2. Тіс тазалаудың әдістерін атаңыз


Пародонт тіндері дегеніміз не және оның атқаратын қызметтерін атаңыз



бет10/29
Дата02.06.2023
өлшемі84,77 Kb.
#98392
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
30 дык ауыз куысы 1 (копия) (копия)

12.Пародонт тіндері дегеніміз не және оның атқаратын қызметтерін атаңыз.
Пародонт дегеніміз тісті қоршаған және оны альвеолада ұстап тұратын күрделі морфологиялық тіндер жиынтығыПародонт тіндері:қызыл иек,периодонт,альвеола сүйегі,цемент
Пародонттың қызметтері:
1. трофикалық қызмет – микроциркулярлық қан тамырлары және нерв рецепторлары арқылы.
2. пластикалық – эпителийдің базальды мембранасы және арнайы жасушалармен белгілінеді
3. тіреп ұстап тұру
4. қорғаныс қызметі – қызыл иек мүйізгектенуі, клеткалық элементтер, қызыл иек сайының және қызыл иек сайы сүйығының арқасында жүзеге асады.
5. амортизациялық – барлық қысымдарды бір қалыпты тегіс тарату.
6. сенсорлық қызмет.
Пародонт сыртқы орта мен ішкі факторлардың әсерінен әрдайым өзгерістерге ұшырап
отырады. Кейде күшті әсердің салдарынан пародонтқа үлкен салмақ түсуі ықтимал. Бұл
кезде оның жарақаттанбауы да мүмкін, себебі, пародонт өмір бойы үнемі жаңа өзгеріс
шарттарға ыңғайланып отырады. Мысалы сүт және тұрақты тістердің жарып шығуы,
тістесуден тіс тіні шетінеуі, тағам сипатының өзгеруі, организмнің әр түрлі аурулары,
жарақат және тағы басқалары. Яғни бұдан пародонттың әр ортаға бейімделуге мүмкіншілігі
бар деп қорытынды
жасауға болады.
1. Қорғаныш қызметі пародонттың тұтастылығымен жүзеге асады. Организмді әр
түрлі ортаның қолайсыз ықпалынан сенімді қорғайды. Пародонттың бұл қызметі мынадай
жағдайлармен айқындалады:
1/ көбе эпителиінің
мүйізгектену қабілетінің болуы – пародонттың қабыну процесінде бұл қабілеті бұзылады;
2/ коллагенді талшықтардың көп саны мен әр бағытта орналасу ерекшелігімен;
3/ көбенің қысым күшінің байланыс күйі (тургор десны);
4/ пародонттың дәнекер - тінді түзілістеріндегі глюкозамингликандардың жағдайы;
5/ тіс-көбе саңылауының құрылыс ерекшелігі мен қызметімен айқындалады;
6/ сілекейдің құрамында биологиялық белсенді заттар лизоцим, ингибиннің болуына
байланысты микробтарға қарсы қызметінің болуымен;
7/плазматикалық клеткалардың микробтардың организмге енуіне бөгет жасайтын заттың
түзілуіне жағдай жасауымен айқындалады.
2. Қоректік қызметі кең тармақталған капиллярлар мен нервті рецепторлар торымен
қамтамасыз етіледі.
3. Шайнау қысымын реттеу қызметі пародонттың көптеген нервті рецепторлардың
көмегімен жүзеге асырылады.
4. Пародонттың өзгерген тіндерді қайтадан құру қызметі. Бұл қызметті атқаратын
цементоциттер мен остеобластар болып табыладЫ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет