрыс емес, өйткенi миф бұл индивидтiң қоршаған әлемдi игеруi,адамдардың табюиғаттаң және әлеуметтiк ортадан болмыстан тәуелдiлiгi және мифтерде дiннiң, философияның, ғылымның бастамалары бар.Мифтердiң дiннең айырмашылығы сенiмге ғана емес,ақыл –ойғада,парасаттылыққа да сүйену.
Дін- жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы. Дін мына мәселелерді қарастырады: - Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу; - Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну; - Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы. Дiн-рухани мәдениеттiң бөлiгi,ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы,адамның танымнаң тыс күштердi мойындау және соған илану деп анықтауға болады. Дiн құлшылық жолындағылар мен Құдiрет арасындағы бiр байланыстың барлығына деген сенiмге негiзделедi және ол сенiм белгiлi бiр дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар түрiнде көрiнiс тауып, арнаулы дiни институттармен атқарылады.