2 тақырып Тәрбиенің пайда болуы. Ежелгі және Орта ғасырлардағы мектеп пен тәрбие, педагогикалық ойлар



бет2/8
Дата16.12.2023
өлшемі320,1 Kb.
#140283
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 - л. Тәрбиенің пайда болуы

Тәрбиенің бағыттары
Хат тануға үйренеді
Дін ережелерін меңгереді
Халықтың ауызекі шығармашылығын меңгереді (аңыз әңгімелер, ойындар, билер, музыка, ән айту т.б.)
Оқу-жазуға ерекше көңіл бөлінеді
Мінез-құлқының, жүріс-тұрысының дұрыс қалыптасуына мән беріледі
Әскери тәрбиенің элементтерімен танысады (садақ ату, найзаласу, салт атпен жүру т.б.)
Алғашқы қауымдық қоғам ыдырап, құлдық қоғам құрылды.
Құлиеленуші мемлекеттер ең алғаш ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды, онда рухани мәдениеттің негізі қаланды.
Месопотамияның ежелгі қалаларында оқу орындары, парктер ашылып, ірі көпірлер салынды. Оқу орындарында: философия, әдебиет, музыка, тарих, геометрия, география, математика оқытылды. Дін мәселесін меңгерді.
Мемлекеттің құрылуымен қатар үстем таптың балаларына, әскери адамдарға арнап арнайы мектептер ашыла бастады
Мектеп пен тәрбиенің дамуына әртүрлі әлеуметтік , экономикалық, мәдени, этникалық, географиялық жағдайлардың әсері мол болды.
Тәрбие қоғамдық сипат ала бастады.
Мектепте жазуға, оқуға аса мән берілді.
Ежелгі Шығыс мемелекеттеріндегі мектеп пен тәрбие нақты тарихи, мәдени , адамгершілік, идеологиялық құндылықтармен бірлікте дамыды.
Ежелгі Индияның діни және ақсүйектер мектебінде элементарлық білім берілді, діни мектептердегі білімде діни бағыт басым болды. Кейбір мектептерде философия, математика, медицина т.б. меңгертілді. Тәрбие ақыл ойды, денсаулықты, руханилықты, дамытуды көздеді, әдемілікті қабылдауға, ұстамды болуға бағдарлады.
Ежелгі Египет мектептерінде сабақ ертеден кешке дейін оқытылды: әдемі жазуға, оқуға, іс-қағаздарын әдемі толтыруға үйренді, математика, география , астрономия, медицина басқа халықтардың тілдері меңгертілді.
Ежелгі Қытай мектептеріндегі сабақтар қысқа да нұсқа өтті: сабақтың жеңілдігі оқытушы мен оқушы арасындағы түсінушілік, оқушының дербестігі ескерілді. Оқытушы оқушыны әртүрлі тапсырмаларды өздігімен дербес шешуге үйретті. Оқытудың басты мақсаты – иероглифті жазбаны меңгерту болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет