20 балл Инженерлік геологияны ғылым, оның негізгі салалары, басқа ғылымдармен байланысы ретінде анықтаңыз. Геологияның дамуының негізгі кезеңдері


Минералдарды сипаттаңыз. Минералдардың физикалық қасиеттері



бет13/38
Дата22.11.2023
өлшемі87,29 Kb.
#125116
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Байланысты:
1 GEOTEKhNIKA (1)

15. Минералдарды сипаттаңыз. Минералдардың физикалық қасиеттері
Минерал (ескі лат. mіnera – кентас кесегі) – химиялық құрамы және физикалық қасиеттері бір текті табиғи дене. Ол жер бетіндегі немесе жердің (ғарыш денелерінің) қойнауындағы физикалық - химиялық процестерге байланысты пайда болып, тау жыныстарын, кентастар мен метеориттерді, т.б. құрайды. Минерал негізінен қатты денелер.
Минералдардың физикалық қасиеттерін зерттеп білудің екі мәні бар. Оның бірі - сол қасиеттері арқылы бір минералды екінші минералдан айыра білу. Мұны диагностикалық белгі деп атайды. Екіншісі, физикалық қасиеттерін білу оларды өндірісте, тұрмыста қолдану үшін керек.
1. Минералдардың түстері үшке бөлінеді. Оның біріншісі - минералдың құрамына кіретін заттардың түсіне, (идиохромат бояу), екіншісі - минерал ішіндегі қоспа заттардың түсіне (аллохромат бояу), үшіншісі - басқа кездейсоқ жағдайға байланысты. Үшіншісін кейде жалған түс деп атайды (псевдохромат бояу). Бірсыпыра минерал аттары сол бояу түсіне қарай қойылған. Мысалы, хлорит жасыл болады (хлорос - грекше жасыл деген сөз), рубин деген қызыл түсті асыл тасты арабша лағыл немесе қызыл жақұт дейді (рубер - латынша қызыл деген сөз) малахит - ашық көк түсті минерал. Киноварь арабтың (киннабрис - "аждаһаның қаны" - деген сөзінен шыққан).
Қазіргі уақытта минералдың түстерін дәл өлшейтін аспаптар бар, олар минералдың спектр сәулесін жұту мөлшерін өлшеу арқылы түсінің қанықтығын анықтайды.
2. Сызық түсі. Минералдың сызық түсі дегеніміз оның майда тозаң түріндегі түсі. Оны анықтау үшін фарфордың күңгірт бетін минералмен сызып көреді. Әр типті минералдар тек өзіне тән сызық түсін қалдырады. Мысалы, пириттің негізгі түсі қола сары да, сызығы-қара, гематиттің түсі-қорғасынша сұр, ал сызығы-қызыл т. с. с.
3. Жылтырлық. Минералдың бетіне түскен жарық сәулесі белгілі бір мөлшерде шағылып, оның жылтырлық қасиетін сипаттайды. Мысалы, алмаз (гаухар) сияқты асыл тастардың негізгі қасиеті - жылтырлығы, олар әр қырынан сәуле шашыратып тұрады. Минералдың жылтырлық қасиеті мына түрлерге бөлінеді: шыныша, алмазша,сабынша,шала металша,металша,топырақша жалтырау.
4. Мөлдірлік. Минералдың мөлдірлік қасиеті олардың жылтырлық қасиетімен тығыз байланысты. Мөлдірлік дегеніміз - минералдың жарық сәулені өткізгіштік қасиеті, минералдың сәуле жұту қабілеті жоқ болса немесе өте аз болса, ол минерал мөлдір болғаны. Мөлдірлігіне қарай минералдар үш топқа бөлінеді:
Мөлдір минералдар (кварц, исланд шпаты, гипс, кальцит, мусковит);
Шала мөлдір минералдар (киноварь, хальцедон, опал, сфалерит);
Мөлдір емес минералдар (пирит, магнетит, т.с.с.).
5. Жымдастық. Жымдастық деп кристалды заттардың белгілі бір бағытта жарылғыштығы немесе ыдырағыштығын айтады.
6. Қаттылық. Қаттылық деп минералогия ғылымында көбінесе бір минералды екінші минералмен тырнап сызғанда соған кедергі жасау дәрежесін айтады. Минералдың қаттылығы оның сыртқы механикалық әсерге (тырналу, шегіну) қарсы тұру қабілетімен анықталады. Минералдардың салыстырмалы қаттылығы XIX ғасырдың басында австриялық минеролог Ф. Моос ұсынған қаттылық шкаласы бойынша бағаланады (1772-1839). Моос шкаласы қаттылықтың өсу ретімен орналасқан 10 ЭТАЛОН-минералдан тұрады: әрбір алдыңғы минерал кейіннен сызат түсед
7. Тығыздық. Тығыздық, минералдың химиялық құрамы мен кристаллдық тордағы элементарлық бөліктердің қалануына байланысты: Минералдың массасын оның көлеміне бөлсек, онда тығыздығы анықталады. Өлшем бірлігі-г/см3. Тығыздық шамасына қарай минералдар жеңіл (<2,5г/см3), орташа (2,5-4,0г/см3) ауыр (4,0-10,0г/см3), өте ауыр (>10г/см3) болып ажыратылады.
8. Морттылық, соғылғыштық, серпінділік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет