2 тақырып Тәрбиенің пайда болуы. Ежелгі және Орта ғасырлардағы мектеп пен тәрбие, педагогикалық ойлар



бет8/8
Дата16.12.2023
өлшемі320,1 Kb.
#140283
1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырыпты пысықтау сұрақтары

  • Алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбиенің ерекшелігі қандай? Балалар мен жастарға арналған «Жастар үйінде» оқу мен тәрбие қандай формада ұйымдастырылды?
  • Ежелгі Шығыс мемлекеттеріндегі мектеп пен тәрбиенің дамуына қандай факторлар әсер етті?
  • Месопотамияның ежелгі қалаларындағы оқу орындарында білім алған балалар қандай кәсіпті меңгерді?
  • Ежелгі Египеттегі мектеп ісінің өзіндік ерекшелігі немен шектеледі? Оқыту мен тәрбиеге қандай талапт ар қойылды?
  • Ежелгі Индияның діни мектептерінде тәрбие мен білім қалай жүзеге асырылады?
  • Конфуций идеясының педагогикалық мәні немен шектеледі?

Тапсырмалар

  • Ұлы ғұлама Конфуций өз шәкірттеріне: «Адамды ұлылыққа жеткізетін шындық емес, керісінше шындықты ұлылық дәрежеге жеткізетін адам», қайталауды өте жақсы көрген. Өзіңіздің көзқарасыңызды негіздеңіз.
  • Спарталық тәрбие жүйесі мен Афиндық тәрбие жүйесіне салыстырмалы түрде мазмұндық сипаттама беріңіз, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталыңыз. Платонның осы екі жүйені таңдауының себебін анықтаңыз.
  • Аристотельдің «Платон менің досым, алайда ақиқат қымбат» деген сөзінің мәніне тоқталыңыз. Нақты мысалдар келтіре отырып әңгімелеңіз. Өзіңіздің көзқарасыңызды негіздеңіз.
  • Ежелгі Рим педагогі Марк Фабий Квинтилиан «Білімнің шыңы – шешендік өнерді (ораторлық өнер) меңгеру» деп есептейді және осындай жоғары нәтижеге оқыту жүйесінің көмегімен жетуге болады деп ескертеді. Өзіңіздің көзқарасыңызды негіздеңіз.
  • Орта ғасырдағы Византиядағы педагогикалық ойлардың даму кезеңдерін қарастырыңыз. Византиялық философ-педагогтардың идеяларына сипаттама беріңіз.
  • Ежелгі Римдегі элементарлық, грамматикалық, риторикалық мектептердің ерекшеліктеріне мазмұндық сипаттама беріңіз. Қандай жетістіктерін бүгінгі мектептерде пайдалануға болатынын анықтаңыз.

Әдебиеттер:

  • Әбенбаев С.Ш. Педагогика, Алматы, 2018
  • Иманбаева С., Таубаева Ш. және т.б. Педагогика, Алматы, 2017
  • Коджаспирова Г.М. Педагогика. М., 2012
  • Жампеисова К., Хан Н.Н. Педагогика, Алматы, 2017
  • Джуринский А.Н. История зарубежной педагогики. М., 2011

Балаларға күнделікті тіршілікке қажетті амал-жолдар үйретіледі
Амал-жолдар
Үй шаруасына қажетті заттарды даярлау
Киім-кешек даярлау
Өзінен кішілерге қарау
Азық табу

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет