20 балл Материалдық нүктенің кинематикасы туралы түсінік беріңіз


Ауырлық күші және дененің салмағы, салмақсыздық түсініктерін сипаттаңыз



бет15/15
Дата18.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94670
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Ауырлық күші және дененің салмағы, салмақсыздық түсініктерін сипаттаңыз.




Денелердің жерге тартылу күшін ауырлық күші деп атайды.
Бүкіләлемдік тартылыс заңына сәйкес денелердің Жерге тартылу күші:

F=GmM/(R+h)^2


Дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталады.


Үдеу болмаған жағдайда горизонталь жазықтықтағы дененің салмағы ауырлық күшіне тең.
Дене тіреуімен бірге вертикаль жоғары қарай қозғалған жағдайда дененің салмағы оған әрекет ететін ауырлық күшінен артық болады.
P=m(g+a)

Тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуын асқын салмақ дейді.Дененің салмағы нольге тең болатын дененің күйі салмақсыздық деп аталады.


Дене тіреуімен бірге вертикаль төмен қарай қозғалған жағдайда дененің салмағы оған әрекет ететін ауырлық күшінен кем болады.
P=m(g-a)

  1. Арнайы салыстырмалылық теориясы элементтерін сипаттаңыз.

Салыстырмалылық теориясы бастамасы салыстырмалылық принципінде негізделеді.
Салыстырмалық теориясының екі түрі бар – арнаулы салыстырмалық теориясы және жалпы салыстырмалық теориясы.
•Арнаулы салыстырмалық теориясында бірқалыпты, бірақ өте үлкен жылдамдықпен қозғалатын денелер қарастырылса,
•жалпы салыстырмалық теориясында өте шапшаң, бірқалыпты емес, үдемелі қозғалыстағы денелер қарастырылады.

Салыстырмалылық теориясында екі заң - зат массасының және энергиясының сақталуы заңдары бірігіп, энергия және зат массасының сақталуы деген бір заңға айналды.


Ұғымды 1906 жылы Макс Планк енгізген.

Эйнштейн постулаттары:


1)оқшауланған материалдық жүйеде кез келген процесс бірдей жүреді,
2)ол жүйе бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс жағдайында болуы керек. физиканың заңдары барлық инертті жүйелерде бірдей формаға ие.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет