Серпімді және серпімсіз соқтығыстар жөнінде түсіндіріңіз.
Өзара әрекет кезінде бөлшектердің ішкі энергиясының өзгеру сипатына байланысты соқтығысулар процесін серпімді және серпімді емес деп екі топқа бөлу қолайлы .Осыған сәйкес соқтығусудың екі шекті түрі бар :
- Абсолют серпімді ;
- Абсолют серпімді емес
Соқтығудың барлық түрлері импульстің сақталу заңына бағынады.
Абсолют серпімсіз соққы-соққы нәтижесінде екі дене тұтас дене сияқты бірге қозғалады.
m1 V1 V2 m2
m1+m2 V’
Денелердің механикалық энергиясы энергияның басқа түріне айналмаған соқтығысуды абсолют серпімді соқтығысу деп атайды. Мұндай соқтығысу кезінде кинетикалық энергия серпімді деформацияның потенциалдық энергиясына айналады. Соқтығысқаннан кейін денелер бірін-бірі тебеді де бастапқы пішініне қайта оралады. Нәтижесінде серпімді деформацияның потенциалдық энергиясы қайтадан кинетикалық энергияға өтеді. Абсолют серпімді соқтығысуда импульстің және механикалық энергияның сақталу заңдары орындалады.
Жүйенің импульс моменті, тұйық жүйедегі дененің импульс моментінің сақталу заңын сипаттаңыз.
Айналыстағы қатты дененің кинетикалық энергиясы. Қатты дененің импульс моментінің сақталу заңын түсіндіріңіз.
Берілген бұрыштық жылдамдықпен қозғалмайтын осьтен айналатын қатты денені қарастырайық.Оны өте ұсақ элементтерге бөлейік .Сонда -ші элементтің кинетикалық энергиясы мынаған тең:
(11)
Дененің толық айналысының кинетикалық энергиясы оның жеке элементтерінің кинетикалық энергияларының қосындысына тең.
(13)
Мұндағы дененің айналу өсіне қатысты инерция моменті екендігін ескерсек :
(14)
Сонымен қозғалмайтын осьтен айналатын қатты дененің кинетикалық энергиясының формуласы материялық нүктенің кинетикалық энергиясының формуласына ұқсас,бірақ ондағы массасының инерция моменті, сызықтық жылдамдық рөлін бұрыштық жылдамдығы атқарады.
Егер дене массалар центрі арқылы өтетін оське қатысты айнала қозғалса және мұнымен қатар ілгерілемелі қозғалса онда қатты дененің толық кинетикалық энергиясы дененің массалар центрінің ілгерілемелі қозғалысының кинетикалық энергиясы мен оның айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясының қосындысына тең:
(15)