2. Тіс тазалаудың әдістерін атаңыз


Басс, Стилман, Чартер әдістері



бет2/29
Дата02.06.2023
өлшемі84,77 Kb.
#98392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
30 дык ауыз куысы 1 (копия) (копия)

Басс, Стилман, Чартер әдістері
Әдістер қызылиек массажын және вестибулярлы және оральды беткейлерді вибрациялаушы қозғалыстармен, ал шайнау беткейлерін горизантальды қозғалыстармен тазартатындықтан біріктірілген.
Басс әдісі щетканың алаңы мойыналды аймағында және жабысып жатқан қызылиек жиегіне, ұштары қызылиекке қараған қылдар тіс беткейімен 450 бұрыш түзіп орналасқанын қарастырылады. Қылдардың ұштары тіс беткейі мен қызылиекте қозғалмайтындай бекітіледі, щетканың басымен алға-артқа шамалы қозғалыстар жасайды, вибрацияны қозғалыстар кейбір қысқа сыпырушы қозғалыстармен ауыстырылады. Кейін щетканы көрші сегментке ауыстырады. Әдіс қызылиектік жүлгені тазартуға мүмкіндік береді. Жалаңаштанған түбірді тазалау үшін жақсы болып келеді (тек қана жұмсақ щетка қолданылады).
Стилман әдісі Басс әдісінен щетка басының вибрациялаушы қозғалыстары қызылиекті ала отырып орындалатындығымен; айналмалы қозғалыстар қызылиек жиегі бойымен 20 қысқа сілкімелі қозғалыстармен ауыстырылады.
Чартер әдісі Басс әдісінен қылдардың ұштары қызылиекке емес, шайнау беткейіне тазартылатын беткеймен 450 бұрыш түзе отырып қарағандығымен ерекшеленеді. Щетка басының қозғалыстары айналмалы, жұмсақ, сілкімелі; бұл кезде қылдардың ұштары тісаралық кеңістіктерге ене алады. Вибрациялар циклі әрбір тісаралық кеңістікте 3-4 рет қайталанады. Бұл әдіс қабынған немесе операция жасалған периодонтқа (жұмсақ щеткамен) қолданылуы мүмкін, зақымдалған (редуцирленген) қызылиекте тісаралық кеңістіктерде проксимальдыаралық аймақтарды жақсы тазартады; алынбайтын ортодонтиялық аппаратты бар тістерде қолданылуы мүмкін.
«Вибрационды» әдістердің артықшылықтары: қызылиек жиегінде қан айналысын стимуляциялау, тістердің барлық беткейлерінің мойыналды аймақтарын тазарту, проксимальдыаралық аймақтарды тазарту, ортодонтиялық бастырмасы бар тістерді, сонымен қатар қабынған немесе операция жасалған периодонт кезінде тазарту мүмкіндігі.
Әдістердің кемшілігі: тіс сауытының басқа аймақтарының жеткіліксіз тазалануы, жоғарғы техникалық күрделілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет