2. Сипау, сығымдау, ысқылау, илеп-жұмсарту, ұрып-соғу, дірілдету тәсілдеріне сипаттама



бет9/10
Дата29.10.2022
өлшемі70,67 Kb.
#46172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ИЛЕП ЖҰМСАРТУ

Массаждың ең күрделі тәсілі илеу немесе жұмсарту. Басқа тәсілдерге қарағанда бұл күшті әсер етеді. Әсіресе, бұлшық еттер мен қол еттерге өте қажет.


Ел арасында, массаж жасау деген сөз денені жұмсарту дегенді білдіреді. Ол тегін емес, өйткені айтылып отырған тәсіл еттен өтіп, сүйекке жетеді. Массаж жасаушының қолы соншалықты күшті болуға тиіс, сол сияқты оның техникасын жете білу керек.
Денедегі барлық бұлшық еттерді (үлкенді - кішілі) жұмсарту үшін оның талай тәсілі бар, соны іске асыру керек. Сонымен орындау тәртібі: массаж жасаушы, алақанмен бұлшық етті қапсыра ұстайды, оны жоғары созады. Саусақтармен бармақтың арасында қатты қысады. Бұл кезде кол ет сүйектен бөлініп көтерілгендей болады. Сол кезде алақанмен езіп жұмсартады, әрі қарай жылжытады. Денедегі барлық ет дәл осылай уысты толтыра ұсталмайды. Жабысып жатқан жалпақ еттер бар. Мәселен, жіліншіктің алдыңғы жағы арқаның ұзын еті, білезіктің сырты. Олар көтерілмейді,сондықтан әр түрлі әдістермен сүйекке басып шаншиды. Осы тәсілді қолдағанда айналымы күшейіп, тканьдардың қоректенуі артады, бұлшық еттердің талшықтары созылып серпінділігі жақсарады, зат алмасудың зиянды қалдықтары денеден шығып, тотығу процессі үдейді. Осының бәрін, бұлшық еттердің талшықтарын арнайы гимнастика тәртіп пайда тигізеді.
Бұл тәсіл тек бұлшық ет емес, денедегі сіңір, тарамыс, еміршек, буын қабы, шел қабы, шандыр, сүйек қабы – барлығына әсер етеді. Сондықтан жоғары нерв жүйесінің қызметі, нерв бұлшық ет аппаратын өзгертіп жібереді. Жұмсарту тәсілін байыппен, асықпай жасаған да ми қабығының қозу процессі бәсеңдеп, бұлшық етте босаңсиды, керісінше қысқа, үстіртін, қарқынды жасағанда тежеу процессі шебініп қайраттаны, жігерленіп кетеді. Енді бұлшық еттің тонусы артады.
Жұмсарту тәсілі әр бағытта жүргізіледі: ұзынынан – ұзақ, көлденең, жарты шеңбер, шиыршықты т.б.
Емдік массажда бұл тәсілді кәдірмелі (үздік - үздік)және кәдірмесіз (тоқтаусыз) деп екі түрге бөлінеді.
Екеуінің айырмашылығы - массаж жасаған бұлшық етінің бойымен тоқтаусыз қозғауында, және тоқталып жұлқылай қимылдауында.
Ал спорттық массажда осы екеуіне кіретін жұмсартудың түрлерін басқа атпен бөлектейді. Мәселен, бір қолмен қос қолменен (қос күшіген) , қос шеңбер , шымшу, бас бармақтың басымен т.б. жұмсарту деп бөледі. Бұл аталған емдік, және спорттық массаждардың, қайсысы да жұмсарту тәсілдері бірдей. Ек кейбір әдістерде ғана айырмашылық бар. Орындау техникасы шартты үш түрге бөлінеді: бұлшық етте алақанды көлденең салып екінші – төртінші саусаққа қарай қатты қысып көтеру;
бұлшық етті қапсыра қысып ұстап бас бармаққа қарай жаншу.
Одан соң еттерді алақанның білезік түбімен сүйекке батыру және қайта қалпына келтіру. Бір фазадан екіншісіне кідірмей өтіп отырады.
Бір қолмен жұмсарту (илеу) жоғарыда көрсетілгендей бұлшық етті алақанымен қапсыра ұстайды. Мұнда бас бармақ, ал төрт саусақ екінші жағында. Ұсталған етті түзеу саусақтарымен жоғары көтеріліп одан соң бас бармақпен төрт саусақтың арасына қысып, артынан сүйекке жаншиды. Бұлшық етті қолдан шығармай шеттен орталыққа қарай үздіксіз жылжиды. Мұнда қолмен суланған жөкені сыққандай қимыл жасайды. Мұнда алақанмен терінің арасында, саңылау болмауы керек. Саусақтарды мейлінше түзу ұстаған жөн, айтылған тәсіл екі фазадан құрастырылған сияқты. Біреуі – массаж жасаушының оң қолымен көтерген бұлшық етті бас бармаққа қарай мыжуы; екінші фаза – бас бармақтың төрт саусаққа қарай салмақ сала мыжуы. Қалай болғанда да бұлшық еттер алақанда, саусақтардың арасында, қысылып мыжылады.
Қос қолдап жұмсарту. Оң қолдың алақанын жоғарыда көрсеткендей көлденең салады. Ал сол қолды оның үстінен бастырады. Мұнда бас бармақты екінші қолдың бас бармағының үстіне, ал төрт саусақты сол аттас саусақтардың үстіне салып салмағын арттырады. Мұны, қалың қоң еттерге күші көп керек ететін жерге (бөксе, сан, арқа т.б.) қолданады.
Қол шеңберлі жұмсарту. Екі қолды бұлшық етке көлденең бағытта қатарластырып орналастырады (45 градус бұрыш жасап).
Мұндай сұқ қолдар бір жағында, бас – бармақтар екінші жағында бір – біріне тиіп жатады.
Алақанмен ұтстап бұлшық етті қысып алып нан илегендей
Екі қолды да алға қарай итереді. Бұл – бір түрі, екінші түрінде – бір қол қуысындағы толған бұлшық етпен ілгері өзінен ары қарай итерілсе, керісінше екінші қол өзіне қарай тартылады. Ал бұлшық еттің ұзын бойына ілгерінді – керінді осындый қимыл жасап бұралаңдап жоғары өрмелеп бара жатқандай болады. Бұл тәсілді аяқ – қолдың, арқының, іштің бұлшық еттеріне пайдаланады.
Ұзынынан – ұзық жұмсарту (бойлай). Бұл тәсіл бұлшық еттің ұзын бойын бойлай, оның талшықтарының таралу бағытымен жасалады. Массаж жасаушы екі қолымен, аяқтың, не қолдың бұлшық етін екі жағынан қапсыра ұстайды. Бір қол екіншіден, 2 – 3 см алды тұрады. Содан соң алма кезек екі қолмен уысындағы бұлшық етті мейлінше қысып жоғары көтеріп, сүйектен бөліп адып, илей отырып ұзына бойына, үздіксіз қимыл жасайды. Мұндай тәсіл орындағанда ір қол өзінше жарты шеңбер жасағандай болады, және бірінің қимылын екіншісі қайталап жоғары өрмелейді. Бұл тәсілін аяқ – және қолдық бұлшық еттеріне жиі қолданылады. Оны қолдаған кезде массаж жасаушының өз қолы шынтақтан бүгілмей түзу ұстау керек. Сонда түсірілетін күштің мөлшері артады. Қолдардың қимылы бірқалыпты, байсалды, жатық болғаны жөн.
Шымшу. Бұл тәсіл жайпақ сүйекке жабысқан еттерге қолданады. Оларды ұстап жоғары көтеруге болмайды, сондықтан қолдың сыртын жіліншіктің алдын, омыртқаның маңын, осындай тәсілмен жұмсартады. Ол үшін саусақтарды бүгіп, бұлшық етке көлденең қояды да, бас бармақ пен төрт саусақтың арасына қысып, сүйекке қарай батырып жаншиды, яғни қышқышпен қысып шымшығандай қимыл жасайды.
Екі еселеп жұмсарту. Санның не тоқпақ жіліктің қалың етін жұмсартуға қолданылады. Массаж жасататын адам, шалқасынан ағаш төсекке жатады. Бір аяғын көтеріп, массаж жасаушының тізесіне қояды, сонда бұлшық ет толығымен босаңсиды. Ал массаж жасаушы екі алақанымен санның астынан жіне үстінен қапсыра ұстап бұлшық етті алма кезек созып ұстап, жоғары шабтың иініне дейін жетеді. Бұл өте ыңғайлы және нәтижелі тәсіл сияқты. Әсіресе, көп жүріп аяқтың бұлшық еті, осылай екі қолмен бірдей жақсылап жұмсартса, жиналған сүт қышқылы, сыртқа шығып, бірсыпыра жеңілдеп қалады. Иықтың етінде осылай жұмсартады. Тек онда қолды маманның иығына салып қойса, тоқпақ жіліктің еті ұстауға жеңіл, босап қалады.
Бас бармақпен жұмсарту. Бас бармақ астындағы етті уқалап, сүйекке жаншып, шеңбір сияқты қозғалыс жасай отырып жылжиды. Қалған төрт саусақ еш қимылсыз соның артынан қозғалып
отырады. Бас бармақтың күшін арттыру үшін екінші қолды массаж жасаған қолдың үстінен бастыра қойып, бірге жылжытады. массаждың жұмсарту тәсілінде еске сақтайтын жайттар:



  • бірінші фаза: бас бармақты алшақ ұстау керек, себебі бұлшық еттің орнына тек тері қысылып қалады;

  • екінші фаза: а) саусақтардың бүгіліп қалуы мүмкін мұндай жағдайда тек етті шымшып алады; ә) саусақтардың терінің бетімен жылжу ауру үшін жағымсыз жағдай; бұлшық ет толық ұсталмаған соң массаж жөнді жасалмайды, өйткені алақанмен дененің арасында қуыс қалып қояды; б) саусақтарды қатты баттыру аурудың жанына тиеді; в) қолдардың шамадан тыс сіресіп қалуы аурудың денесін ауыртады әрі массаж жасағанда; г) бұлшық етті толық жұмсарту керек;

  • үшінші фаза: а) массажға дейін бұлшық етті босаңсыту үшін, науқастың дұрыс жатуын қадағалайды; ә) ұзынына- ұзақ жұмсартқан кезде бүкіл қол емес тек қолдың басы ғана қызмет етуі керек; б) жұмсартудың барлық түрі бірыңғай байыппен жасалуын қадағалаған жөн. Орынсыз жұлып тартып, жұлқылап жасау дұрыс емес.

Міне осы мәселерді массаж жасағанда ұмытпаған жөн. Әйтпесе жұмсарту тиісті бұлшық ет, тастай болып қатып қалады және де теріде көгеріп онда саусақтың іздері қалуы мүмкін. Одан адам тек зардап шегеді. Сондықтан массаждың ішіндегі ең күрделі, ең негізгі түрі жұмсарту, тыңғылықты, мұқият зейнмен орындауға тиіс. Бұл сөз болған жұмсартудың негізгі тобы. Енді қосымша түріне тоқталайық. Жұмсартудың қосымша түрлері. Олар тек емдік массажда жиі қолданылады. Қазақша аттары төменгідей: аунату, домалату, жылжыту, шымшылау, керу, қысу,босау.
Аунату – бұл жұмсартудың өте нәзік түрі. Екі алақанның арасында бұлшық етті аунатып – жұмарлайды. Мәселен, қолдың етіне массаж жасалатын болса науқастың қолын массаж жасаушының иығына салып босаңсытады, содан соң алақанына уыстап уыстап бір қолдан екінші қолға тез тербеп аунатады.
Домалату – мұнда арқа, қол, аяқ, бұлшық еттерін итере отырып, артында саусақ домалатып орағандай қимыл жасайды.
Жылжыту – бас бармақтармен орындалады, кейде барлық саусақтармен немесе алақанмен де жасалады. Тканьді көтеріңкіреп жиыра ұстап бір жаққа қарай жылжытады. Бұл арқаның жалпақ еттеріне, қолдың сыртына, аяқтың үстіне қолданылады. Сондай – ақ терідегі тыртық жазылу үшін өте пайдалы. Бас ауырған кезде, оның терісін жылжыту үшін бір қолды маңдайға екіншісін шүйдеге қойып жаймен сығымдайды, осы бағытта бірнеше рет жылжытқан соң қолдарды оң және сол құлақтың тұсында, ұстап, жоғарыдағы қимылды қайталайды. Массаждың бұл тәсілі тканьдердің тез арада қанмен толығуына, зат алмасуына ықпал жасайды.
Шымшылау - 1 – 2 саусақтардың ұшымен тканьді шымшып ұстап, жоғары көтеріп қайта бостады. Егер дене майлы болса не арнайы май жақса , онда ол қысып ұстамайды. Сондықтан терінің құрғақ болғаны дұрыс. Шымылаған кезде ткань бір қысылып, бір босап қозғалысқа түседі, соның нәтиждесінде тонусы көтеріледі. Тереңде жатқан тыртықтарды қалпына келтіру үшін де өте пайдалы тәсіл.
Созу – ( кебу) бас бармақтарды қатар қойып тканьді екі жаққа созады. Үлкен қоң еттерді алақанмен созуға болады. Ол операциядан кейін дұрыс бітпей қалған жараның орнын созуға бұлшық еттердегі жараны жазуға қолданылады. Қозғалыс сырнайда ойнаған қимылды еске түсіреді.
Қысу – саусақтардың ұшымен жасалады. Жидектердің ішінен сүйегін ытқытып шығаратын қимыл сияқты, саусақтарды тканьға батырып жылдам жоғары көтереді бұл тәсіл тез тез қимылды қажет етеді, көбінесе косметикалық массажда бетті безеуден тазалағанда қолданылады.
Басу – саусақтардың ұшымен немесе алақанмен салмақ сала басу, қолды бір көтеріп, бір түсіріп салмақ салу арқылы орындалады. Бетке батырып немесе нерв ұштарының шыққан жерін нығарлап басып жасайды. Ал аумақты (арқа,бел,іш т.б)жерлерге алақанмен нығарлап басады. Ол пайдалы,әсіресе,жон сіресіп қалғанда тек қолмен емес,балалардың аяғымен басса әжептәуір көмек береді.
Жұмсарту –массаждың ең күрделі де қиын,бірақ өте тиімді түрі. Оның басқа да қолдану әдістері бар,дегенмен оқырман қауымның қабылдауына жеңіл де түсінікті болсын деген ниетпен аталған түрлеріне тоқталып өттік. Соның өзінде,бір рет болса бұл тәсілдері өз көзімен көрмесе,бірден меңгеру қиынға түседі. Десе де «көз-қорқақ,қол батыр»деген емес пе...
Жұмсарту тәсілі бұлшық еттерді босатуға шынықтырып-ширатуға,түйіндерін жазуға үлкен ықпал жасайды.



етеді.
Бұл тәсіл массаж жасаушы адамнан байсалдылық,ұқыптылық, сезімталдық,білімділікті талап

Ол баяу ырғақпен,бірқалыпты орындалады. Жұлқылауға,жұлмалауға,апыл-ғұпыл асыруға



болмайды.
Массаждың қозғалысы –жоғары және төмен бағытталады.
Ауру адамның денесі массаждан ауырмас үшін,оның біртіндеп ұлғайтады. Массаж жасаушы дененің өте сезімтал жерлерін білу керек. Олар желке,иық (тоқпақ жілік)сүйегінің және саның ішкі жағы. Ол жерлерде нерв талшықтары мен қан тамырлары көптеп топтасқан. Сондықтан жұмсарту тәсілін мұқият,зейінмен жасайды.
Жұмсарту тәсілін бұлшық еттің сіңірмен жалғасқан жерінен бастайды.
И.М Саркизов-Серазини «жұмсарту тәсіл үнемі төменнен жоғары қарай бағытталса өте дұрыс болар еді» дейді. Онда лимфа-қан ағымдарының бойымен лимфа түйіндеріне қарай жүріп отырады.
Ғалымдар осы тәсілде бұлшық етке және байланысатын жоғарғы нерв жүйесінің қызметін арнайы аппаратпен тексереді. Ол электромиография – массаждан соң бұлшық етте болатын биоэлектрлік процесстерді анықтайды.
1962 – 1966 жылғы зертеулерге (Белая.Н.А.) қарағанда қарағанда, бұлшық етте аурудан кейін тоқырап қалған биопотенциалды қасиет массаждан соң қалпына келген. Сондықтан массаждың нәтижесінде бұлшық етпен нерв жүйесінің арасындағы байланыс артуына көз жетті.
Жұмсарту – негізінде денедегі барлық бұлшық етке әсер етеді, оның әрбір талшығына, сүйекке беретін жеріндегі сіңірге – бәрінеде пайда келтіреді. Қан – лимфа айналымын жақсартып, денеден қортылған қажетсіз заттардың шығуына ықпал жасайды. Осы тәсіл арқылы денедегі қимыл – қозғалыс рефлексін арттыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет