Қатты денелер өздерінің пішінін сақтайды бірақ олар өздеріне түсірілген күштердің әсерінен пішіндерін өзгертеді, яғни деформацияланады.
Дене пішінін немесе көлемінің өзгеруі: деформация деп аталады. Резеңке бауды ұштарынан тартып көріндер. Сонда баудың бөліктері бір-біріне қатысты орын ауыстырады; бау деформацияланған күйге көшеді, яғни бау ұзарады және жіңішкереді.
Резеңке бауға күш әсері тоқтатылса, ол қайтадан бастапқы қалпына келеді. Сыртқы күштер әсері тоқталғанан кейін толық жойылатын деформациялар серпінді деформациялар деп аталады. Резеңке баудан басқа, серппе соқтығысқан болат шарлар және т.б. ларда деформацияға ұшырайды.
Енді пластит кесегін алақанымызға қысайық. Қолымыздағы пластилин оп-оңай кез-келген пішінге келеді. Ал пластилиннің бастапқы пішінге келуі жүзеге аспайтыны өзінен-өзі түсінікті. Бұрын қандай пішінде долғаны пластилиннің сеінде де жоқ.
Сыртқы күштердің әсері тоқтағанан кейін жойылмайтын деформациялар пластикалық деп аталады. Тіпті бір шамалы әсерлердің өзінде балауыз , пластилин , балшық, қорғасын пластикалық деформацияға ұшырайды.
Деформацияланған дененің кез-келген қимасында ұзіліп, бөліктерге бөлініп кетпеуі үшін кедергі жасайтын серпінділік күші әсер етеді. Кернеу немесе дәлірек айтқанда, механикалық кернеу деп F серпінділік күші модулінің дененің көлденең қимасының S ауданына қатынасын айтамыз;
Гук заңы. Шамалы деформацияларда кернеу О салыстырмалы ұзару Е-ге тура пропорционал екенін тәжірибе көрсетті. Бұл тәуелділік Гук заңы деп аталады. Гук заңына енген пропорционалдық кооэфициент Е серпінділік модулі немесе Юнг модулі делінеді.
Пропорционалдық пен серпінділіктің шектері. Гук заңы шамасыз аз деформациялардан демек, белгілі бір шектен артпайтын кернеулерде орындалатыны туралы біз айтқан болатынбыз. Әлі де Гук заңы орындалатын кездегі максимум кернеу пропорционалдық шек деп аталады.
Егер жүкті арттырсақ, онда деформация сызықты болмайды. Кернеу салыстырмалы ұзаруға тура пропорционал болуын тоқтатады. Әйткенмен жүкті алып тастағанан кейін аз шамалыдағы сызықты емес деформацияларды дененің пішіні мен өлшемдері іс жүзінде бұрынғы қалпына келді. Жетерліктей қалдық деформация пайда болмай тұрған кездегі максимум кернеу серпінділік шегі деп аталады. Серпінділік шегі пропорционалдық шектен процентің жүзден бір үлесіне ғана артады.
Беріктік шегі. Егер сырттай түсірілген жүктің шамасы материалдағы кернеудің серпінділік шегінен артып кетсе, онда жүкті алғаннан кейін қысқарғанмен өзінің бұрынғы өлшемдеріне жете алмайды да, деформацияланған болып қалады.