Ньютонның үшінші заңы оның екінші заңын толықтыра түседі және денелердің қозғалыс күйлерін өзгеріске ұшырататын өзара әсер екендігін көрсетеді. Бұл заң былай тұжырымдалады: әсерлесуші екі дененің бір-біріне әсері әр уақытта сан жағынан тең, ал бағыттары жағынан қарама- қарсы болады, яғни: F = -F2
Мұнда сөз болып отырған F және F2 күштері әртүрлі дене- лерге әсер еткендіктен, олар бір-біріне теңгерілмейді. Сондықтан, оларды қосуға болмайтынын атап көрсету қажет. Бірақ белгілі бір жүйені қарастырғанда, денелердің арасындағы өзара әсерлесу күштерін қосуға болады, әрі олардың қосындысы әрдайым нөлге тең. Бұл жүйеге қатысты ішкі күштер болады, олар жүйенің қозғалыс мөлшерін өзгерте алмайды. Күштердің әсерінен дене деформацияланады, яғни оның өлшемі мен формасы өзгереді. Егер күштердің әсері тоқталғаннан кейін дене алғашқы өлшемі мен формасына қайтып келетін бол- са, онда деформация серпімді деформация деп аталады. Дененің серпімді деформациялануынан пайда болатын күшті серпімділік күші деп атайды. Ол дене бөлшектерінің ығысуына пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күш.
Үйкеліс күшін түсіндіріңіз
Үйкеліс күші – дене қозғалған кезде жанасқан беттердің бойымен қозғалысқа қарсы бағытта пайда болатын күш. Жанасатын денелердің бір-біріне қатысты қозғалысына қарай үйкеліс – сырғанау үйкелісі, домалау үйкелісі, тыныштық үйкелісі болып бөлінеді. Жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы үйкелістің пайда болу себептерінің бірі болып табылады. Жанасатын беттердегі молекулалардың өзара тартылысы үйкелістің пайда болуының басты себебі болып табылады. Үйкеліс жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына, олардың өңделу сапасына және бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді. Үйкелісті азайту үшін көбінесе майлау қолданады, подшипниктер (мойынтірек) мен ауа жастықтарын пайдаланады.
𝐹 =𝜇𝑁 үйк Сырғанау үйкеліс күшін табу үшін.𝐹 − үйкеліс күші үйк Н
𝑁 − нормаль қысым күші Н
𝜇 − үйкеліс коэффициенті