2. Сипау, сығымдау, ысқылау, илеп-жұмсарту, ұрып-соғу, дірілдету тәсілдеріне сипаттама



бет7/10
Дата29.10.2022
өлшемі70,67 Kb.
#46172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2.Сипау, сығымдау, ысқылау, илеп-жұмсарту, ұрып-соғу, дірілдету тәсілдеріне сипаттама.

Сипау тәсілінің түрлері. Сипаудың өз жолдары, түрлері болады. Мысалы, денені бойлай түзу бағытта не көлденең бағытта сипау, иректей сипау, шиыршықты сипау, айналма сипау, құрастырылған сипау, шоғырланған сипау, сол сияқты жоғарыда айтып кеткен үстіртін (жеңіл) және терең (салмақ сала) сипау, екі қолмен уыстап сипау.
Түзу сызықпен. Сипаған кезде, массаж жасаушының алақаны терінің үстінде ақырын жылжып отырады. Бас бармақ алшақ, басқа саусақтардың алдында келе жатқандай болады. Мұндай қимыл лимфа ағынына сәйкес болуы керек.
Спорттық массажда сипау тек бір бағытта орындалады. Ал емдік массажда, мәселен үстіртін, жалпақ алақанмен сипағанда жоғары да, төмен де жүргізе береді, онда лимфа ағысына қарамайды.
Екі қолмен кезек сипағанда біреуі сипауды бітіргенде екіншісі бастайды.
Иректей сипауда (зигзагообразный) бір қолмен теріге ирек түсірілгендей қимыл жасалуда. Мұнда да теріні қызартпай, саусақтардың ұшымен жеңіл ғана немесе алақанның өзімен қолдың басын оң – солға бұлғақтатып жүргізіп шығады.
Шиыршықты сипау (спиралевидно) – қол ілмектеп тұзақ шалған сияқты қимыл жасайды.
Айналма сипау – ішті сипағанда кіндіктің айналасына қолды сағаттың тілімен айналдыра жүргізеді. Бұл қимылды буынды сипағанда да қолданады.
Екі қолмен сипау (комбинированный) – екі алақанның біреуі түзу қимыл жасаса, артынан келе жатқан екінші алақан иректеп келе жатады. Екеуі бірін – бірі толықтырып отырады.
Шоғырланған сипау (концентрическое) – тек буындарды, әсіресе тізені, сипағанда қолданады.
Екі алақанды қатар қойып, тізенің үстіне «8» цифрын түсіргендей қимыл жасалады.
Терең, салмақ сала сипау. Жалпақ жазықтықта терең сипау денеге көірек күш түсіру үшін қолданылады.
Егер алдындағы сипаудың жеңіл түрлері тек теріге әсер етіп, ондағы нерв ұштарын тітіркендірсе, салмақ сала сипау тереңірек жатқан бұлшық етке, дәнекер қабатына, сіңірге, қан тамырларына әсер етеді. Ол үшін алақанды батырыңқырап бармаққа не шынашаққа (кішкене саусаққа) тірей жүргізеді. Сипаудың бұл түрі гипсті алғаннан кейін, солып қалған жерге немесе құрысып қалған буындарға жасалады.
Екі қолмен уыстап сипау – ол тереңде жатқан тканьдерге әсер етеді. Қан мен лимфа жүретін саңылауларды сығып, ағысын ұлғайтады.
Алақан денеге жабысып, өте жай жылжиды. Бұл денеде ісік болған кезде, лимфа тоқтап қалғанда жиі қолданылады. Тек сипаудың да мұндай түрін ісігі бар жерден жоғары бастау керек. Мысалы, аяқтың басы ісіп кетсе, немесе, алдымен санды, одан соң жіліншікті, ең соңынан ұшын сипалайды. Сипаудың осындай қолды көтермей жылжыту түрі және қолды бәр сәт көтеріп жылжытатын түрі бар.
Екі қолмен уыстап қысып әлсін – әлсін қолды босатып отырып сипағанда, бұлшық еттерге, қан тамырларына, нерв талшықтарына, айтарлықтай әсер етеді. Бұл алдағы бірқалыпты, сипаудан ширақтау, жеделдеу келеді. Масаж жасаушы сипаудың мұндай түрін екі қолмен алма-кезек орындайды. Сонда қолдың шаршауы да аз болады. Сипаудың бұл түрі сүйек сынықтан бітерде немесе кейбір жерді тастап кету керек кезде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет