Печеньенің негізгі компоненттері қант, ұн, жұмыртқа, май, сүт өнімдері, сондай-ақ жұпарландыру және көтерілуі. Қазіргі таңда печеньені жасау үшін бірнеше технологиялар бар. Оларды қамырдың түрі мен құрамына байланысты таңдайды. Печенье жасау технологиясының ең қарапайым түрі- құмшекерлі печенье. Алдымен рецепте жазылған көрсетілгендей құрамына кіретін заттарды дайындап аламыз. Оларды дайындау шикізатты илеп, сүзіп, жұмсартып, керек температураға дейін қыздырады. Содан кейін қамыр илейтін машинаға немесе кондитерлік миксерге жібереді. Онда олар дұрыстап араластырылынады. Содан кейңн қамырды қлмен белгілі бір мөлшерлі көлемге бөледі. әрбір бөлікті форма беретін машинаға жібереді. Керегіне байланысты печеньеге жаңғақ, қант себеді. Белгілі бір температурада біркелкі жылтыр қоңыр түске боялғанша дейін пысырады. Содан кейін пештен алып шығып, біраз уақыт суытып, сатуға дайындайды.