Оқу тапсырмаларыоқу мақсатымен тығыз байланысып, мақсатты болжаудың негізінде оқыту мақсатына жетудің құралы ретінде көрінеді. В.С.Аванесовтің пікірінше, оқу тапсырмалары – жоспарланған нәтижелердi оқушыларға меңгертуге бағытталған педагогикалық форма. Әрбiр тапсырма белгiлi бiр мақсат үшiн құрылған, сондықтан оның өзiндiк миссиясы мен өзiнiң сипаттамасы бар деп дұрыс атап өтiлген. Тапсырманың басты миссиясы – оқушыларды белсендi түрде өздiгімен бiлiм алу iс-әрекетiне баулу, оларды дамыту, құзыреттіліктің талап етiлген деңгейiне қажеттi бiлiм, бiлiк және дағдыларды игерту. Тапсырмалардың негiзгi түрлерi – есеп, сұрақ, жаттығу, шығармашылық тапсырма, тест формасындағы тапсырма, тест тапсырмасы, оқу проблемасы және т.б. Тапсырмалар сұрақтарға, тест формасындағы тапсырмаларға, жаттығуларға және т.б. қарағанда жалпы ұғым ретiнде қарастырылады. Олардың бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда әртүрлi мүмкiндiктерi бар және әртүрлi дидактикалық нәтижелерге алып келіп, бiрiгiп жүйе құрайды.
Психологтардың пікірінше, оқушының оқу іс-әрекетінің субъектісі болып қалыптасуы олардың өзіндік бақылау мен өзіндік бағалауды меңгеру дәрежесімен анықталады. Бақылау мен бағалау әрекеттің барлық түрінде сол әрекетті бақылау мен бағалаудың нәтижесін білдіреді. Оқу іс-әрекетінің ерекшелігіне талдау жасау, бақылау пәні оқушының өзінде болатын өзгерісті және оларды жинақтау жолын нақтылауға мүмкіндік береді. Оқу іс-әрекетін бақылау оқу тапсырмаларындағы мәтіндік тапсырмаларды шешудегі оқушының оқу тапсырмаларын шешу біліктілігін меңгеру сапасы болып табылады. Оқу іс-әрекетін қалыптастыру дегеніміз оқушылардың мұғалімнің басқаруынсыз мақсатқа бағытталған оқу мазмұнын және өзіндік оқу іс-әрекет тәсілдерін меңгеруге толығымен көшуін білдіреді. Оқу іс- әрекетін қалыптастыру оқушылардың оқу әрекетінің біртұтас актілері – оқу мақсатын түсіну мен қабылдаудан бастап тапсырмалар негізінде бақылау мен бағалау дәрежесіне жетуді орындау арқылы жүзеге асады. Бастапқыда мұның үлкен бөлігі мұғалімнің басшылығымен, содан кейін көбінесе оқушылардың өз бетінше орындалады. Сондықтан оқушының коммуникативтік құзыреттілігінің алғашқы қадамы өз іс-әрекетін және қарым-қатынасын реттеуге басшылық жасай білуінен байқалады. Олай болса баланың өзі атқарып отырған әрекеті, ендеше ақпарат алу, яғни әңгімеге тарту оның ақыл- ойының одан әрі дамуына кепіл бола алады.