Алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбиенің ерекшелігі қандай? Балалар мен жастарға арналған «Жастар үйінде» оқу мен тәрбие қандай формада ұйымдастырылды?
Ежелгі Шығыс мемлекеттеріндегі мектеп пен тәрбиенің дамуына қандай факторлар әсер етті?
Месопотамияның ежелгі қалаларындағы оқу орындарында білім алған балалар қандай кәсіпті меңгерді?
Ежелгі Египеттегі мектеп ісінің өзіндік ерекшелігі немен шектеледі? Оқыту мен тәрбиеге қандай талапт ар қойылды?
Ежелгі Индияның діни мектептерінде тәрбие мен білім қалай жүзеге асырылады?
Конфуций идеясының педагогикалық мәні немен шектеледі?
Тапсырмалар
Ұлы ғұлама Конфуций өз шәкірттеріне: «Адамды ұлылыққа жеткізетін шындық емес, керісінше шындықты ұлылық дәрежеге жеткізетін адам», қайталауды өте жақсы көрген. Өзіңіздің көзқарасыңызды негіздеңіз.
Спарталық тәрбие жүйесі мен Афиндық тәрбие жүйесіне салыстырмалы түрде мазмұндық сипаттама беріңіз, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталыңыз. Платонның осы екі жүйені таңдауының себебін анықтаңыз.
Аристотельдің «Платон менің досым, алайда ақиқат қымбат» деген сөзінің мәніне тоқталыңыз. Нақты мысалдар келтіре отырып әңгімелеңіз. Өзіңіздің көзқарасыңызды негіздеңіз.
Ежелгі Рим педагогі Марк Фабий Квинтилиан «Білімнің шыңы – шешендік өнерді (ораторлық өнер) меңгеру» деп есептейді және осындай жоғары нәтижеге оқыту жүйесінің көмегімен жетуге болады деп ескертеді. Өзіңіздің көзқарасыңызды негіздеңіз.
Орта ғасырдағы Византиядағы педагогикалық ойлардың даму кезеңдерін қарастырыңыз. Византиялық философ-педагогтардың идеяларына сипаттама беріңіз.
Ежелгі Римдегі элементарлық, грамматикалық, риторикалық мектептердің ерекшеліктеріне мазмұндық сипаттама беріңіз. Қандай жетістіктерін бүгінгі мектептерде пайдалануға болатынын анықтаңыз.
Әдебиеттер:
Әбенбаев С.Ш. Педагогика, Алматы, 2018
Иманбаева С., Таубаева Ш. және т.б. Педагогика, Алматы, 2017
Коджаспирова Г.М. Педагогика. М., 2012
Жампеисова К., Хан Н.Н. Педагогика, Алматы, 2017
Джуринский А.Н. История зарубежной педагогики. М., 2011
Балаларға күнделікті тіршілікке қажетті амал-жолдар үйретіледі Амал-жолдар Үй шаруасына қажетті заттарды даярлау
Киім-кешек даярлау
Өзінен кішілерге қарау
Азық табу