Сол себептен печенье өнімдерінің сапасын жоғарылату қазіргі кездегі өндіріс орындарының алдында тұрған мәселенің бірі болып табылады.
Ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – негізгі шикізаты ұн болып табылатын кондитерлік өнімдердің бір бөлімі. Осы ұннан жасалатын кондитерлік өнімдерге қолданылатын шикізаттар жоғары құндылығымен ерекшеленеді. Оның құрамында ақуыздар, майлар, көмірсулар кездеседі.
Ұннан жасалатын кондитер өндірісінде негізінен бидайдан жасалатын жоғарғы, Ι, ΙΙ сорттары сонымен қатар соя және сұлы ұндары қолданылады.