Мектеп жасындағы балалардың сөздік белсенділігі қаншалықты маңызды екенін ұқтырған апта десек артық емес. Себебі, ауызша және жазбаша сөйлеудің ерекшеліктері мен жасөспірім жастағы балалардың сөйлеу ерекшеліктерін нақтылап оқып білу арқылы педагогика саласында білімі жаңа деңгейге өсті. Түрлі әдістемелерді зерделей отырып, мектепте оқыған кезінде балаға фонематикалық, лексикалық (сөздік) және грамматикалық жағынан тиісті талап
қойылса, онда олардың тілі тез жетілетіндігін қорытындыладық. Жасөспірім шақ балаларда өзгеріс уақыты болғандықтан олармен дұрыс қарым қатынас жасап, олармен дұрыс сөйлесу қажеттілігін түсіндім. Мен бұл аптада көптеген құнды мәліметтермен таныстым. Алда жасөспірім жастағы балалардың сөйлеу ерекшеліктерін тағы да тереңінен білгім келеді.
12-апта
10.04. 2023 15.04. 2023
Мен бұл аптада темперимент ұғымымен, оның анықтамасымен толықтай таныстым. Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал екендігін практика барысында ұғындық. Және де осы тақырыпты тереңдей зерттей отырып, темперимент типтерімен, түрлерін ажыратуды үйрендім. Темперамент құрылымын анықтауға арналған әдістемелік арқылы мектеп оқушыларына сай зерттеулерді қарастырдық. Жалпы апта қызықты, танымдық әсері мол болды.
13-апта 17.04. 2023 22.04. 2023
13-апта біз жай ғана мінез деп қарастыратын ұғымды басқа қырынан танытып, оқыта білген апталардың бірі болды. Мінез дегеніміз- әрбір адамның жеке басына тән өзіндікпсихологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы. Осы сипаттамасына қарай мінездің типологиясын, оның сипаттамасын оқып үйрену жеңіл болды. Осы апта тапсырмасы бойынша мінезге диагностика жасау біз үшін жаңа тәжірибе болды. Жалпы мінездің акцентуациялануы дегеніміз - адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері екенін біле отырып, мінезді анықтауға арналған әдістемелермен және де мінез акцентуациясын анықтауға арналған әдістемемен теория жүзінде таныстым. Алдағы уақытта зерттеп, зерделеу арқылы практикада қолдану оқушыларды жақын тануға мүмкіндік беретініне сенімдімін.