2 тақырып Тәрбиенің пайда болуы. Ежелгі және Орта ғасырлардағы мектеп пен тәрбие, педагогикалық ойлар



бет3/8
Дата16.12.2023
өлшемі320,1 Kb.
#140283
1   2   3   4   5   6   7   8
Ежелгі Шығыс елдеріндегі
тәрбие және мектеп
Конфуцийдің жаңалықтары
Ғылым мен білімнің дамуына үлес қосты.
Өзінің мектебін ашты (3000 жуық бала оқыды)
Ежелгі Қытайдағы тәрбие мен білімдегі тәжірибені жетілдірді.
Оның идеясының негізінде жалпы философиялық және әлеуметтік көзқарас көрініс алды.
Ол тәрбиені – адамгершіліктің, адам болмысының факторы ретінде қабылдады.
Тәрбиеде адамның табиғилығын ескерді: «адамның табиғаты ең қажетті материал , оны дұрыс пайдалану арқылы жан-жақты, оңды тұлғаны қалыптастыруға болады».
Тәрбиенің күші қанша керемет болса да, оның барлық мәселеге әлі жете бермейтінін, бұл арада тұқымқуалаушылықтың да әсерінің мол екенін ұмытпау керектігін ескертті.
Конфуций, (табиғатынан барлық адамның мүмкіндіктері бірдей еместігін екенін атап көрсетті: «тумасынан дарыны барлар – білімді меңгереді, мемлекетті басқарады, ондай қабілеті жоқтар қара жұмыспен айналысады».
“Тәрбиелі адамға” тән қасиеттерді атап көрсетті: шынайылық, рухани мәдениеттілік, ақылдылық, жаңалыққа талпынушылық, халыққа сыйлы болу, мейірімділік, білімділік т.б.
Конфуцидің еңбектері
Әңгіме және ойлар (Лунь юй): мұнда философтың оқушылармен әңгімесі беріледі (егер сен өзіңді жетілдіре алмасаң, басқаны қалай жетілдіресің?); «Оқығаныңды әркез қайталап отыр» және т.б.
«Әдет-ғұрыптар кітабы» - трактатында: педагогикалық принциптердің, әдістер мен тәсілдердің жүйесі беріледі («егер жеке басыңда кездескен жаман, ерсі қылықты дер кезінде түзеп отырмасаң, уақыт өткен соң түзеу қиынға соғады», «Ақылды адам оқу барысында шыңдалады, жетіледі, «уақыт өтіп кеткеннен кейін алған білімнен, нәтиже болмайды», «Оқушы мен мұғалім бірге өседі» ) және т.б.
«Білім туралы» трактатында дидактикалық идеяларға сипатама беріледі (тоғыз жылдық білім мен тәрбиенің бағдарламасы, мәндеттері ұсынылады).

Ежелгі Шығыс мәдениеті Греция мен Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізді. Греция бірнеше құл иеленуші ұсақ мемлекеттен құралды. Ішіндегі ірілері Антика (орталығы Афина) және Лакония (орталығы Спарта). Әр мемлекетте тәрбиенің өзіндік жүйесі болды (спарталық, афиндық).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет