8-апта тапсырмалары бойынша зейінді диагностикалауға арналған әдістемелеріне басты назар аудардық. Мысалы: іздеп тауып белгіле, дұрыс белгіле, есіңде сақта нүктелерді дұрыс белгіле және т.б. әдістемелермен таныстым. Және де мен зейіннің шоғырлануына арналған әдістемелермен: Шатасқан сызықтар, көзбен сана, Векелер әдістерімен таныстым. Бастауыш мектеп жасындағы балалар ерекше болады. Зейіннің таңдамалығын анықтауға арналған Мюнстерберг әдістемесі арқылы әдістеменің құндылығын толық білуге негіз болды . Апталық жинаған білімім: зейін таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болатындығын ұғындым.
9-апта
20.03. 2023 25.03.2023
Біз бұл аптада әр түрлі тақырыптағы әдістемелермен жұмыс жасадық. Естің әрбір түріне байланысты жеке қарастырулар жасап, әрбіріне әдістемелер қарастырдық. Сол бойынша есті диагностикалауға арналған әдістемелермен, қысқа мерзімді естің көлемін зерттеуге арналған әдістемелермен, жанама есте сақтауды анықтауға арналған әдістемелермен, оперативті есті анықтауға арналған әдістемелермен таныстық. Осы әдістемелерді іс-жүзінде жүргізіп, тиімділігін анықтадық. Болашақта практикада осы әдістемелерді қолданып, баланың ес дамуының деңгейін анықтауда қолдануға тырысамын.
10-апта
27.03. 2023 01.04.2023
Бұл апта ойлауға , шығармашылық ойлауға, вербалды логикалық ойлауға, көрнекі әрекеттік ойлауға байланысты , әрқайсысына жеке әдістемелер қарастыруға бағытталды. Олардың ішінен балалардың интеллектуалдық дамуына әсері өте үлкен, логикалық мағынасы барларын талдауды үйрендік. Түрлі әдістемелерді сынап көрдік. Жүргізілген бағдарламаның нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділігі артып, логикалық ойлау жүйесінің деңгейі жоғарылап,түрлі ситуациялардан шығудың жолын іздестіріп, тиімді шешім қабылдауда өзіндік жаңаша ізденіске қол жеткізгендіктері байқалды.