2 тақырып Тәрбиенің пайда болуы. Ежелгі және Орта ғасырлардағы мектеп пен тәрбие, педагогикалық ойлар


Ежелгі Шығыс мәдениеті Римдегі мектеп пен тәрбиенің дамуына



бет7/8
Дата16.12.2023
өлшемі320,1 Kb.
#140283
1   2   3   4   5   6   7   8
Ежелгі Шығыс мәдениеті Римдегі мектеп пен тәрбиенің дамуына
ықпалы зор болды.
Кейін Рим империясының пайда болуына байланыстыграмматикалық мектептер мен риторикалық мектептер – мемлекеттік мектептерге айналдырылды.
Бұл мектептердің мақсаты – императорлық билікке бағынған чиновниктерді даярлау болды.
Ежелгі Римдегі педагогикалық идеялардың дамуына: Цицерон, Сенека, Плутарх, Квинтилиан үлкен үлес қосты.
Плутарх (б.э.д. 45-127жж.) сол дәуірдегі ірі ойшылдың бірі. Ол отбасындағы тәрбие мен оқыту мәселесіне аса назар аударады.
Құнды пікірлері:
  • Тәрбиенің негізі отбасында қаланатынын ескертеді.
  • Бала тәрбиесімен әрбір ана өзі айналысуы қажет деген көзқарасты ұстанады.
  • Тәрбиеде жазалау әдісін пайдалануға қарсы болады (балаға қол көтеру, періштеге қол көтерумен тең деп есептейді). Оның бұл көзқарасы «Тәрбие туралы» трактатында баяндалады.
  • Балаға сол кездегі Рим қоғамының талабына сай жан-жақты білім беру идеясын ұсынады.

Рим философтарының тағы бір ірі тұлғасы - Квинтилиан Марк Фабий (42-118 ж.ж.б.э.д.). Оның идеялары Римнің мәдени мұраларына негізделеді. Педагогикалық идеялары «Тілмарлыққа тәрбиелеу туралы» деген еңбегінде жан-жақты мазмұндалады. Бұл еңбекте ол өзінің риторика мектебінде жинаған тәжірибесін қорытындылайды.
Квинтилианның құнды пікірлері:
  • Балалардың табиғи нышанын жоғары бағалайды (табиғатынан топас, қабілетсіз бала сирек кездеседі дейді).
  • Балалардың тәрбиені мектептен алуына, мұғалім тарапынан әр балаға көңіл бөлінуіне аса мән береді.
  • Мұғалімнің білімді, ұстамды болуын, адамгершілікті мәдени қарым-қатынасымен балаларға үлгі көрсете білуін қалайды.
  • Мұғалімнің қызмет жолында арнайы сатылардан өтуін талап етеді. Мысалы, мұғалім өзінің алғашқы қызметін элементарлық мектептен бастап, кейіннен біраз «үлгілі мектептерде» (жоғары сатыдағы) қызмет атқаруы керек.
  • Балалардың тілін, сөйлеу дағдыларын (шеберлігін) ерте бастан дамытуды ұсынады.
  • Балаларды жағымсыз ортадан алшақ ұстау керектігін ескертеді.
  • Музыка мен тілді оқытуға назар аударады (бұл баланың дұрыс, таза, әдемі сөйлеуіне көмегін тигізеді).
  • Білім берудің шыңы – шешендік өнерді (ораторлық өнер) меңгеру, деп есептейді Квинтилианның педагогикалық еңбектері жоғары бағаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет