2 тақырып Тәрбиенің пайда болуы. Ежелгі және Орта ғасырлардағы мектеп пен тәрбие, педагогикалық ойлар


Тәрбие жүйесінің ерекшеліктері - сол мемлекеттердің саяси-экономикалық даму ерекшеліктері мен мәдени дәрежесіне байланысты



бет4/8
Дата16.12.2023
өлшемі320,1 Kb.
#140283
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 - л. Тәрбиенің пайда болуы

Тәрбие жүйесінің ерекшеліктері - сол мемлекеттердің саяси-экономикалық даму ерекшеліктері мен мәдени дәрежесіне байланысты.

Мәселен, екі мемлекетте де:

  • құлиеленушілер болды,
  • мектепте солардың балалары оқыды,
  • құлдарға сөйлейтін «құрал» ретінде қарады,
  • құлдарда бас еріктері болмады.

Спартадағы тәрбие жүйесі
7 жасқа дейін үйде тәрбиеленеді
7-18 ж. АГЕЛЛАМ - оқу орны. Дене тәрбиесіне көңіл бөлінеді: шыдамдылық, аштыққа, төзімділікке т.б. Әскери гимнастикалық жаттығулар: жүгіру, секіру, күрес, найзаласу, жекпе-жек, әскери әндер, музыка т.б.
18-20 ж. Эфебтар мектебі: Әскери қызмет атқарады (бекіністер құруға, әскери машиналар жүргізуге, теңіз, әскери тактиканы меңгеру, үйрену).
Тәрбиенің мақсаты – болашақ құлиеленушілерді құлдарға қарсы қою, оларға жиіркенішпен қарауға, аямаушылыққа үйрету (мысалы, түнгі жарық, құлдарды өлтіру т.б.).
Моральдық және саяси тәрбиеге көңіл бөлінді: мемлекет басшысымен кездесулер, ерлік , шыдамдылық туралы әңгімелер өткізу және т.б. Тәрбиеленушілер нақты, ықшам жауап беруге үйретілді (лаконическая речь – ықшам сөйлеу).
Афинадағы тәрбие жүйесі
7 жасқа дейін үйде тәрбиеленеді
7-13 жасқа дейін – Грамматист және Кифарист мектептерінде оқиды (ақылы).
Грамматист – оқуға, жазу, санау, әріппен оқу әдісі, санау : таяқ, саусақтар.
Кифарист – әдеби білім, эстетикалық тәрбие, музыка, өлең, тақпақ.
13-14 жаста – Палестра (күрес)мектебі. Жаттығудың бессайыс түрімен: жүгіру, секіру, күрес, найзалау, жүзу. Көпшілігінің оқуы осымен аяқталады.
15-17 жаста – Гимназия (ауқаттылардың балалары). Білім: философия, саясат, әдебиет, гимнастика. Өздерін мемлекеттің ісін басқаруға даярлады.
18-20 жаста – Эфебтар мектебі. Әскери және саяси тәрбие алды (бекіністер құруға, әскери машинаны жүргізуге, теңіз істерін, әскери тактиканы үйренеді).
Тәрбиенің мақсаты – құлиеленушілерге әскери-дене тәрбиесімен бірге білім саласынан мағлұматтар беру, құлдарға жиіркенішпен қарауға, оларды «сөйлейтін құрал» ретінде пайдалануға тәрбиелеу. Нақтырақ айтқанда: жан-жақты жетілген, ақыл- ойы толысқан, сыртқы түр-тұрпатына ішкі жандүниесі сай – идеалды (идеальный) адамды тәрбиелеу (эстетикалық, ақыл-ой, моральдық, дене тәрбиесі үйлескен).
Тәрбие жүйесінің бұлай күрделі болуы Афинаның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болды, атап айтсақ:
Афинаның экономикасы Спартадағыдай тұйық, оңашаланған емес;
Құлдар жеке меншікке айналған;
Мәдениет қарқынды дамыды (б.э.д. V-IV ғ. Жаратылыстану, математика, тарих, өнер, әдебиет, сәулет өнері, кескіндеме)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет