2. Тіс тазалаудың әдістерін атаңыз


Ауыз қуысының вирустық ауруларын емдеуге арналған препараттар туралы түсініктеме жазыңыз



бет14/29
Дата02.06.2023
өлшемі84,77 Kb.
#98392
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
30 дык ауыз куысы 1 (копия) (копия)

17.Ауыз қуысының вирустық ауруларын емдеуге арналған препараттар туралы түсініктеме жазыңыз.
Ауыз кілегей қабығы ауруларының ішінде вирустық аурулар ерекше орын алады. Ересек адамның ауызында вирустардың біраз түрлері орын тепкен. Көбіне олар организмде жасырын түрде кездеседі, ал организмнің қарсыластығы төмендеген кезде көбейіп, ауру туындатады. Дені сау адамдардың ауызында қарапайым ұшық вирусы (вирус простого герпеса), цитомегаловирус, аденовирустар, энтеровирустар, реовирустар және басқалары (белгісіз вирустасушылық – бессимптомное вирусоносительство) кездеседі.
Жалпылай емдеу:
•Вирусқа қарсы дәрілерді (таңдай білу керек) алғашқы күндері тағайындайды: бонафтон 0,1г 3-4 рет 5 күн қабылдаған соң 1-2 күн үзіліс жасап, қайта қабылдайды (емдеу ұзақтығы 2-3 курс); ацикловир (зовиракс, виролекс) 0,2 г күніне 5 рет 5-10 күн қабылдайды. Балаларға дәрінің жарты мөлшерін береді. Неовир – бұлшық етке әрбір 48 сағаттан кейін енгізеді. Емдеу курсы 7-10 иньекциядан тұрады. Циклоферон-арнулы схемамен бұлшық етке енгізеді, емдеу курсы 10 иньекциядан тұрады. Неовир мен циклоферонды 12 жастан кейін қолдануға болады. ДНК (дезоксирибонуклеиназа) 10-25 мг натрий хлоридінің изотониялық ертіндісіне ерітіп күнара бұлшық етке енгізеді, емдеу курсы 6-10 иньекциядан тұрады.
•Ауыру сезімін азайтып, ыстықты басатын дәрілер: парацетамол, панадол, амидопирин, аспирин, ибупрофен (науқастың жасына сәйкес) тағайындайды.
•Гистаминге қарсы дәрілер: супрастин, фенкарол, тавегил, антигистамин, алсет, ломилан, траксил, диазолин, димедрол, зиртек тағайындаған тиімді.
•Витаминдерді жекелей немесе жиынтық түрінде: аскорутин 0,05г- күніне 3-4 рет, аскорбин қышқылы 0,05г күніне 2-3 рет; поливит, дуовит, триовит, олиговит, джунгли, альфавит, альфагин, супрадин және б., тағайындайды. Организмнің реактивтілігін көтеру үшін – 150 мг тәулігіне 2-3 рет 7-9 күн лизоцим, фузобактериялармен асқыну қаупі болған жағдайда метронидазол тағайындайды. Сілтілі минералды суды, шайды көбірек ішіп, жаралы ошақтарды аса тітіркендірмейтін жұмсақ тағамдар қабылдау туралы ақыл-кеңес беріледі.
Жергілікті емдеу.
•Ауыру сезімін басу – анестетиктер ерітінділерін (1% тирмекаин, 1-2% пиромекаин, 1-2% лидокаин ертінділері) жарақат ошағына бастырма қою немесе аэрозольдық препараттарды(«10%Лидокаин»-эорозоль, «Лидестин» және «Xylostesin» аэрозольдарын) қолданып уақытша жансыздандыру.
•Антисептиктер және ферменттермен өңдеу (өңдеуді әрбір 3-4 сағат сайын жүргізген жөн). Антисептиктерден 0,25-0,5% сутегінің асқын тотығын, 0,25% хлорамин, 0,5% этоний, 0,1% госсипол, хлоргексидиннің 0,06% ертінділерін, ферменттерден дезоксирибонуклеазаның 0,2%, лизоамидазаның 1%, трипсин, химотрипсиннің 1% ертінділерін қолданған тиімді.
•Алғашқы күндері (3-4 күн ұдайы) тазаланған және өңделген жарақат ошақтарына вирусқа қарсы дәрілермен (ертінділермен және жақпамайлармен) аппликат қойған жақсы нәтиже береді. Олар - 1% бонафтон, 5% ацикловир, 0,5% флореналь, 3% госсипол, 2-5% алпизарин, 3% мегасин, 1-5% хелепин немесе хедилеспин, 50% интерферон жақпамайлары.
•Қабынуға қарсы жақпамайлар мен гельдерді де (бутадион жақпамайы, мундизаль гелі, пиралвекс, гепарин, 0,025% синафлан жақпамайлары) пайдалануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет