Ежелгі Шығыс мәдениеті Римдегі мектеп пен тәрбиенің дамуына ықпалы зор болды. Кейін Рим империясының пайда болуына байланысты – грамматикалық мектептер мен риторикалық мектептер – мемлекеттік мектептерге айналдырылды. Бұл мектептердің мақсаты – императорлық билікке бағынған чиновниктерді даярлау болды.
Ежелгі Римдегі педагогикалық идеялардың дамуына: Цицерон, Сенека, Плутарх, Квинтилиан үлкен үлес қосты.
Плутарх (б.э.д. 45-127жж.)сол дәуірдегі ірі ойшылдың бірі. Ол отбасындағы тәрбие мен оқыту мәселесіне аса назар аударады.
Құнды пікірлері:
Тәрбиенің негізі отбасында қаланатынын ескертеді.
Бала тәрбиесімен әрбір ана өзі айналысуы қажет деген көзқарасты ұстанады.
Тәрбиеде жазалау әдісін пайдалануға қарсы болады (балаға қол көтеру, періштеге қол көтерумен тең деп есептейді). Оның бұл көзқарасы «Тәрбие туралы» трактатында баяндалады.
Балаға сол кездегі Рим қоғамының талабына сай жан-жақты білім беру идеясын ұсынады.
Рим философтарының тағы бір ірі тұлғасы - Квинтилиан Марк Фабий (42-118 ж.ж.б.э.д.).Оның идеялары Римнің мәдени мұраларына негізделеді. Педагогикалық идеялары «Тілмарлыққа тәрбиелеу туралы» деген еңбегінде жан-жақты мазмұндалады. Бұл еңбекте ол өзінің риторика мектебінде жинаған тәжірибесін қорытындылайды.
Квинтилианның құнды пікірлері:
Балалардың табиғи нышанын жоғары бағалайды (табиғатынан топас, қабілетсіз бала сирек кездеседі дейді).
Балалардың тәрбиені мектептен алуына, мұғалім тарапынан әр балаға көңіл бөлінуіне аса мән береді.
Мұғалімнің білімді, ұстамды болуын, адамгершілікті мәдени қарым-қатынасымен балаларға үлгі көрсете білуін қалайды.
Мұғалімнің қызмет жолында арнайы сатылардан өтуін талап етеді. Мысалы, мұғалім өзінің алғашқы қызметін элементарлық мектептен бастап, кейіннен біраз «үлгілі мектептерде» (жоғары сатыдағы) қызмет атқаруы керек.
Балалардың тілін, сөйлеу дағдыларын (шеберлігін) ерте бастан дамытуды ұсынады.
Балаларды жағымсыз ортадан алшақ ұстау керектігін ескертеді.
Музыка мен тілді оқытуға назар аударады (бұл баланың дұрыс, таза, әдемі сөйлеуіне көмегін тигізеді).
Білім берудің шыңы – шешендік өнерді (ораторлық өнер) меңгеру, деп есептейді Квинтилианның педагогикалық еңбектері жоғары бағаланады.