2. Сипау, сығымдау, ысқылау, илеп-жұмсарту, ұрып-соғу, дірілдету тәсілдеріне сипаттама


Косметикалық емдік ( шымшу) массаж



бет5/10
Дата29.10.2022
өлшемі70,67 Kb.
#46172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2.Сипау, сығымдау, ысқылау, илеп-жұмсарту, ұрып-соғу, дірілдету тәсілдеріне сипаттама.

Косметикалық емдік ( шымшу) массаж. Бет терісі майлы болғанда, май түтікшелері бітіп, бетте бөріткендер пайда болғанда соны тазалау үшін қолданады. Сол сияқты бетке безеу шыққанда, іштен туа бет терісі салбырап кеткенде бұғақ пайда болғанда, бетте әр түрлі дақ қалғанда емдік массаж кеңінен қолданылады.
Косметология дамып келе жатқан ғылым. Оның одан әрі ізденуді талап ететін проблемалары әлі де болса бар. Адамның кейбір кемшіліктерін түзету мақсаты мен бетке жасалатын косметикалық операциалардан (мұрын, ерін,құлақ) кейінде косметикалық массаж өте қажет.
Спорттық массаж. Массаждың бұл түрі спортшылар арасында кең қолданылады. Олардың сайысқа шығар алдында бұлшық еттерін қыздырып, созылғыштық қасиетін арттырып, жалпы жұмысқа қабылетін арттыру үшін қолданады. Сол сияқты сайыстан кейін әлсіреген бұлшық етті ширықтыруға, жарақаттанған жерді жазуға көп күш салады.
Спорттық массаж жаттығу кезінде көмек береді. Ол тіпті жаттығу кезеңдерінің бір бөлігі ретінде есептеледі. Ол жарыстың алдында және соңында ғана емес, жарыстың үстіндеде жасалады. Сондықтан спорттық массаж 3 түрге бөлінеді.

    1. Жаттығатын немесе машақтанатын массаж – спортсменнің жаттығу кезінде денесін шынықтыруға, шыңдауға бұлшық еттерін қатайтуға арналған.

    2. Алғашқы немесе алдын – алу бұл жарыстың алдында спортсменнің төзімділігін арттыруға арналған массаж.

    3. Қайта қалпына келтіру – жарыстан кейін спортсменнің жалпы күш қуатын, энергиясын, алғырлығын, нерв жүйесін қалпына келтіруге бағышталған массаждың түрі.

Жаттығу не жарыс кезінде денеге зақым келсе (сіңір созылуы, буын шығып кету, сүйек сыну т.б.) қолданатын спорттық массаж емдік массажға жатады.
Енді кейінгі кезде етек алып ел арасында кең тараған массаждардың түрі: сигментарлы және нүктелі массаждар. Бұл екеуі де емдік массаждарға құрамына кіреді. Бірақ спорттық массажда қолданып қалуы да ғажап емес.
Сегментарлы массаж. Жұлыннан шыққан нерв талшықтары ішкі ағзаларға және дененің бір бөлігіне (тері, бұлшық ет, тканьдерт.б.) бірдей әсер етеді. Сонда адамның сыртқы және ішкі органдарының арасында тығыз байланыс болады. Осындай сезімтал аймақты ең алғаш орыс дәрігері Х.Гед тиянақты тексере отырып, анықтап шығады. Сондықтан осындай сезімтал рефлексогендік аймақты ашқан авторлардың құрметіне Захарьин-Гед белдеуі не аймағы деп айтады.
Көп ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, осы Захарин-Гед аймағы мен ішкі ағзалардың байланысы жұлыннан шыққан бірыңғай нерв талшықтары және шеткері вегатативтік нервтер арқылы іске асады.Дененің белгілі бір бөлігіндегі тері, бұлшық ет, тері астындағы шелді қабат, дәнекер ткань тамырлар,сүйек-барлығы нерв талшықтары арқылы ішкі ағзалармен байланысты. Сондықтан ішкі органдардың біреуі ауырса, бірден терінің бір жеріне беріледі. Мысалы, жүрек ауырғанда, оның әсері сол жақ иыққа жауырынға, қолға беріледі, егер сол жерлерді зер салып қараса, өзіне тән өзгерістері байқалады.
Осы анықталқған белдеуге массаж жасағанда, науқасқа шалдыққан ішкі органды әжептәуір жеңілдік анықталады. Ол жерде қан айналымы жақсарып, зат алмасуы күшейеді. Сондықтан ішкі ағзалардың әрқайсысына лайықты сезімтал белдеулері болады. Жұлынның арнайы сегментері соған арналған.
Массаждың түрлі тәсілдерін осы арнайы сезімтал белдеулерге қолдана отырып, зақымданған мүшені қалпына келтіруге болады. Ол үшін жұлынның сегменттерін анық білу керек. Барлығы жоғары реттеуші күштің қарамағында өтетінін еш уақытта естен шығармаған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет