20 балл Материалдық нүктенің кинематикасы туралы түсінік беріңіз


Бүкіләлемдік тартылыс заңын түсіндіріңіз



бет7/15
Дата18.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Бүкіләлемдік тартылыс заңын түсіндіріңіз.

Ғаламның барлық денелерінің бір-біріне өзара тартылуы гравитациялық өзара әрекеттесу деп аталады. Денелердің үлкен-кішілігене және кеңістіктегі орындарына қарамай, бір-біріне тартылысын қамтамасыз ететін айрықша қасиеті бар орта – гравитациялық өріс. Масса – денелердің инерттілігінің өлшемі ғана емес, олардың өзара гравитациялық әрекеттесуінің өлшемі болып табылады.


Бүкіләлемдік тартылыс заңы – өзара әрекеттесетін денелердің массаларына тура пропорционал және арақашықтың квадратына кері пропорционал. Бүкіләлемдік тартылыс заңының қолдану шектері.Заңды: а) материялық нүктелер үшін; б) шар тәрізді пішіні бар денелер үшін; с) өлшемдері шар өлшемінен біршама кіші денелермен әрекеттесетін радиусы үлкен шар үшін қолдануға болады. Заңды: а) шексіз өзек пен шардың әрекеттесуі үшін; б) денелер және шексіз жазықтықтар үшін қолдануға болмайды! Бүкіләлемдік тартылыс күштері бір түзудің бойында қарама-қарсы бағытта әсер етеді
Жер бетінен һ биіктігі өскен сайын g еркін түсу үдеуі (𝑅жер + h)2 шамасына кемиді.
Гравитациялық тұрақты – бір-бірінен 1м қашықтықта орналасқан массалары 1кг екі дене қандай күшпен өзара әрекеттесетінін көрсетеді. G = 6.67 * 10 -11 Н*м 2 / кг 2 . Гравитациялық өріс кернеулігі – еркін түсу үдеуі. Еркін түсу үдеуі аспан денесінің массасына тура пропорционал. Денелер бір-бірінен алыстаған кезде үдеу мәні арақашықтық квадратына пропорционал кемиді. Массасы бар кез-келген дененің айналасында гравитациялық өріс пайда болады. Әртүрлі денелердің өрістері бір-бірінен күштік сипаттама – кернеулік арқылы ерекшеленеді. Гравитациялық өзара әрекеттесу күштері денелердің ауырлық центрлерін қосатын түзу бойымен бағытталады, олар центрлік күштер болып табылады.

𝐹 = 𝐺 𝑚1𝑚2/𝑅2


Бүкіләлемдік тартылыс заңы
𝐺 − гравитациялық тұрақты Нм2/кг2
R – екі дене центрлерінің арақашықтығы м
F – күш Н
𝑚1𝑚2 − денелердің массасы кг



  1. Сұйықтықтар мен газдардың механикасын түсіндіріңіз.

Сұйықтар мен газдардың өздерінің қасиеттері бойынша қатты денелерден елеуліайырмашылығы бар.Егер қатты денелерде белгілі бір көлем менформа болса,сұйық денелердің көлемі болғанымен өзіндік формасы жоқ.Ал газдарда өзіндік көлем де жоқ,формада жоқ.Осы сияқты қатты денелерде деформцияның кез-келген түріне серпінділік қасиеті бар,ал сұйықтар тек барлық жағынан бірдей сығылғанда немесе созылғанда ғана серпінді,газдар тек сығылған жағыдайда ғана деформацияланады.


Механикада сұйықтар мен газдарды тұтас денелер деп те айтады.
Сұйықтар мен газдар механикасын олардың тыныштықта болатын жағыдайы үшін және қозғалыстағы жағыдайы үшін қарастырады.
Тыныштықтағы сұйықтар мен газдардың заңдылықтарын зерттейтін механиканың бөлімі гидро-аэростатика дейді.Ал олардың қозғалыстағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімін гидро-аэродинамика дейді.
Гидростатиканың негізгі міндеті тыныштықта тұрған сұйықтың ішіндегі қысымды анықтау.Сұйықтардың қысымы тереңдікке байланысты өзгеріп отырады.Тереңдік артқан сайын қысымда артады,яғни;
(1)
Бұл қысымды сұйықтардың статикалық қысымы дейді.
Егер сұйықтың беті ашық болса бұл қысымға атмосфералық қысым қосылады:
(2)
Гидростатиканың негізгі заңы Паскаль заңы деп аталады.
Сұйықтың немесе газдың кез келген нүктесіне түсірілген қысым барлық бағыттарға бірдей таратылады.
Паскль заңы механикада гидровликалық процес жұмысында кеңінен қолданылады.Көрсетілген сурет бойынша
бұдан (3)
Гидровликалық престер метал пластиналарды
штамптау үшін,сондай-ақ домкраттардың жұ-
мысында қолданылады.
Архимед күші.Сұйыққа батырылған денеге
онымен ығыстырылып шығарылған сұйы ауырлық күшіне модулі жағынан тең кері итеруші күш әсер етеді.
(4)
Мұндағы сұйықтың тығыздығы, сұйыққа батырылған дененің көлемі.
Егер дене сұйыққа жартылай батырылған болса,онда батырылған бөліктің көлемі.
Архимед күші кемелердің жүзу шартында негізгі рөль атқарады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет