Бұл аптаны сынып ішілік қарым-қатынасқа арналды деуге келеді. Себебі, аптаны социометрия әдісінен бастадық. Бұл тест арқылы сынып мүшелері арасындағы өзара эмоционалдық қатынасты (симпатия, антипатия) анықтап,сыныптың белгілі-бір мүшесінің топтық жағдайын анықтау арқылы қарым-қатынаста алатын орнын белгілей аламыз. Қарым-қатынастың осы бағытын жақсарту мақсатында апталық барысында танымдық іс-әрекетінде түйсіктің рөліне байланысты тапсырмалар орындап, көру түйсігін зерттеу әдістемесі және бұлшық ет-буын түйсігін зерттеу әдістемесін зерттедік. Апта сәтті өтті деуге келеді.
6-апта 27.02. 2023 04.03.2023
Бұл апта маған көптеген әдістемелермен танысу аптасы болды. Қабылдауды диагностикалауға арналған әдістемелерден бастап, көру арқылы қабылдауды анықтауға арналған әдістемелермен аяқталды. Оқу практика бағытында осы әдістердің ерекшелігімен таныстым. Яғни, осы тақырып бойынша балаларға арналған әдістемелерді қарастырдым және де конференция барысында әр студент практикант өз әдістемесін ұсынды. Осы арқылы көптеген өзім білмейтін әдістемелермен таныстым. Мен осы апта тапсырмасы бойынша мектеп жасындағы балалардың қабылдау ерекшеліктеріне тоқталдым және де көру арқылы қабылдауды анықтауға арналған әдістерді қарастырдым. Бұл сабақ мен үшін өте қызық болды. Мен бұл сабақта өте құнды мәліметтермен таныстым.
7-апта 06.03. 2023 11.03.2023
7-апта тапсырмаларының біріншісі ол қиялды диагносикалауға арналған әдістемелер делінген. Көптеген атақты әдістемелер қарастырылды. Мысал ретінде оның негізінде «Әңгіме құрайық» әдістемесі маған ерекше ұнады. Қорытындысында қарапайым сұрақтар арқылы қиял деңгейінің көрсеткішін анықтауға болады. Және де біз осы аптада қиялдың жеке дара ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелер және де шығармашылық қиялды анықтауға арналған әдістемелерге біршама мысалдар қарастырдық. Біз осы аптада жалпы қиялға байланысты көптеген әдістемелер қарастырып өттік және де қия дегеніміз не, оның қандай түрлері бар, қиялдың жалпы сипаттамасы жайлы толық мәліметтермен таныстық және де топ ішінде толық талқыладық.