2. Тіс тазалаудың әдістерін атаңыз


Ауыз қуысы гигиенасының жеке құрал жабдықтары.Ауыз қуысы гигиенасының қосымша құралдарын атаңыз



бет3/29
Дата02.06.2023
өлшемі84,77 Kb.
#98392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
30 дык ауыз куысы 1 (копия) (копия)

3.Ауыз қуысы гигиенасының жеке құрал жабдықтары.Ауыз қуысы гигиенасының қосымша құралдарын атаңыз.
Ауыз қуысының жеке гигиенасыныңқұрал заттары:Негізгі заттар:- тіс щеткалары;- тіс сықпалары.
Қосымша заттар:- тіс тазартқыштар;- тіс жіптері (флосстар);- тіс стимуляторлары;- ершиктер;
- ирригаторлар;- тілге арналған щеткалар;- электрлік тіс щеткалары;- сұйық заттар.
Тіс және қызыл иек беткейінен тіс қағын механикалық жою тіс щеткасының көмегімен жүргізіледі. Тіс щеткасын қажетіне сай қолдана отырып, максимальды эффектілі мақсатпен ойдағы нәтижеге жету үшін щетканы таңдағанда өлшеміне,формасына, стоматологиялық және гигиеналық дәрежесіне көңіл бөлген жөн. Көп жылдар бойы табиғиталшықтардан құралған тіс щеткалары
қолданылып келді, тек соңғы жылдары синтетикалық талшықтан (нейлон,сетрон, перлон, дерлон, полиуретанжәне т.б) жасалған тіс щеткалары жиі кездеседі.
ЩЕТКАНЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША:Табиғи Синтетикалық
ЩЕТКАНЫҢ ҚАТТЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ:Өте,жұмсақ (d=0,15-0,18мм);.Жұмсақ (d=0,2мм-ге дейін);.Орташа қаттылық(d=0,22мм-гедейін);Қатты(d=0,24мм-ге дейін);Өте қатты(d=0,26мм-ге дейін).
ЖҰМЫС БӨЛІГІНІҢ ӨЛШЕМІ БОЙЫНША:Балаларға арналған;Жасөспірімдерге арналған;Ересек адамдарға арналған;Арнайы тағайындалған.
Стандартты(гигиеналық) – тісті әдеттегідей күнделікті тазарту үшін қолданылады.Профилактикалық (пародонтологиялық) –ретромолярлық аймақ сияқты қиын тазартылатын жерлерді тіс қақтарынан және ас қалдықтарынан тиімді тазартуға мүмкіндік береді. Оларға қылы көп деңгейлі, қылында күш салатын шығыңқысыбар, қылының ортасы тереңдетілген, қылында микротекстурасы бар щеткалар жатады.арнайы – ортодонтияда пайдалануға арналған.Тіс щеткасының негізгі қызметінің бөлігі басы болып табылады.
Ертеде көбіне үлкен басты тіс щеткалары жиі қолданылған, алқазір кіші басты щеткалармен тісті жуу дұрыс деп есептелінеді,өйткені олар ауыз қуысында оңай қозғалып, ауыз қуысының алшақ
бөлімдерін сапалы тазартады. Талшықтардың түйіндерінің арасындағы ең оптимальді ара қашықтық – 2,2 – 2,5 мм.Параллельді түйіндерді отырғызу ең ыңғайлы, әрі қарапайымболып саналады. Шетелде қолданылатын жұпты бағыттағытүйінді отырғызу (V – бейнелі) параллельді отырғызудан еш артықшылыққа ие емес.
ТІС ТАЗАЛАУ ӘДІСІСтандартты әдіс
Тіс қатарын бірнеше сегменттерге бөледі: молярлар,премолярлар (егер болса), алдыңғы тістер (екі жағы);Тісті тазалау тіс қатары ашық күйінде жүргізіледі;Щетканы тіс қатары беткейінен 45 градус етіп ұстап тазалайды;Жоғарғы жақтың сол жағындағы тістердің ұрттық бетінен бастап
тазалайды.Щеткамен 10-15 сыпырмалы(вертикальды)қозғалыстар жүргізеді, кейін басқа сегменттерге өтеді;Келесі молярлар мен премолярлардың шайнау беткейін тазалау– шайнау беткейін 10-15 рет алға-артқа бағытталған қозғалыстар
арқылы тазалау;Төменгі жақтың тістерің тазалау да сол ретпен жүреді. 1-шіұрттық, тілдік, сосын шайнау беткейлерін тазалайды.Күрек тістердің таңдайлық және тілдік беткейлерін тазалау үшін
щетканы тіс қатарына перпендикулярлы етіп тазалайды;Тісті тазалау қызыл иек массажымен аяқталады. Тіс қатары жабық күйінде щеткамен солдан оңға қарай тісті және қызыл
иекті қоса айналмалы қозғлыстар жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет