24-сабақ. Əдептілік əні
Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты
|
2.1.2 1 түрлі сипатты əндерді жеке, ансамбль жəне хор құрамында əн айту ережесін сақтап орындау
2.1.3.1 музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау жəне салыстыру
2.3.1.1 өз шығармашылық жұмысын көрсету жəне бағалай білу
2.1.3.4 музыкалық жанрларды анықтау
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады; соль нотасымен танысады;
ұлттық музыканы, бейнелеу өнерін жəне олардың салт-дəстүрмен байланыстарын зерделейді;
ойы мен сезімін зерттеуге шабыттандыратын қазақ халқының музыкасын тыңдайды;
қарапайым импровизация шығарады.
|
|
Оқушылардың көпшілігі:
оқып-үйренуде динамикалық карталарды пайдаланады;
музыкалық дыбыс, ноталарды жазып үйренеді, оқиды.
|
|
Кейбір оқушылар: сурет арқылы музыканы бейнелеуді үйренеді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушыларды пікірталас диалогтерге қатыстыру (мəселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды нəтижелі талқылауға ынталандыру, сондай-ақ диалогке қатысуға қажетті лексикалық қормен қамтамасыз ету). Оқушылардың оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
Пəн лексикасы мен терминологиясы:
Əдептілік əндері. Соль нотасы. Шертер аспабы.
Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:
Күй сазына қандай билерді билеуге болады? Мұны мынадай жолмен жақсартуға болады … . Мен көріністі … жолымен жақсартар едім.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сурет пен əн мазмұнын байланыстырып талдау жасай аласың ба? Əдептілік туралы əн саған қандай ой салды?
Неліктен ... екенін айта аласың ба?
|
Алдыңғы сабақтарда алған білім
|
Жетіген аспабының үнін таниды, құрылысын айтып бере алады. Дыбыс динамикасын дұрыс анықтауды, өзінің
жəне өзгелердің жұмысы туралы ойын білдіруді үйренді.
|
Сабақтың барысы
Сабақ
кезеңі/ Уақыты
|
Педагогтің іс-əрекеті
|
Оқушының іс-əрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Қызығушылығын ояту
Оқушылармен əуенді сəлемдесу. Тақырыпты ашу мақсатында интерактивті тақтаға өлең жолдарын
жазу.
Əуенді көңілді, жайдары орындауға баулу.
|
«Кел, балалар, ойнайық» əнінің əуенімен өлең жолдарын орындайды. Тақырыпты ашады.
Біз əдепті баламыз, Айтқан тілді аламыз. Үлкендерге жол беріп, Біз ақылды боламыз.
|
«Басбармақ» əдісі
|
Музыкалық аспаптар Аудиожазба
|
|
Əдептілік деген не? Əдепсіздік деген не?
Балаларға екі бағанға бөліп жазып, оқып беруін сұрау.
Əрбір жазылған ойды қабылдау. Тақырыпты ашу.
Əдептілік тақырыбын музыкамен байланыстыру.
|
Ойқозғау
Балалар өз ойын жазып, оқиды. Оқулықтағы мəтінді оқып, өзі білетін тыйым сөздерді айтып, өз ойын ортаға салады.
Оқулықта берілген суреттермен өз ойын байланыстырып дəлелдейді.
Тақырыпты ашады.
|
Сөздік бағалау (ауызша толықтыру, бағалау)
Өте жақсы! Жарайсың!
|
Оқулық
|
|
Музыкалық сауаттылық
Соль нотасымен таныстыру.
Соль нотасы 2-сызықта жазылады.
Оқушылардың ноталарды жазып үйренуін қадағалау.
|
Оқулықта берілген нота жазбаны оқиды.
Соль нотасына дейінгі ноталардың орналасуын анықтайды.
|
Өте жақсы.
Сен өз біліміңді көрсете алдың!
|
QR-код
Музыкалық аспап
|
Сабақтың ортасы
|
Мағынаны ашу
Дауыс қыздыру жаттығуын жасату. Əн айту, тыныс алу ережелерін естеріне түсіру.
«Болайықшы осындай» əнін үйретеді.
Əннің мазмұны сені қандай құндылыққа жетелейді?
Əн қандай формада жазылды?
Əн қайырмасының ырғақтық суретін көрсетіп, орындату.
Суретте қандай балалар бейнеленген?
Əн мазмұнындағы «ұқыпты»,
«еңбекшіл» деген сөздер қандай болуға шақырады?
Əн қалай орындалуы керек (көңілді,
мұңды, жайдары, асқақ)?
|
Дауыс қыздыру жаттығуларын жұмсақ, пиано, денені тік ұстап орындайды.
Əн орындау
«Болайықшы осындай» (музыкасы мен сөзін жазған А. Меңжанова).
Əн мазмұнымен танысып, талдау жасайды.
Еңбекшіл осындай Болайықшы досым-ай.
Əн қайырмасының ырғағын шапалақпен ұрып көрсету.
Өз шығармашылығын көрсетеді.
|
Дескриптор:
Əн ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке жетелейтінін біледі.
Əннің əуені ырғағы мен мазмұнына үйлесететінін байқайды.
Өз жұмысын таныстырады, басқаларды қадағалайды.
|
«Болайықш ы осындай» (музыкасы мен сөзін жазған А. Меңжанова) Аудиожазба
|
«Жалғастыр» ойыны
Əннің жалғасын орындау арқылы баланың шапшаң ойлауын, зеректігін арттыру.
|
Топтық жұмыс
топ қол шапалақтаумен: жақсы бала
топ қоңырау аспабымен: еңбекшіл
топ даңғыра аспабымен: қиындықты 4-топ би қимылдарымен: жеңіп кіл Қайырмасын бəрі хормен орындайды.
Əртүрлі сипаттағы əндерді орындау
арқылы ой мен сезімді беруге тырысады.
|
Өте жақсы, керемет!
Əн айту дағдыңды шыңдай түс.
|
Оқулық
|
|
Музыка тыңдау
|
|
|
|
Музыкалық сауаттылық Шертер аспабы – үш ішекті, шертпелі аспап. Пішіні домбыраға ұқсас. Шанағы көн терімен қапталған.
«Желдірме» күйін тыңдатады. Күйдің атының өзі айтып тұрғандай, қарқынды, екпіндете орындалады.
– Бұл шығарманы қандай жанрға
жатқызамыз? Неліктен?
|
Қазақтың халық күйі «Желдірме». Шертер аспабы туралы анықтаманы оқып, бейнежазбаны тамашалайды. Домбыра аспабымен ұқсастығын байқайды, салыстырады.
Ішекті, шертіп ойнайтын аспап екенін біледі.
«Желдірме» күйінің екпінді, қарқынды орындалғанын байқайды.
|
Мұғалімнің кері байланысы:
сөздік бағалау (ауызша толықтыру, бағалау).
|
Шертер аспабы туралы https://www. youtube.com/ watch?v=MB 0GJzYRz7M
(бейнежазба
)
|
|
Шығармашылық тапсырма Мақалды оқып беріп, мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды.
|
«Əдеп пен адамгершілік ана тілінен нəр алады».
Мақалды қалай түсінгенін əңгімелейді. Өз ойынан ырғақ ойластырып, шулы аспаппен сүйемелдей отырып, орындап
береді.
|
Жақсы айттың!
|
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия
– Музыка арқылы тазалыққа, ұқыптылыққа тəрбиелеуге бола ма?
|
Белсенділік танытып, өз ойын ортаға салады. Ой толғанысын еркін, қарапайым түрде жеткізеді.
Ой-қиялын музыка мазмұнына сай сипаттайды.
|
«Шапалақ» əдісі
|
Аудиожазба
|
Ортақ тақырып
|
6-ортақ тақырып. Салт-дəстүр жəне ауыз əдебиеті
|
Педагогтің аты-жөні
|
|
Күні
|
|
Сыныбы
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
25-сабақ. Хор өнері
|
Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты
|
2.1.2 1 түрлі сипатты əндерді жеке, ансамбль жəне хор құрамында əн айту ережесін сақтап орындау
2.1.3.1 музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау жəне салыстыру
2.3.1.1 өз шығармашылық жұмысын көрсету жəне бағалай білу
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
өз репертуарын кеңейтуді жалғастырады; хор өнері туралы ақпарат алады;
ойы мен сезімін зерттеуге шабыттандыратын қазақ халқының музыкасын тыңдайды, орындайды, қарапайым импровизация шығарады;
бұл ортақ тақырыпта оқушылар хормен жəне а капелла əн орындау айырмашылығын байқайды.
|
Оқушылардың көпшілігі:
оқып-үйренуде динамикалық карталарды пайдаланады;
музыкадағы динамикалық реңктерді тани білуге қатысты музыкалық-ырғақтық дағдылары мен іскерліктерін дамытуды жалғастырады.
|
Кейбір оқушылар:
сурет арқылы музыканы бейнелеуді үйренеді;
музыканы салыстырып талдау жұмысын жасайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушыларды пікірталас диалогтерге қатыстыру (мəселен, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау, білімді ғана көрсететін сұрақтарды қоймау; оқушыларды нəтижелі талқылауға ынталандыру, сондай-ақ диалогке қатысуға қажетті лексикалық қормен қамтамасыз ету). Оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру.
Пəн лексикасы мен терминологиясы: хор, а капелла, ля нотасы.
Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері: Мұны мынадай жолмен жақсартуға болады … . Мен əнді а капелла орындағанда ... ... .
|
Достарыңызбен бөлісу: |