2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар



Pdf көрінісі
бет9/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

Тәрбие мiндеттерi

Өз  алдына    жүйе  құрайтын  тәрбие  мақсаты  құрамды 



бөлiктер  –  жалпы  және  нақты  мiндеттерден  тұрады.  Қоғам 

96

және  мектептің  тереңнен  бастау  алған  бетбұрыс,  өзгерiстерi 

тәрбиенің  нақты  мiндетiн  белгiлеуде  көптеген  қарама-

қарсылықтарға  жол  ашты.  Бұл  қарсылықтар  осы  күнге  дейiн 

шешiмiн  таппай,  тiптi  өршелене  жалғасуда.  Осыдан,  бiз 

дәстүрлi  тәрбие  мiндеттерiмен  қатар  өмiр  талабы  қажет  етiп 

отырған жаңаларында көзден таса ете алмаймыз. 

Қолданымда  келе  жатқан  дәстүрлi  педагогикада  тәрбие 

мақсаттарының  жүйесi  келесi  үлкен  мiндеттер  тобын 

қамтиды.  Бұлар  –  ақыл-ес  (интеллектуалды),  дене,  еңбек 

және  политехникалық,  адамгершiлiк,  эстетикалық  (көңіл-күй) 

тәрбиесi. Қазіргі замандағы қоғамның өмiрi мен дамуы маңызды 

жеке  мiндеттер  қатарында  оқушылардың  экономикалық, 

экологиялық  және  құқықтық  тәрбиесiн  өз  алдына  тартып 

отыр. Аталған мiндеттер ауқымы өте кең болғандықтан, олар 

педагогикалық теория мен тәжірибенің жеке мәселелер тобы-

на айналып, өз алдына қарастыруды талап етуде. 



Ақыл-ес  тәрбиесi  оқушының  зердесін,  танымдық 

мүмкіндiктерiн,  бейiмдiлiгi  және  дарынын  тәрбиелеуге 

бағдарланған.  Оның  басты  мiндетi  –  оқушыларды  ғылым  не-

гiздерiне  байланысты  бiлiмдер  жүйесiмен  қаруландырып, 

оларда дүниетаным бастауларын қалыптастыру. Дүниетаным 

–  бұл  табиғат,  қоғам,  адами  құндылықтар,  еңбек,  өмiр  мәнi 

және танымға орайластырылған көзқарастар жүйесi. Қаланған 

дүниетаным әр оқушыға қоғам және табиғат өмiрi құбылыстарын 

тереңнен  түсiнуге,  бұл  құбылыстарды  саналы  деректеп,  оған 

болған  өз  қатынасын  қалыптастыруға,  яғни  өз  өмiрiн  саналы 

құрып, еңбек етуге және игерген бiлiмдерiн iскерлiкпен табиғи 

байланысқа келтiруге негiз салуы тиiс. 

Саналы игерiлген бiлiмдер жүйесi парасатты ойлау, ес, зейiн, 

қиял,  ақыл  қабiлеттерiнің  дамуына  ықпал  жасап,  бейiмдiлiк-

терi  мен  дарынына  жол  ашады.  Ақыл  тәрбиесiнің  мiндеттерi 

төмендегiдей: 

– ғылыми бiлiмдердің белгiленген көлемiн игеру;

– дүниетаным қалыптастыру;

– ақыл қуат қабiлеттерi мен дарынын өрiстету;

танымдық қызығуларды ояту;

–  тұлғаның  табиғаттан  берiлген  мүмкіндiктерiн  ашып, 

дамыту;


97

– танымдық белсендiлiк қалыптастыру;

– ұдайы өз бiлiмдерiн толықтырып бару және жалпы бiлiмдiк 

дайындық деңгейiн жетiлдiру қажеттiктерiн дамыту;

–  оқушыларды  танымдық  iс-әрекет  әдістерiмен  қарулан-

дыру;


– ойлау тәсiлдерi мен шығармашылық қызмет тәжiрибесiн 

қалыптастыру.

Мектептің  аса  маңызы  мiндеттерiнің  бiрi  болған  ақыл 

тәрбиесiнің  қажеттiгi  ешбiр  күмән  келтiрмейдi,  бiрақ  оның 

мазмұны  жеке  тұлға  дамытуға  бағдарланбай,  бұрынғыша 

–  қалыптасқан  желiмен  бiлiм,  ептiлiк  және  дағдылар  тобын 

игерудi ғана көздейдi. Бiлiмдендiру аймағында кей уақыттары 

оның  аса  маңызды  болған  бiрлiктерi  -  әрқилы  форма  және 

түрдегi  iс-әрекеттер  және  қоршаған  дүниеге  болған  көңіл-күй 

–  құндылықты  қарым-қатынастар  тәжiрибесi,  т.б.  еленбей 

қалды. Нәтижеде бiлiм гармониясы ғана жойылып қалмастан, 

сонымен бiрге мектептің өзiнің де бiлiмдiк деңгейi төмендейдi. 

Алдыңғы  қоғам  қайраткерлерi,  дүниедегi  барша  елдердің 

ғалымдары,  соның  iшiнде  бiздің  де  зиялыларымыз  бiлiмдi 

идеологияға бағындыру әрекеттерiне, жастарды идеологиялық 

күресте  субъективизмге  жетелейтiн  тарих,  әдебиет  бойынша 

бiлiмдердің  шынайы  мазмұнын  бұрмалап  беруге  қарсылық 

бiлдiруде. Педагогтардың көпшiлiгi ауыспалы өмiр өзгерiстерiн 

ескерумен  бiлiм  бағыттарын  өмір  шындығы  негізінде  ұдайы 

жаңалап баруды талап етуде. 



Дене  тәрбиесi  –  барлық  тәрбие  жүйелерiнің  ажыралмас 

құрамды  бөлiгi.  Жоғары  дамыған  өндiрiске  негiзделген  қазiргi 

қоғам  кәсiпкерлiк  мекемелерде  өнiмдi  еңбек  етуге,  салмақты 

жүктемелердi  орындауға,  Отан  қорғауға  дайын  мықты  да 

шыдамды,  денi  сау,  жарамды  адамдарды  қажет  етедi. 

Оқушылардың тиiмдi ақыл және еңбек әрекетiмен шұғылдануға 

қажет  сапаларын  қалыптастыру  да  осы  дене  тәрбиесiне 

байланысты.

Дене тәрбиесiнің мiндеттерi: 

–  денсаулықты нығайту, дұрыс тән-дене дамыту;

–  ақыл және iс-әрекет қабiлетiн көтеру;

–  табиғи қозғалыс мүмкіндiктерiн дамыту және жетiлдiру;

–  қимыл-әрекеттердің жаңа түрлеріне үйрету;


98

–  негiзгi қимыл-әрекет сапаларын дамыту (күшiн, ептiлiгiн, 

шыдамдылығын және т.б.);

–  гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;

–  iзгiлiк  қасиеттерiн  тәрбиелеу  (ержүректiк,  табандылық, 

батылдық, тәртiптiлiк, жауапкершiлiк, ұжымшылдық);

–  спорт  және  денешынықтыру  жаттығуларына  тұрақты 

және жүйелi қажеттiк қалыптастыру;

–  салауатты  өмiр  сүруге,  сергек  болуға,  өз  басы  мен 

төңiрегiндегiлерге қуаныш дарытуға ұмтылу.

Жүйелi дене тәрбиесi мектепке дейiнгi жас аралығында бас-

талып, мектепте мiндеттi пән – денешынықтыру сабақтарында 

жалғаса  түседi.  Денешынықтыру  сабақтарын  сыныптан  және 

мектептен  тыс  оқу-жұмыс  формалары  жан-жақты  толықтыра 

түседi.  Дене  тәрбиесi  жалпы  тәрбиенің  басқа  да  құрылымды 

бөлiктерiмен  тығыз  байланыста  болып,  олармен  бiрлiкте 

тұлғаның  жан-жақты  және  үйлесiмдi  дамуын  қамтамасыз 

етедi. 


Еңбек тәрбиесi және политехникалық бiлiм. Тәрбиенің 

еңбектен  бастау  алуы  –  жан-жақты  және  үйлесiмдi  дамыған 

тұлғаны қалыптастырудың ғасырлар бойы сыналған маңызды 

принциптерiнің  бiрi.  Еңбек  тәрбиесi  жалпы  тәрбие  үдерісiнің: 

еңбек  әрекеттерiн  қалыптастыру,  өндiрiстiк  қатынастар  түзу, 

еңбек  құралдары  мен  оларды  пайдалану  тәсiлдерiн  үйрету 

тұстарын  өз  iшiне  қамтиды.  Тәрбие  барысында  еңбек  тұлға 

дамуының жетекшi жағдаяты, дүниенi шығармашылықпен иге-

ру тәсiлi, әртүрлі салаға орай еңбектiк iс-әрекет тәжiрибесiн ие-

леу және жалпы бiлiмнің ажыралмас бiрлiгi (компонентi) ретiнде 

көрiнедi. Көптеген педагогикалық жүйелерде барша оқу мате-

риалдары осы еңбек тәрбиесi төңірегiнде шоғырландырылады. 

Еңбек – дене және эстетикалық тәрбиенің ажыралмас бөлiгi. 

Политехникалық  бiлiм  барлық  өндiрiстердің  негiзгi  при-

нциптерi мен осы заманғы өндiрiстiк үдерiстер және қатынастар 

жөнiндегi бiлiмдердi игеруге бағдарланған. Оның басты мiндет-

терi - өндiрiстiк iс-әрекетке қызықтыру, техникалық қабiлеттердi 

дамыту, жаңа экономикалық ойлауға, тапқырлыққа, кәсiпкерлiк 

бастауларына үйрету. Дұрыс ұйымдастырылған политехникалық 

бiлiм еңбек сүйгіштiк, тәртiптiлiк, жауапкершiлiк дамытып, са-

налы  кәсiп  таңдауға  дайындайды.  Адамға  жалпы,  көрiнген 



99

жұмыс  ұтымды  ықпал    жасай    бермейдi,    әдетте,  ол  қызмет 

материалдық  құндылықтар  жасауға  бағышталған  өндiрiстiк  

еңбек  сипатында болуы  тиiс.  Мұндай  еңбектің  ерекше бел-

гiлерi:  материалдық  нәтиже,  белгiлi  ұйымдасқандығы,  бар-

ша  қоғамдағы  еңбек  қатынастары  жүйесiне  қатысты  болуы, 

материалдық марапатты болуы.

Әлбетте, мектептегi өндiрiстiк еңбектi ұйымдастыру көптеген 

қиыншылықтармен  байланысты,  бұл  қиыншылықтар  жаңа 

шаруашылық  жағдайларына  өтумен  бәсеңдемедi,  керiсiнше 

– асқынып кеттi. Мектепте әлi күнге дейiн майда пайдакүнемдiк 

оқу-өндiрiстiк еңбек басым келедi. Кейде бұл мектеп оқуының 

формальды  “жамауы”  ретiнде  көрiнiп,  жалпы  бiлiмнің  жасан-

ды кәсiп беру құралы ғана болып отыр. Мұндай еңбектің тұлға 

тәрбиелеу    мақсатымен,  осы  заманғы  өндiрiстің  болашақ 

бағыттарымен – оқушылардың қажеттерi, қызығулары және та-

лаптарымен байланысы жоқтың қасы. Осыдан еңбекке үйрету, 

тәрбиелеу өз мәнiн жояды. Мектептегi “еңбек дайындығы” бұл 

күнде анық та ашық дағдарысқа ұшырауда. 

Жаңа  қоғамдық  және  өндiрiстiк  жағдайлар  еңбек  тәрбиесi 

мiндеттерiн  тиiмдi  шешу  қажеттiгiн  талап  етiп  отыр.  Мек-

тептегi  еңбек,    сонымен  бiрге  танымдық  еңбегi  тұлғалық 

және  әлеуметтiк  бағытта,  оқушылардың  жас  және  психо-

физиологиялық  ерекшелiктерiн  ескерумен  саналы  көзделген, 

мәндi және жан-жақты пайдалы iс-әрекет түрінде көрiнуi қажет. 

Мектептегi еңбектің мақсаты мен сипатын қайта қарастырудан 

тәрбие  тәжірибесінде  жаңа,  қалыптан  тыс  бағыттар  пай-

да  болды:  1)  оқушылардың  сабақтағы  өндiрiстiк  және  оқу 

еңбегiнен  толығымен  бас  тарту;  2)  нарықтық  экономика 

қатынастары  заңдарына  толық  негiзделген  мектептің  дербес 

өндiрiс  мекемелерiн  ұйымдастыру.  Осыдан  мектепте  еңбек 

тәрбиесiнің жаңа технологиясы түзiлдi, еңбектiк бiлiмдер мен 

ептiлiктер мазмұнына қарай жiктелетiн болды, оқу мекемесiнің 

материалдық  қоры  жақсарып,  жаңа  оқу  бағдарламалары  ен-

гiзiле бастады. Әлбетте, бастауыш мектеп балаларға еңбектiк 

iс-әрекеттердің бастауларын ғана бередi, бiрақ осының өзi де 

шынайы, нағыз еңбек тәрбиесiмен ұштасқаны жөн. 

Адамгершiлiк  тәрбиесi.  Адамгершiлiк  тәрбиесi,  әдетте, 

қоғамдық  моральмен  байланысты  келедi.  Мораль  дегенiмiз 



100

адамның қоғамға, еңбекке, басқа адамдарға бағытталып, тари-

хи қалыптасқан шарттары және ережелерi. Адамгершiлiк – бұл 

жеке  тұлғаның  жандүниесiн  танытушы,  оның  iшкi  қасиет-

сапаларын  белгiлейтiн  өз  әрекет-қылығына  жетекшi  сана-

сезiмi.  Адамгершiлiк  тәрбиесi  қоғамдық  талаптарға  сай  ке-

летiн iзгiлiк-инабаттылыққа орай түсiнiктер, пiкiрлер, сезiм мен 

сенiмдер, мiнез-құлық дағдылары мен әдеттерiне байланысты 

мiндеттердi шешедi. 

Адамгершiлiк түсiнiктерi мен ұғымдары iзгiлiктi құбылыстар 

мәнiн  бейнелеп,  ненің  жақсы,  ненің  жаман,  ненің  әдiл,  ненің 

қиянат екенiн түсiнуге жәрдем бередi. Адамгершiлiк түсiнiктерi 

мен  ұғымдары  сенiм-нанымға  өтiп,  тұлға  әрекеттерi  мен 

қылықтарында  көрiнедi.  Адамгершiлiк  сезiм  –  бұл  әрбiр 

адамның  инабаттылық  құбылыстарына  болған  жеке  өз 

толғаныстары. Олар адам мiнезiнің қоғамдық мораль талапта-

рына сәйкестiгi немесе сәйкес болмауымен байланысты. Сезiм 

адамды  қиыншылықтарды  жеңуге  бағыттап,  дүниенi  тануға 

ынталандырады.  Жас  әулеттi  адамгершiлiкке  тәрбиелеудің 

негiзiнде  қоғамның  тарихи  даму  үдерісiне  орай  адамдар 

қалыптастырған  дәстүрлi  жалпы  адамзаттық  құндылықтар, 

бұлжымас моральдық талаптар және олармен қатар қоғамның 

жаңаланған дәуiрiнде пайда болған соң, принциптер және ере-

желер бiрге жасап келедi. Адамгершiлiктің бұлжымас сапалары 

– адалдық, әдiлдiк, борыш, тәртiптiлiк, жауапкершiлiк, намыс, 

ар, бедел, гуманизм, риясыздық, еңбеккерлік, үлкенге құрмет. 

Қоғамның қазiргi дамуына байланысты пайда болған адамгер-

шiлiк сапаларының арасында мемлекетке, өкiмет органдары-

на, мемлекеттiк рәмiздерге, Ата заңына құрмет, еңбекке адал 

қатынас,    ұлтжандылық,  Отанды  сүю,  тәртiптiлiк,  азаматтық 

борыш,  өзiндiк  талап,  елде  болып  жатқан  оқиғаларға  селқос 

болмау,  әлеуметтiк  белсендiлiк  пен  қайырымдылықты  атап 

көрсетуге болады.



Көңіл-күй  (эстетикалық)  тәрбие  –  тәрбие  мақсаттары 

мен  тәрбиелiк    жүйеде  қалыптасатын  оқушылардың   

эстетикалық мұраттары,   қажеттерi мен  талғамдар  дамуын   

қорытындылаушы    тiрек  бірлігi.    Эстетикалық  тәрбие  мiндет-

терiн шартты екi топқа бөлуге болады – а) теориялық  бiлiмдердi 


101

игеру; б) тәжірибелік ептiлiктердi қалыптастыру. Мiндеттердің 

бiрiншi  тобы  оқушыларды  эстетикалық  құндылықтарға 

жақындатады,  ал  екiншiсi  –  эстетикалық  iс-әрекетте  белсен-

дiлiк көрсетуге баулиды. Құндылықтарға жақындатудың мәнi:

-  эстетикалық бiлiмдердi игеру;

-  эстетикалық мәдениет тәрбиелеу;

-  аталардың 

эстетикалық 

және 


мәдени 

мұрасын 


қабылдау;

-  болмыс 

шындығына 

эстетикалық 

қатынас 

қалыптастыру;

-  эстетикалық сезiм оятып, дамыту;

-  оқушыларға өмiр, табиғат, еңбек  сұлулығын таныту;

-  өмiр  мен  қызметтi  сұлулық  заңдарына  орайластырып, 

iске асыру қажеттiгiн дамыту;

-  эстетикалық мұрат қалыптастыру;

-  адамға тән ойлау, қызмет, қылық, сыртқы кейiп, яғни бар-

ша тұрғыдан әсем болуға ұмтылыс қалыптастыру.

Эстетикалық iс-әрекетке араласудан әрбiр тәрбиеленушiде 

әсемдiктi  өз  қолымен  жасауға  белсендiлiк  пайда  болуы 

тиiс.  Баланың  сурет  өнерiмен,  ән-күймен,  бишiлiкпен, 

шығармашылық  бiрлiктерде,  топтарда,  студияларда  қызыға 

шұғылдануы осы эстетикалық тәрбиенің жемiстi нәтижесi. Мек-

тепте  атқарылуы  қажет  эстетикалық  тәрбиенің  жобасы  өнер 

(искусство)  iргетасына  негiзделуi  тиiс.  Оқу-тәрбие  үдерiсiнде 

көркемөнер пәндерi беделдi орын иелемегенше, мектепте гу-

манизация қадамдары бiрде алға iлгерлемейдi, басқа пәндерге 

деген адамилық қатынас өрiстемейдi. 

Мектептегi  жаңа  көкейкестi  мәселелердің  арасында 



оқушылардың  экономикалық  тәрбиесi  маңызды  орын 

ала  бастады.  Мемлекет  саясаты,  нарықтық  қатынастар, 

күнделiктi өмiрдің нарықтық бәсекелестiкке өтуi мектеп пен пе-

дагогтарды оқушылар ынтасын саналы бағыттап, тауар-қаржы 

мәселелерiне  дұрыс  бағдар  қалыптастыруға,  ең  бастысы 

– тұтыну аймағындағы адамдардың қылық-әрекетiне адамгер-

шiлiк тұрғысынан баға беруге  үйретудi мiндеттейдi. Бұл салада 

қиыншылықтар әлi бола бермек, себебi айтылғандардың бәрi 

бiздің қоғамымыз үшiн жаңа құбылыстар. 


102

Қазіргі  кезеңде  күрделi  де  аса  қиын  мәселелердің  бiрi 



оқушылардың  экологиялық  тәрбиесi.  Қорқынышты  си-

пат  алған  экологиялық  келеңсiздiктер  мектеп  пен  педагог-

тарды  барынша  жауапкершiлiкпен  әрi  барша  педагогикалық 

мүмкіндiктердi 

қолданып, 

оқушылардың 

экологиялық 

тәрбиесiне жұмылдыруды талап етуде. Бұл салада бастауыш 

мектеп бұл күнде бiраз тәжiрибе жинақтап, жастардың «Жасыл 

ел» қозалысында белсенді ат салысуда. 

Қазіргі кезең өмiрдің өзi алға тартып отырған оқушылардың 

құқықтық  тәрбиесiн  қажетсiнуде.  Тәртiп  бұзушылық  пен 

қылмыстық  әрекеттерi  “жасаруда”,  демек,  мектеп,  педагогтар 

отбасымен  бiрiге  отырып,  балаларды  құқыққа  қарсы 

әрекеттерден  сақтандырудың,  қоғамдағы  бейбiт  өмiр  мен 

тыныштық қамтамасыз етудің алдын алу шараларын жүргізуi 

қажет болып тұр. 

Есте  сақтайтын  жәйт:  тәрбиенің  мiндеттерi  шексiз  көп. 

Солардың  арасында  мектеп  үшiн  ең  бастылары:  ақыл  (ин-

теллектуал),  дене,  еңбек  және  политехникалық,  адамгер-

шiлiк,  эстетикалық  (көңіл-күй),  экономикалық,  экологиялық 

және  құқықтық  тәрбие.  Өсiп  келе  жатқан  әулеттi  осы  тәрбие 

түрлеріне  тарта  отырып,  оқу-тәрбие  үдерiсiнiң  нәтижелi  бо-

луын қамтамасыз ету – мектеп пен педагогтардың ең жоғары 

борышы. 


Тәрбиенi ұйымдастыру

Көзделген  мақсатқа  қол  жеткiзу  –  тәрбиенi  дұрыс 

ұйымдастырудан.  Бұл  тәрбиеге  басқарымды  үдеріс  форма-

сын берiп, мұғалiмдер мен оқушылардың өзара ықпалды 



әрекеттерiн  бағыттауға,  осыдан  нақты  нәтижелердi 

алуға  мүмкіндiк  бередi.  Мұндай  үдеріс  оқу-тәрбие  немесе 



педагогикалық деп аталады. Педагогикалық үдеріс белгiлен-

ген  мақсатты  көздеп,  оқушыларды  алдын-ала  жоспарланған 

қалыпқа түсіруге, олардың қасиеттерi мен сапаларын өзгертуге 

жол-жоба  бередi.  Дәлiрек  айтсақ,  педагогикалық  үдеріс  – 

тәрбиелеушiлердің тәжiрибесiн шәкiрттердің тұлғалық сапала-

рына айналдыратын тәлiмдiк әрекеттер жүйесi. 



103

Оқу-тәрбие 

үдерiсiнің 

басты 


ерекшелiгi 

– 

оның   



бiртұтастығы, яғни бұл жүйедегi құрылымдық бiрлiктердің бәрi 

өзара тығыз байланысты, бiр-бiрiнсiз жасамайды. Егерде осы 

үдерiстің бiр тетiгi ескерiлмесе, тұтастық бұзылады, қойылған 

мiндеттердің  қажеттi  деңгейдегi  шешiмi  қамтамасыз  етiлмей 

қалады. Тұтастық негiзiнде жүргізілген оқу, тәрбие және даму 

бiрлiгi педагогикалық үдерiстің мәнiн құрайды. 

Педагогикалық  үдеріс  –  көптеген  оқу-тәрбие  iс-

әрекеттерiнің  iштей  байланысқан  бiрiгiмi.  Онда  тұлғаның  оқу, 

бiлiмдену,  тәрбие,  даму  және  қалыптасуы  үдерістері  ажы-

ралмас  тұтастыққа  қосылған.  Бiрақ  бұл  аталған  үдерiстердің 

қарадүрсiн,  механикалық    бiрiкпесi  емес,    ал    өзiнің  ерек-

ше    заңдылықытарына  бағынған  жаңа  сападағы  құрылым. 

Педагогикалық  үдерiстің  тұтастығы  мен  бiрлiгi  оның 

құрамындағы  үдерiстердің  бәрiн  бiр  мақсатқа  жұмылдырады. 

Педагогикалық үдерiстің iшкi күрделi қатынастары: 1) үдерiстi 

құраушы элементтердің бiрлiгi мен дербестігiнен, 2) ол құрамға 

кiретiндердің тұтастығы мен өзара тәуелдiлiгiнен, 3) жалпылық 

пен анайлылықтың (специфичность) сақталуынан көрiнедi. 

Бiртұтас  педагогикалық  үдерiстi  құраушы  жекеленген 

бөлiктердің  өздерiне  тән  ерекшелiктері  неде?  Ол  әр  бөлек 

үдерiстің  басты  қызметтерiн  ажыратуда  байқалады.  Оқу 

үдерiсiнiң негiзгi функциясы – бiлiм беру, тәрбиенiкi – тәрбиелеу, 

даму  үдерiсiнің  мiндетi  –  дамыту.  Сонымен  бiрге  аталған 

үдерiстің  әрқайсысы  тұтас  үдерiсте  қосалқы  қызметтердi  де 

орындайды,  яғни  тәрбие  –  тәрбиелiк  мiндетпен  бiрге  дамыту 

және  бiлiмдендiру  қызметтерiн  де  атқарады,  ал  оқу  онымен 

бiрге жүретін тәрбиелiк және дамыту iстерi болмаса, өз мәнiн 

жояды. 


Басты  және  қосалқы  қызметтердi  ажырата  бiлуден  бiз 

жеке  үдерiстердi  iске  асырудың  мақсаттарын,  мiндеттерiн, 

мазмұнын,  формалары  мен  әдістерiн  тереңiрек  талдауға 

мүмкіндiк аламыз. Мысалы, оқу мазмұнында кейiн тұлғаның да-

муы мен тәрбиелiгiне үлкен ықпал жасайтын ғылыми ұғымдар 

қалыптастыру,  түсiнiктердi  игеру  қызметтерi  басымдау  ке-

ледi.  Сондықтан,  интеллектуалдық,  тәрбиелiк  және  дамыту 

тұрғысынан  қайсы  бiлiмдер  аса  пайдалы  болатынын  жақсы 

түсiнiп алу қажет. Ал тәрбие мазмұнында,  сенiм, моральдық 


104

ережелер,  мұрат-мақсаттар,  құндылықты  бағыт-бағдарлар, 

көрсетпе-нұсқаулар,  сеп-түрткілер  қалыптастыру  мiндеттерi 

қойылуымен  бiрге  ғылыми  ұғымдар  да,  бiлiмдер  де,  ептiлiк-

тер де бiрдей қалыптасуын талап етедi. Осыған орай аталған 

жағдаяттардың бәрi бiрiге тұлғаның ақыл-ес дамуына, жалпы 

кемелденуiне  қалайынша  әсер  ететiнiн  ескерген  де  жөн.  Оқу 

және  тәрбие  үдерістерінің  екеуi  де  басты  мақсатқа  жетелеп, 

бiрақ,  олардың  әрқайсысы  көзделген  мақсатты  орындау  үшiн 

өздерiне  тән  құрал-жабдықтарды,  шараларды  пайдалана-

ды.  Үдерiстердің  ерекшелiгi  мақсатқа  жетудің  формалары 

мен әдістерiн таңдауда айқын көрiнедi. Егер оқу барысында 

қатаң шектеулi сынып-сабақтық жұмыс формасы қолданылса, 

ал  тәрбиеде  әрқилы  сипаттағы  еркiн  формалар  көбiрек 

тартылады,  мысалы:  қоғамдық  пайдалы  iстер,  спорт  және 

көркемөнер  әрекеттерi,  белгiлi  мүддемен  ұйымдастырылған 

қарым-қатынастар,  баланың  жасы  мен  қуатына  сай  еңбек. 

Негiзгi нәтижесi бiр болған мақсатқа жетудің әдістерi (жолда-



ры)  да  өзара  айырмашылыққа  ие:  егер  оқу  көбiне  ақыл-еске 

ықпал  ету  тәсiлдерiн  қолданса,  тәрбие  оларға  тiкелей  қарсы 

болмай-ақ,  сеп-түрткілік    және    көңіл-күй    сезiмдерiне  ықпал 

жасаудың  шараларын көбiрек пайдаланады. Оқу мен тәрбиеде 

қолданылатын бақылау және өзiндiк бақылау әдістерi де өзiндiк 

ерекшелiктерге  ие.  Оқуда,  мысалы,  ауызша  бақылау,  жазба 

жұмыстар мiндеттi. Тәрбие нәтижесiн бақылаудың жолдары ер-

кiндеу, оларға қандай да шектеулер қойылмаған. Мұндайда пе-

дагогтар тәрбие жөнiндегi ақпаратты балалардың iс-әрекеттерi 

мен мiнез-құлығын бақыластыру, сонымен бiрге басқа да тура 

және жанама сипаттамалар арқылы жинақтайды. 

Есте сақтаңыз: тәрбиенің көзделген мақсатын iске асыру ар-

найы ұйымдастырылған педагогикалық үдерiсте орындалады. 

Бұл үдеріс салыстырмалы тәуелсiз, бiрақ ажыралмас бiрлiктегi 

оқу,  бiлiмдену,  тәрбие,  даму  және  қалыптасу  элементтерiнен 

құралады.  Оқу жүргізе отырып – тәрбиелеймiз,  тәрбие бары-

сында  –  оқытамыз,  бiлiм  берумен  бiрге  дамуды  қамтамасыз 

етемiз,  дамудың  арқасында  –  тұлға  қалыптастырамыз. 

Тұтастық,  бiрiгiмдiк  және  бiрлiк  –  оқу-тәрбие  үдерiсiнiң  басты 

сипаты. 


105

Педагогикалық үдерiстің кезеңдерi

Педагогикалық үдерiстер мезетiмен (циклды) қайталану 

сипатына ие. Мұндай үдерiстердің баршасының дамуында бiр-

дей көрiнiсте болатын кезеңдердi байқаймыз. Кезеңдер (этап) 

– бұлар құрамды бөлiктер емес, үдеріс дамуында бiрiнен соң 

бiрi  келетiн  мезеттер  тiзбегi.  Басты  кезеңдер  үшеу,  олар  – 



дайындық, негiзгi, қорытынды. Үдеріс немесе оның қандай 

да бөлiгi осы кезеңдердің бәрiн  басып өтсе, үдеріс бiтедi, ал 

кейiн жаңа үдерiсте бәрi қайтадан басталады. Егер дәрiс өз ал-

дына немесе жалпы үдерiстің бөлiгi ретiнде қабылданса, бұл 

кезеңдердің бәрiнің қалай өтетiнi  өзінен-өзi түсiнiктi болады. 

Дайындық кезеңiнде үдерiстің көзделген бағытта белгiлен-

ген жылдамдықпен өтуiне қажеттi жағдайлар мен шарттар жа-

салады. Осының арқасында келесi маңызды мiндеттер орын-

далады:  нақты  мiндеттер  анықталып,  тағайындалады,  үдеріс 

дамуына зерттеу (шарттарды анықтау) жүргізіледi, жетiстiктер 

болжастырылады, үдеріс дамуы жобаланып, жоспарланады. 



Мiндеттердің  анықталып,  тағайындалуының  мәнi: 

халықты  бiлiмдендiру  жүйесiнің  алдында  тұрған  жалпы 

педагогикалық мақсатты педагогикалық үдерiстiң белгiлi бөлiгi 

мен  шартты  жағдайларында  орындалуы  мүмкін  нақты  мiн-

деттерге  ауыстыра,  өзгерту.  Мұндай  өзгерiс  педагогикалық 

үдерiсті  iске  асырудың  нақты  жүйесiне  –  мектепке,  сыныпқа, 

сабаққа, т.б. тәуелдi келедi. Бұл кезеңде жалпы педагогикалық 

мақсаттар  талабы  мен  нақты  оқу  орны  оқушыларының  жеке-

ленген  мүмкіндiктерi  арасындағы  қарама-қарсылықтар  келiп 

шығады,  сонымен  бiрге  жобаланып  жатқан  үдерiсте  осы 

қайшылықтардың шешiлу жолдары да белгiленедi. 

Үдерiстің  мақсатын  дұрыс  белгiлеу,  мiндеттерiн  анықтау 

нақтамасыз  мүмкін  емес.  Педагогикалық  нақтама  –  бұл 

педагогикалық  үдеріс  өтетiн  шарттар  мен  жағдайларды 

айқындауға бағытталған зерттеу қызметi. Оның басты мақсаты 

–  белгiленген  нәтижеге  жетуде  жәрдемдесушi  немесе  кедер-

гi  болатын  себептер  жөнiнде  анық  деректердi  қолға  түсiру. 

Нақтама  барысында  педагогтар  мен  оқушылардың  нақты 

мүмкіндiктерi,  олардың  дайындық  дәрежесi,  үдерiстің  өту 

шарттары және көптеген маңызды жағдайлар жөнiнде қажеттi 



106

ақпараттар жинақталады. Атап айту керек алдын-ала белгiлен-

ген  мiндеттер  анықтау  нәтижесiнде  реттеледi,  өңделедi:  көп 

жағдайларда  нақты  шарттар  мiндеттердi  қайта  қарастыруды, 

қолда бар мүмкіндiктерге сәйкес өзгертудi талап етедi. 

Нақтамалық жұмыстардан соң педагогикалық үдерiстің 



желiсi мен нәтижесiн болжастыру кезеңi жүреді. Алдын-ала 

болжастырудың мәнi: үдеріс басталмай тұрып, қолда бар нақты 

жағдайларда  күтiлген  нәтиженi  күнi  iлгерi  бағалау.  Ғылыми 

болжастыруды қолдана отырып, бiз әлi жоқ нәрсенi, уақытынан 

бұрын  үдерiстің  шектерiн  теориялық  тұрғыдан  өлшестiрiп, 

есептеп бiлуiмiзге болады. Болжастыру өте күрделi әдістермен 

iске  асырылады,  бiрақ  болжам  түзуге  кеткен  шығындар  өзiн 

ақтайды, себебi осының арқасында мұғалiмдер педагогикалық 

үдерiстің  тиiмсiз  болуы  мен  қажетсiз  салдарларға  әкелетiнiн 

күтiп  отырмастан,  оның  жобалануы  мен  желiсiне  белсендi 

араласуға мүмкіндiк алады. 

Дайындық  кезең  нақтама  және  болжастыру  нәтижелерi 

негiзiнде  реттестiрiлген  әрi  ақырғы  өңдеуден  соң  жоспарға 

айналған  үдерiстi  iске  асыру  жобасын  түзумен  аяқталады. 

Жоспар да үдерiстің өзi секiлдi нақты жағдайларға байланыс-

ты келедi. Педагогикалық қызметте қолданылатын жоспарлар 

көп  түрлі:  бұлар  мектептегi  оқу-тәрбие  үдерісiне,  сыныптағы 

тәрбие  жұмыстарына  жетекшiлiк,  жеке  тәрбиелiк  iстердi, 

сабақтарды, т.с.с. басқару жоспарлары. Педагогикалық үдеріс 

жоспарлары  нақты  мерзiмге  түзiледi.  Сонымен  жоспар  –  бұл 

кiмге,  қай  уақытта  және  не  iстеу  керектiгi  анық  белгiлеген 

қорытынды құжат. 

Педагогикалық үдерiстi iске асырудың негiзгi кезеңi өз iшi-

не өзара байланысты болған маңызды элементтердi қамтушы 

салыстырмалы  дербес  жүйе  ретiнде  қарастырылады. 

Педагогикалық  үдерiстің  құрамды  элементтерi  келесiдей: 

алдағы  орындалатын  қызметтің  мақсаттары  мен  мiндеттерiн 

белгiлеу  және  түсiндiру;  педагогтар  мен  оқушылардың  өзара 

ықпалдастық  әрекеттерi;  педагогикалық  үдерiстің  алдын-ала 

көзделген  әдістерiн,  жабдықтарын  және  формаларын  пайда-

лану; қолайлы жағдайлар  түзу; оқушыларды iс-әрекеттке ын-

таландырушы  әрқилы  шараларды  орындау;  педагогикалық 

үдерiстің басқа да үдерiстермен байланысын қамтамасыз ету. 


107

Үдеріс  тиiмдiлiгi  аталған  элементтердің  өзара  байланысына 

және олардың бағыттары мен іс-әрекеттік мақсатының iске асу 

үйлесiмдiлiгiне тәуелдi. 

Педагогикалық  үдерiстің  негiзгi  кезеңiнде  нақты  мезеттiк 

басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн тiрек болар керi байланыс 

үлкен маңызға ие. Керi байланыс үдерiстi сапалы басқарудың 

негiзi, сондықтан әрбiр педагог оның дамуы мен бекуiне күштi 

назар  аударады.  Осылайша  ғана,  педагогикалық  басқарым 

мен  оқушылардың  өз  iс-әрекетiн  басқаруы  арасындағы  са-

налы  сәйкестiктi  аңғаруға  болады.  Осыған  байланысты  еске 

салатынымыз,  педагогикалық  үдеріс  көп  жағдайда  өзiн-өзi 

реттеушi жүйе ретiнде қарастырылады. Себебi оған қатысқан 

мұғалiмдер мен оқушылар өз еркiндiгi мен жеке таңдауына ие. 

Нақты мезетiнде iске асырылған керi байланыс дәл уақытында   

педагогикалық өзара байланысты әрекетке қажеттi икемдiк бе-

ретiн реттеу-түзетулердi енгiзуге жәрдемiн тигiзедi. 

Педагогикалық    үдерiстің    бiр  айналымы    (цикл) 



қорытыныды    кезең  –  қолға  түскен  нәтиженi  талдау-

мен  аяқталады.  Бұл  не  үшiн  қажет?  Жұмыс  ақырында  өткен 

педагогикалық үдерiстің барысы мен нәтижелерiн және бiр рет 

көзден  өткiзiп,  талдаудың  маңызы  неде?  Жауап  айдан  анық: 

болашақта  тiптi  мүлтiксiз  ұйымдасқан  үдерiстің  өзiнде  ойда 

жоқта кездесiп қалатын қателердi қайталамас үшiн, келесi ай-

налымда  бұрын  жүргізілген  педагогикалық  үдерiстің  тиiмсiз 

тұстарын ескеру үшiн. Талдай отырып - үйренемiз. Жiберiлген 

қателерден пайда тапқан педагогтың ғана кәсiптiк деңгейi ке-

мелдене түседi. Сондықтан мұқият талдау және өзiндiк талдау 

–  педагогикалық  шеберлiк  шыңдарына  жеткiзетiн  бiрден-бiр 

жол. 

Әсiресе,  орындалған  үдерiстің  барысы  мен  нәтижелерiнің 



алғашқы жоспарға толық сәйкес болмай, қай тұста, қалайынша 

және  нелiктен  қателiк  жiберiлгенiн,  оның  себептерiн  түсiну 

–  маңызды  жағдай.  Тәжірибе  көрсеткендей,  қателiктердің 

көпшiлiгi  педагогтың  үдеріс  нақтамасы  мен  болжастыруына 

салғырттығынан  және  тиiмдi  нәтиже  болатынынына  негiзсiз 

үмiттенiп,  “көзсiз”  жұмыс  орындауынан  туындайды.  Мұндай, 

ақырында  оқу  ләззатын  бермеген  педагогикалық  үдеріс 


108

оқушыларды қанағаттандырмай, түңілдіредi, уақыты мен ынта-

ықыласын жоққа шығарады. 

Ұмытпайтын жәйт – оқу-тәрбие үдерісi кездейсоқ дамымай-

ды. Көп ғасырлы тәрбие тәжірибесі оны ұйымдаструдың талай 

анық та нәтижелi формаларын қалыптастырған. Педагогикалық 

үдеріс  жеке  бөлiктер  мен  айналымдарға  жiктеледi.  Әр 

айналымның iшiнде өз логикасы қалыптасқан. Педагогикалық 

үдерiстің  кезеңдерi  келесiдей:  дайындық,  негiзгi,  қорытынды. 

Бұлардың әрқайсысы өзiнің нақты мiндеттерiне ие, әрi белгiлi 

қалыптасқан тәртiпте орындалып барады. Егер мұғалiм өзiнің 

оқыту үдерiсiнде бiр нәрсенi өзгертудi қаласа, онда сол ауысу-

дан келетiн пайда мен зиянды түбегейлi түсiнiп, сарапқа сала 

бiлуi қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет