2 практикалық сабақ Тақырыбы: Афференттік жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер (жергілікті жансыздандырушы,қапталғыш, қармаушы,абсорбциялаушы дәрілер). Дәрілердің фармакокинетикасы, фармакодинамикасы (4 сағат). Сабақ жоспары


Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары



бет2/3
Дата26.04.2023
өлшемі19,97 Kb.
#87055
түріСабақ
1   2   3
Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: проектор, сызба, кестелер


Сабақтарды өткізу тәртібі:
- сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң сұрақтарын талқылау;
- білім алушылар ұсынған тапсырмаларды және сұрақтарды талқылау;
- оқу пәнiнiң теориялық қағидалары мен тұжырымдамаларын талдау;
- семинар – «дөңгелек стол».


Деңгейлік тапсырмалар (20 ұпай дейін):
І-ші деңгей:
1. Жергілікті анестетиктер, әсер ету механизмі және осы топ препараттарына қойылатын талаптар. Жағымсыз әсерлері. Қолданылуы және қарсы көрсетпелері.
2. Тұтқырлаушы дәрілер. Органикалық және бейорганикалық тұтқырлаушы дәрілер. Әсер ету механизмі және қолданылуы.
3. Қаптаушы дәрілер. Әсер ету механизмі және қолданылуы.
4. Адсорбциялаушы дәрілер. Әсер ету механизмі және қолданылуы.
5. Тітіркедіргіш дәрілер. Әсер ету механизмі және қолданылуы.
ІІ-ші деңгей:
1. Терминальды анестезияға арналған препарат.
2. Инфильтрациялық анестезияға арналған препарат.
3. Аймақтық анестезияға арналған препарат.
4. Жұлын- ми анестезияға арналған препарат.
5. Анестезия түрлерінің барлығына арналған препарат.
6. Органикалық тұтқырлаушы препарат.
7. Бейорганикалық тұтқырлаушы препарат.
8. Тік ішектік суппозитори қалпындағы анестетик.
9. Қаптаушы препарат.
10. Адсорбциялаушы препарат.
11. Метеоризимді емдеуге арналған препарат.
12. Тітіркендіруші препарат.
13. Ксикаин.
14. Емен қабығының қайнатпасы.
ІІІ-ші деңгей:
1. Бұл универсалды анестетик, жансыздандырудың барлық түрінде қолданылады. Жансыздандыру күші новокаинге қарағанда 2,5 есе артық және 2 есе ұзақ әсер етеді (60минут шамасында). Адреномиметиктермен комбинациялағанда әсері 2-4 сағатқа созылады
2. Новокаинмен салыстырғанда улылығы және белсенділігі бірнеше есе артық препарат. Беткей анестезия үшін қолданылады. Бұл препаратпен улану кезінде ОЖЖ қозуы сосын паралич дамиды. Тыныс алу орталығының параличі өлімге әкеледі.
3. Суға салғанда ісініп кілегей тәрізді коллоидті ерітінділері түзетін, индифферентті заттар. Бұл заттар шырышты қабықты қаптай отырып сезімтал нерв ұштарының тітіркенуіне кедергі жасайды. Ағзаға сіңірілмегендіктен резорбциялық әсер көрсетпейді.
4. Кәдімгі қарағайдың құрамындағы эфир майларын бумен айдау жолымен алынатын, негізгі әсер етуші заты α- пинен болып табылатын препарат. Жоғары липофильділігінің арқасында эпидермис арқылы сіңіп, сезімтал жүйке үштарын тітіркендіреді. Невралгия, миалгия, буын ауруларында жергілікті ысқылап жағу үшін қолданылады.
5. Құрамы: 4SiO + 3MgO + H2O болатын, силикат, магнидің препараты. Тері бездерінің адсорбциялап, құрғатады, әрі теріні механикалық тітіркенуден сақтап, паторефлекстерді төмендетеді.
6. Препарат тері және кілегей қабатының бетіндегі белоктерды коагуляциялап, тығыз альбуминаттар түзеді. Гастроэнтерологияда, лорпрактикада және терінің қабыну ауруларында қолданылады.
7. Тек терминалды анестезияда қолданылатын, тіндердің тамырларын жергілікті тарылтатын алколоид. Ұзақ уақыт қолданғанда ауыр үйренуге әкелетін препарат.
8. Суда нашар еритін беткей анестезияға ғана қолданылатын, жиі жағымды, паста, сеппе түрінде шығарылатын препарат.
9. Теріні және кілегей қабықтар түрлі зақымдалулардан қорғайды. Өзінің құрамына барлық уларды сорып алады. Қолдануға көрсетпелер: диспепсиялар, метеоризм, гастрит, уланулар.
10. Бұл препарат буын иіскегенде, жоғарғы тыныс жолдарының сезімтал жүйке ұштары тітіркеніп, тыныс алу орталығының рефлекторлы қозуына әкеледі. Естен талып қалған кезде ингаляциялық, мастану жағдайында ішке қабылдауға және дезинфекциялық қабілетіне байланысты хирург қолын тазалап өңдеуге қолданылады.
11. Препарат құрамында синегрин гликозиді және мирозин ферменті бар. Препаратты жылы суға салғанда, синегрин, мирозин әсерінен эфир майына ыдырайды. Түзілген эфир майының күшті тітіркендіруші қасиетін тыныс алу мүшелерінің қабыну ауруларында, невралгияда және миалгияда қолданамыз.
12. Әсері 30-60 мин. Созылатын, белсенді анестетик. Инфильтрациялық, өткізгіштік, жұлын –ми анестезиясында қолданылады. Беткей анестезияда белсенділігі төмен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет