Тәрбие – адам өмірінің маңызды фундаменті (тірегі, негізі) деп түсіндіреді («Кім қандай бағытта тәрбиеленсе, оның болашағы да сондай болады»).
Тәрбиені өте ерте жастан бастау қажеттігін ескертеді.
Тәрбиеде афиндық тәрбие жүйесін қолдайды («Дене үшін – гимнастика, көңіл- күй үшін – музыка”).
Оқу бағдарламасынан еңбек процесін (түрлерін) алып тастауды ұсынады (дене еңбегіне қарсы болады).
Тәрбиенің әлеуметтік функциясын көтеруді қолдайды («Жан-жақты жетілген, өзін-өзі, елді басқара алатын азаматты тәрбиелеу»).
Платонның педагогикалық ойлары «Мемлекет», «Заңдар» деген трактаттарында көрініс алады.
Платон (427-347 б.э.д.) – Сократтың шәкірті. Платон өзінің философиялық ойларында ұстазының идеяларын дамытып қана қоймайды, «Платон менің досым, алайда ақиқат қымбат», - деп оның кейбір идеяларына өзінің көзқарасын танытып отырады.
Қызметі мен құнды идеялары:
Афинада Ликей оқу орнын ашады және оны 20 жыл басқарады.
Платонның академиясында сабақ береді.
А.Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайын – үлкен империяның негізін қалаушы) тәрбиешісі болды.
Балалардың жас кезеңдерін ұсынады (туғаннан 7 жасқа дейін; 7-14 жас аралығы; 14-21 жас аралығы).
Мектептің мемлекет қамқорлығында болуын талап етеді.
Отбасы тәрбиесіне мән береді.
Білім беру принципін ұсынды (табиғилық принципі, табиғатты сүйе білу принципі).
Адамгершілік – моральдық тәрбиеге аса мән береді. Моральдық тәрбиенің 3 негізін (табиғи нышан, моральдық дағды, сананы) дамыту керектігін ескертеді. Моральдық тәрбиенің негізін қалауда отбасының рөлін жоғары бағалайды. Оның тәрбие саласындағы пікірлері кейінгі дәуірлердегі педагогикалық ой- пікірлердің дамуына септігін тигізді.
Аристотель (384-322 б.э.д.) – Платонның өте жақын шәкірті Римдегі мектеп пен тәрбие үш бағыттағы мектептерде жүзеге асады. Мектептер Элементарлық
Грамматикалық
Риторикалық
Оқу, сызу, жазу, санау
Латын, грек тілі, риторика
Философия, заң, грек тілі, математика, риторика