2. Тіс тазалаудың әдістерін атаңыз


Ұлпа қабынуы ауруларынын түрлеріне түсініктеме беріңіз



бет8/29
Дата02.06.2023
өлшемі84,77 Kb.
#98392
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
30 дык ауыз куысы 1 (копия) (копия)

9.Ұлпа қабынуы ауруларынын түрлеріне түсініктеме беріңіз.
Аурудың клиникалық белгілеріне, жайылу ерекшеліктеріне сүйене отырып жасалған клинико-анатомиялық жүйені Гофунг Е.М. (1927) ұсынған. Бұл жүйе төмендегідей:
Ұлпаның жедел қабынуы:
• жартылай жедел қабынуы;
толық жедел қабынуы;
• толық іріңді қабынуы;
Ұлпаның созылмалы қабынуы:
• ұлпаның жай немесе қарапайым қабынуы;
• өсе немесе гипертрофиялы қабынуы;
•шіри немесе гангренозды қабынуы
Ұлпа қабынуының Платонов Е.Е., (1968) ұсынған жүйесі:
•ұлпаның жедел қабынуы: а) ошақты ; б) жайыла (диффузный);
•ұлпаның созылмалы қабынуы: а) фиброзды; б) гангренозды (шіри); в) гипертрофияланып (өсе қабынуы); г) ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі.
Е.С.Яворская және Л.И.Урбанович (1964) ұсынған жүйемен де таныстырған дұрыс деп таптық. Олар ұлпа қабынуының төмендегі түрлерін ажыратады:
1.Ұлпаның жедел қабынуы: ұлпаның қызаруы (гиперемия пульпы), ұлпаның жарақаттан қабынуы (ұлпаның кездейсоқ ашылуы, тістің ұлпасы ашыла сынуы),
шектеле қабынуы, cарысулы жайыла қабынуы, іріңді жайыла қабынуы.
II.Ұлпаның созылмалы қабынуы:
Ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы
Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы
Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы
Ұлпаның созылмалы конкрементті қабынуы
III. Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі
IY. Периодонт қабынуымен асқынған ұлпа қабынуы
Қазақтың Ұлттық медицина университетінің стоматология институтының терапиялық стоматология кафедрасында Е.Е.Гофунг және Т.Т.Школяр жүйелері негізінде құрылған жаңа жүйе қолдау тапты. Ол төмендегідей:
Ұлпаның жедел қабынуы (острый пульпит):
 ұлпаның жартылай жедел қабынуы (острый частичный пульпит),
 ұлпаның толық жедел қабынуы (острый общий пульпит);
 ұлпаның жедел іріңді қабынуы (острый гнойный пульпит);
Ұлпаның созылмалы қабынуы (хронический пульпит):
 ұлпаның созылмалы жай-қарапайым қабынуы(хронический простой пульпит);
 ұлпаның созылмалы өсе қабынуы (хронический гипертрофический пульпит);
 ұлпаның созылмалы шіри қабынуы (хронический гангренозный пульпит);
• Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі (обострение хронического пульпита);
• Ұлпаның гематогендік қабынуы(гематогенный пульпит);
• Ұлпаның ретроградтық қабынуы (ретроградный пульпит);
• Ұлпаның конкрементті қабынуы (конкрементозный пульпит);
• Ұлпаның жарақаттан қабынуы (травматический пульпит);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет