2. Тіс тазалаудың әдістерін атаңыз


Созылмалы периодонтит клиникасы,еміне тісініктеме беріңіз



бет6/29
Дата02.06.2023
өлшемі84,77 Kb.
#98392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
30 дык ауыз куысы 1 (копия) (копия)

7.Созылмалы периодонтит клиникасы,еміне тісініктеме беріңіз.
Периодонттың созылмалы қабынуы клиникалық белгілерге аса бай емес. Сондықтан созылмалы қабыну өршу сатысымен асқынбаған жағдайда, тісі сырқат адам көпке дейін стоматолог-дәрігерге көрінуге келе бермейді.
Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы.Қабынудың бұл түрі өз бетімен дамыған жедел қабынудың барысы ретінде және дұрыс емделген созылмалы қабынулардың басқа түрлерінің (гранулденіп және гранулемаланып) дұрыс емделу нәтижесі ретінде дамуы мүмкін. Периодонттың фиброзды қабынуы көптеген тістер жұлынған кезде тіс қатарында қалған тістерге шайнау күшінің шамадан тыс түсуіне байланысты дамуы да мүмкін. Бұл кезде тіс сауыты бұзылмаған болады және периодонт тінінің фиброздануға ұшырауына байланысты түбір ұшы аймағындағы периодонт саңылауы біркелкі кеңейеді.
Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы кезінде тісі бұзылған адам ешқандай ауыру сезіміне шағымданбайды, тек тісінің түсінің өзгергенін, тісінде қуыс пайда болып, ас қалдықтарына толып, нашар иіс туындатқанын, ыңғайсыздық сезімін байқағанын айтады. Егер тісінде тісжегі қуысы анықталған болса, беткей немесе терең сүңгілеп және қағып тексергенде ауыру сезімі болмайды, сауыт қуысы көбінесес ашық болады. Температуралық және химиялық тітіркендіргіштерге ешқандай жауап туындамайды, тіс күші 100 мка дейінгі электр тогына жауап бермейді. Тіс төңірегіндегі қызылиек өзгеріске ұшырамайды. Қорытынды диагноз тек рентгендік тексеру әдісінің көмегімен қойылады.
Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы.Периодонт қабынуының бұл түрі де уақытында емделмеген жедел қабынудан дамиды немесе біріншілік созылмалы қабыну үрдісінің белгілі бір сатысына жатады. Көп жағдайда ешбір клиникалық белгісіз дамиды, ал кейде сырқат тісте әлсіз ауыру сезімдері (тіс түбірі ұшы тұсында ыңғайсыздық, ауырсыну, кернеу сияқты) мазалауы мүмкін. Оқта-текте сырқат тіспен ас шайнағанда аздаған ауырусыну белгісі біліну мүмкін. Ауық-ауық қызыл иектің түбір ұшы проекциясы деңгейінде жыланкөз пайда болып, мазалауы да мүмкін.
Қарап тексергенде, сырқат тісте үлкен тісжегі қуысы анықталады, көбінде сауыт қуысымен байланысқан. Беткей және терең сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі болмайды. Температуралық тітіркендіргіштерге ешқандай жауап болмайды, тістің ЭҚ. 100 мка. жоғары. Тісте кейде тұрақты пломбы тұруы да мүмкін (ертеректе асқынбаған немесе асқынған тісжегімен емделген болса).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет