2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар



Pdf көрінісі
бет21/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33

Оқу формалары

Оқу  ұйымдастыру  формасы  –  мұғалiмдер  мен 

оқушылардың  үйлесiмдi  iс-әрекеттерiнің  сырттай  көрiнiсi,  оқу 

мазмұнының тысқы “қорабы”. Ол дидактикалық жүйелердің да-

муымен пайда болып, жетiлiп барады. Оқудың ұйымдастырылу 

формалары  әрқилы  өлшем-шектерге  орай  ажыралады. 

Оқушылар санына байланысты жеке-дара, ықшам топ, бүкiл 

сынып  (фронтальды)  оқуы  болып  бөлiнедi.  Оқу  орынына 

қарай  мектептiк,  мектептен  тыс  және  экстернат  формалары 

қалыптасқан. Мектептегi оқудың түрлері: сабақ, мектеп тәжiрибе 

алаңдарындағы жұмыстар, кеңестер, үйiрме жұмыстары және 

т.б., мектептен тыс оқулар: үйдегi өзiндiк жұмыстар, табиғат се-

руендерi және т.б., ал экстернат – ақырында бiлiм құжатын 

алу  үшiн  емтихан  тапсырумен  бiтетiн  өзбетiнше  дайындық 

жүргізуге  негiзделген  ерекше  оқу  формасы.  Оқу  мерзiмiне 

бөлiнген уақыт бойынша педагогтар, ата-аналар, оқушылардың 

өздерi  таңдаған  формалар  пайдаланылуы  мүмкін:  мектеп-

тегi  дәстүрлi  сабақ  оқуы  –  45  минут,  қысқартылған  дәрiстер 

– 30-35 минут, оқушылар қалауымен ұйымдастырылған еркiн, 

“қоңыраусыз” сабақтар.

Мектептің  даму  тарихында  дидактика  жүйелерiне  бай-

ланысты  әрқилы  оқу  формалары  тәжiрибеден  өткен:  жеке-

дара  (ежелгi  мемлекеттерде),  жеке-дара  және  ықшам  топ 

(ортағасырлық  мектептерде),  бiрiн-бiрi  оқыту  (Англиядағы 

белл-ланкастер  жүйесi),  оқушылар  қабiлетiне  орай  жiктемелi 

оқу (мангейм жүйесi),  бригадалық  (20-жылдар  кеңестiк мек-

тептегi    оқу),  ерекше  атауды  талап  ететiн  “трамп  жоспары” 



251

оқуы:  жалпы  оқудың  40%  оқушылар  үлкен  топтарда  (100-

150  бала),  20%  –  кiшi  топта  (10-15  бала),  ал  40%  өзбетiнше 

оқуға  пайдаланылған.  Бастауыш  мектеп  мұғалiмдерi  үшiн 

танымдық маңызы аса үлкен оқу формасы – Дальтон жоспар-

лы дараластырылған оқу. Мұндай оқуды енгiзген Америкадағы 

Дальтон қаласының мұғалiмi Э.Паркхерст (1887-1937). Даль-

тон жоспарлы оқуының ерекшелiктерi: балалар оқу мазмұнын, 

пәндердi  өту  ретiн,  оқу  жұмыстарын  орындау  уақытын  өз 

қалаулары  бойынша  таңдаған.  Оқу  жылы  басында  әр  оқушы 

белгiлi  материалды  өзбетiнше  игеруi  жөнiнде  мұғалiммен 

келiсiм-шарт  жасайды.  Оқушылар  жеке  кабинет  –  лаборато-

рияларда  отырып,  оқу  жұмыстарын  орындайды,  осыдан  бұл 

оқу әдісi зертханалық жоспар атауын да алған. 20-жылдар бұл 

оқу  формасы  бригадалы  –  лабораториялық  оқу  атамасымен 

кеңестiк мектептерде кең қолданымда болды. Бұл формадағы 

оқу  сипаты:  1)  бүкiл  сыныппен  жалпы  жұмыс;  2)  бригаданың 

(оқушылар тобы) бiрлiктi iсi; 3) әр баланың жеке оқу жұмысы. 

Уақыт өтумен бұл оқу формасы өзiн ақтамады, мектеп дәстүрлi 

сынып-сабақтық оқу формасына қайта өттi.

Елдердің көпшiлiгiнде ХVII ғасырда пайда болып, 300 жыл 

дамумен әрi жетiлiп келе жатқан сынып-сабақтық оқу жүйесi 

қабылданған. Бұл жүйе ерекшелiктерi:

– жас деңгейi мен дайындығы бiркелкi оқушылардың құрам 

тұрақтылығы;

–  әр  сыныптағы  оқу  жұмыстарының  жылдық  жоспарға 

сәйкестiгi;

–  оқу  үдерiсiнің  өзара  байланысты  кезегiмен  өткiзiлетiн 

бөлiктерге (сабақтарға) жiктелуi;

– әр сабақтың тек бiр пәнге арналуы (монизм);

– сабақтардың ұдайы ауысып баруы (сабақ кестесi);

– мұғалiм басқарымы (педагогикалық жетекшiлiк);

–  оқушылардың  әр  түрлі  және  формадағы  танымдық  iс-

әрекеттерi (iс-әрекет баламалылығы).

Сынып-сабақтық  форма  басқа  оқу  түрлеріне  қарағанда, 

бiрқатар  артықшылыққа  ие:  материал,  мазмұн  қатаң  ұйымды 

құрылымда келтiрiлген; үнемдi, себебi бiр мұғалiм оқушылардың 

үлкен тобымен жұмыс жүргізедi; өзара оқу, бiрлiктi оқу iстерiн 

ұйымдастыруға, жарыстыруға, тәрбиелеп, дамытуға қолайлы. 


252

Сонымен бiрге бұл форманың оқу тиiмдiлiгiн көтеруге кедергi 

болар кемшiлiктерi де баршылық, солардың арасында басты-

сы - “орташа” оқушыға бағытталуы мен жеке-дара оқу-тәрбие 

жұмыстарын жүргізуге мүмкіндiгiнің болмауы.

Сынып-сабақтық оқу формасы қазiргi мектептегi басты (не-

гiзгi)  оқу  түрі.  Бұдан  басқа  да  әртүрлі  атамадағы  оқу  түрлері 

де  қолданылады,  мысалы:  көмекшi,  сыныптан  тыс,  сабақтан 

тыс, үй жұмыстары, өзбетiнше жұмыс орындау, т.с.с. Көмекшi, 

қосымша  формалар  оқушылардың  сынып-сабақтық  оқу  iс-

терiн толықтырып, дамыта түседi. Олар қатарында: кеңестер, 

қосымша дәрiстер, көрсетпе-нұсқау сабақтары, үйiрмелер, клуб 

жұмысы, сыныптан тыс оқу, оқушылардың өзiндiк үй жұмыстары 

және  т.б.  Кейде  сыныптан  тыс  оқу  формалары  қатарына 

танымдық  экскурсиялар,  мектептің  тәжiрибе  алаңдарындағы 

жұмыстар,  шеберханалардағы  еңбек,  өлкелiк  саяхаттар, 

денешынықтыру және спорт жарыстарын да жатқызады.

Оқуды  сынып-сабақтық  жүйеде  ұйымдастырудың  басты 



элементi – сабақ. Сабақ (дәрiс) – оқу үдерісінің мағыналық, 

уақыт және ұйымдастырылу тұрғысынан бiтiмдi бөлiгi (кезеңi, 

сатысы,  элементi).  Қысқа  мерзiмге  мөлшерленгенiмен  сабақ 

оқу  үдерiсiнің  ең  күрделi  де  жауапкерлi  сатысы:  жекеленген 

дәрiстердің  сапасынан  ақырында  мектеп  дайыдығының  жал-

пы сапасы қалыптасады. Сондықтан, мұғалiмдердің күш-қуаты 

оқу мiндеттерiн  қысқа мерзiмде  шешуге мүмкіндiк беретiндей 

сабақ  технологиясын  түзiп,  енгiзуге  бағытталады.  Жақсы  (са-

палы)  сабақ  беру  –  оңай  iс  емес  –  тәжiрибелi  мұғалiмдердің 

өздерi де бiраз қиналады. Сабақ өткiзуге байланысты көп оқу 

жұмыстары әлеуметтiк тапсырысқа, оқушылардың жеке қалау, 

қызығу  қажеттерiне,  оқу  мақсаттары  мен  мiндеттерiне,  оқу 

үдерiсiнің заңдылықтары мен принциптерiне тәуелдi. 

Сапалы  қазiргi  заман  сабағын  ұйымдастыруға  қойылатын 



жалпы талаптар арасында аса маңыздылары: 

1) 


Ғылымның, озат педагогикалық тәжірибенің жетiстiктерiн 

пайдалану, сабақты оқу-тәрбие үдерiсiнің заңдылықтары 

негiзiнде түзу.

2) 


Барша дидактикалық принциптер мен ережелердi тиiмдi 

үйлестiру.



253

3) 


Қызығулары,  икемдiлiктерi  мен  қажеттерiн  ескерумен 

оқушылардың  өнiмдi  оқу-таным  iс-әрекеттерiне  орайлас 

жағдайларды қамтамасыз ету.

4) 


Пәнаралық байланыстар түзу.

5) 


Өткенде иегерiлген бiлiм, ептiлiктердi жаңа сабақ матери-

алдарымен байланыстыру.

6) 

Тұлғалық сапа-қасиеттердің даму сеп-түрткілерiн оятып, 



оқушылар белсендiлiгiн арттыру.

7) 


Оқу-тәрбие 

қызметтерiнің 

барша 

кезеңдерiнің 



қисындылығы мен эмоционалдығын ескеру.

8) 


Педагогикалық шаралар және құрал-жабдықтарын тиiмдi 

пайдалану.

9) 

Сабақты  өмiрмен,  өндiрiстiк  қызметтер  және  оқушының 



өзiндiк iс-тәжiрибесiмен ұштастыру.

10)  Тәжірибелік  қажеттi  бiлiм,  ептiлiктер,  дағдылар,  ойлау 

мен iс-әрекеттің ұтымды тәсiлдерiн қалыптастыру.

11)  Оқу  ептiлiгiн  және  бiлiмiн  үздiксiз  толықтыра,  жетiлдiрiп 

бару қажетiн қалыптастыру.

12)  Жан-жақты нақтама, болжам және жобалау жұмыстарын 

жүргізіп, әр сабақты мұқият жоспарлау.

Әр  сабақ  бiрлiктi  үш  мақсатты  көздейдi.  Олар  –  оқытып, 



бiлiм беру; тәрбиелеп, кемелдендiру және дамыту. Сабаққа 

қойылатын  жалпы  талаптар  осыған  орай  дидактикалық, 

тәрбиелiк  және  дамыту  тұрғысынан  нақтыланып  барады. 

Әрқандай дәрiстің дидактикалық талаптары келесiдей:

– әр сабақтың бiлiмдендiру мiндеттерiн нақты анықтау;

– сабақтың ақпараттық толымдылығын жетiлдiру, әлеуметтiк 

және тұлғалық қажеттерге орай оңайластыру;

– танымдық iс-әрекеттердің жаңашыл (инновация) техноло-

гиясын енгiзу;

– әрқилы оқу түрлері, формалары және әдістерiн бiр-бiрiне 

ұтымды байланыстыру;

– сабақ құрылымын шығармашылықпен қалыптастыру;

– көптүрлі  ұжымдық  iс-әрекет  формаларын  оқушылардың 

өзiндiк жұмыстарымен ұштастыру;

– нақты – қызметтiк (оператив) керi байланыс пен басымды 

бақылау- басқаруды қамтамасыз ету;

– сабақ өткiзудегi ғылыми топшылау мен шеберлiк.


254

Сабаққа қойылатын тәрбиелiк талаптар:

– сабақтағы оқу материалдары мен танымдық iс-әрекеттердің 

тәрбиелiк  мүмкіндiктерiн  анықтау,  орындалуы  нақ  тәрбие-

мақсаттарын қалыптастыру және көздеу;

– оқу  жұмыстарының  мақсаттары  мен  мазмұнына  тiкелей 

байланысты тәрбиелiк мiндеттердi жоспарлау;

– балаларды  жалпы  адамзаттық  құндылықтар  аясында 

тәрбиелеп,  өмiрлiк  қажет  сапалар:  ынталылық,  ұқыптылық, 

жауапкершiлiк, тыңғылықтылық, дербестiк, еңбеккерлiк, зейiн-

дiлiк, адалдық, ұжымдылық және т.б. – негiзiн қалау;

– оқушыларға iлтипат және ықылас танытып, педагогикалық 

әдеп талаптарын орындау, балалармен қызметтестiк қатынасқа 

түсiп, олардың табыстарына қызығушылық бiлдiру;

– сабақты  адамилық  қатынастар,  бiрлiктi  қызмет,  нақты 

тұлғалық тәрбие ошағына айналдыру.

Барша сабақ түрлері мен формаларында ұдайы iске асыры-

латын дамытушылық талаптары:

– балалар  оқу-таным  iс-әрекеттерiнің,  қызығуларының 

шығармашылық ынталылығы мен белсендiлiгiнің ұнамды сеп-

түрткілерiн қалыптастыру әрi дамыту;

– оқушылардың  даму  деңгейiн  зерттеу  және  оны  ескерiп 

бару, олардың “жақын уақыттағы даму аймағын” жобалау.

– оқу  дәрiстерiн  “iлгерiлестiрiлген”  деңгейде  жүргізу, 

оқушыларды өз даму барысындағы жаңа сапалық өзгерiстерге 

ынталандыру;

– оқушылардың  сана-сезiмдiк,  көңіл-күй  және  әлеуметтiк 

дамуындағы “секiрiстерді” алдын-ала болжастыру, заман ауы-

суларына  орай  оқу  сабақтарын  нақтылы  әрекеттерге  келтiрiп 

бару.


Жоғарыда  аталғандарға  қосымша  сабаққа  басқа  да  та-

лаптар тартылады. Олар – психологиялық, басқару, санитар-

гигиеналық, эстетикалық, этикалық, сонымен бiрге мұғалiмнің 

оқушымен оңтайлы қатынасы және қызметтестiк талаптары.

Сонымен,  сабақ  -  мектептiк  оқу  жұмысының  ең  көрнектi 

формасы, оқу үдерiсiнің мағыналық, мерзiмдiк және ұйымдасу 

бiтiмiне  ие  бөлiгi.  Сабаққа  қосымша  формалар  қолдау,  көмек 

бередi. Сабаққа қойылатын талаптар өте жоғары. Әр сабақта 

үш бiрлiктi мақсат орындалады: оқытып үйрету, тәрбиелеу, да-

мыту.


255

Сабақтар типi мен құрылымы

Көп санды да сан-алуан сабақ түрлерінің арасындағы жал-

пы ортақтас сипатты аңдастыру үшiн оларды топтастыққа 

келтiру  (классифицировать)  қажет.  Әр  сабақтың  өзiндiк 

мақсаттары  мен  мiндеттерi  болғандықтан,  әрқилы  матери-

алдар  өтiлетiндiктен,  бiр-бiрiне  ұқсамас  технологиялар  мен 

әдістемелер қолданатындықтан олардың басын қосатын ортақ 

белгi табудың өзi оңай шаруа емес. Оқу негiзiн қалауға арқау 

болған шарттарды ескере отырып, сабақтардың бiрнеше типiн 

ажырата бөлу қабылданған:

– сабақтарды мазмұны және өткiзу тәсiлi бойынша топ-

тау. Мазмұндық жағынан, мысалы, математика дәрiстерi ариф-

метика, алгебра, геометрия сабақтарына ажыралып, ал олар өз 

iшiнде – теориялық не тәжірибелік болып бөлiнуi мүмкін. Өткiзу 

жолдарына  байланысты  –  сабақ-саяхаттар,  киносабақтар, 

өзiндiк жұмыс сабақтарына және т.б. жiктеледi.

–  өткiзiлетiн  оқу  жұмыстарын  логикалық  мазмұны  мен 



танымдық  iс-әрекеттер  сипатына  орай  топтау.  Бұл 

тұрғыдан келесi сабақ типтерi бөлiнген: 1) кiрiспе, 2) материал-

мен алғашқы таныстыру, 3) жаңа бiлiмдердi игеру, 4) игерiлген 

бiлiмдердi  тұрмыста  қолдану,  5)  дағдылар  қалыптастыру,  6) 

бекiту, қайталау және қорытындылау, 7) бақылау, 8 ) аралас.

–  жалпы  жүйедегi  дидактикалық  мақсаттары  мен 



сабақ  ретiне  қарай  топтау.  Мұндай  ортақ  сипатты  сабақтар 

типi: 1) аралас, 2) жаңа материалдармен танысып, оны игеру, 

3) жаңа ептiлiктердi қалыптастыру, 4) бiлiм, ептiлiктердi бекiту, 

5)  қорытындылау  және  жүйелеу,  6)  бiлiмдер  мен  ептiлiктердi 

тәжірибеде  қолдану,  7)  бiлiм  мен  ептiлiктердi  бақылау  және 

реттеп, түзету.

Әр  сабақ  өзiнің  iшкi  құрылымына,  яғни  жекеленген 

сатыларының  бiрiздiлiгiне  ие.  Сатыланған  дәрiс  бөлiмдерiнің 

белгiленген тәртiбiне орай сабақ типi анықталады. Егер сабақ 

бiлiм  мен  ептiлiктердi  орнықтыру  мақсатын  қоятын  болса, 

бұл  бекiту  сабағы  деп  аталады.  Сабақ  түгелiмен  осыған 

бағышталған  оқу-таным  жұмыстарын  орындауға  арналып,  45 

минут уақыттың басым көпшiлiгiн қамтиды.


256

Бұл  күндегi  сабақ  өзiнің  кезең,  сатыларының  ара 

қатынасы  мен  iзбе-iздiлiгiне  қарай  формальдық  сипатымен 

бағаланбайды. Басты назар оның көздеген мақсаты мен оған 

жеткiзер  құндылықтарына  және  танымдық  iс-әрекеттерiнің 

тиiмдiлiгiне  аударылады  әрi  осы  тұрғыдан  бағасы  берiледi. 

Сабақ құрылымын таңдау мұғалiмнің өз қалауында – оқу мен 

тәрбиенің  жоғары  нәтижелiлiгiн  қамтамасыз  ете  алса,  ниет 

ақталғаны. Әңгіме – ақырғы нәтижеде, яғни жалпы оқу-тәрбие 

үдерісінің мемлекеттiк бiлiмдену стратегиясының талаптарына 

сай өнiм беруi.

Қазіргі таңда бастауыш мектепте кең қолданымдағы дәстүрлi 

төрт сатылы сабақ құрылымы Коменский мен Гербарт заманы-

нан бiзге жетiп келген дидактикалық мұра; 1) жаңа бiлiмдердi 

игеруге дайындық; 2) жаңа бiлiмдер мен ептiлiктердi игеру; 3) 

оларды  бекiту  және  жүйелестiру;  4)  тәжірибеде  қолдану.  Бұл 

құрылымға сәйкес сабақ типi аралас (комбинированный) деп 

аталады. Уақыт аралығына бөлiнген аралас сабақ кезеңдерiн 

төмендегiдей өрнектеуге болады.

Жұмыс-


тарды 

ұйым-


дастыру

Өтiлген-


дердi

қ а й т а л а у 

(жаңғырту)

Жаңа


мате-

риалдарды 

өту жаңа 

ептiлiк-


тердi қалып-

тастыру


Бекiту, 

жүйе-


леу, 

қолдану


Үйге 

тапсырма


2 мин.

10 мин.


25 мин.

5 мин.


3 мин.

Аралас сабақта мұғалiм бiрнеше мақсат, мiндеттердi орын-

дай алады. Оның кезеңдерi қалаған тәртiпте өзара байланысқа 

келуi  мүмкін,  осыдан  ол  икемдi,  кең  ауқымды,  оқу-тәрбие 

шарттарының  шешiлуiне  қолайлы.  Осыдан,  аралас  сабақ 

типi  мектеп  тәжiрибесiнде  басқа  сабақ  түрлеріне  қарағанда 

анағұрлым кең тараған.

Аралас сабақ өмiршеңдiгiнің және бiр себебi – ол оқу-тәрбие 

үдерісi заңдылықтары және ой қабiлетi динамикасымен үндес 

келедi,  педагогтардың  оқу  үдерiсiндегi  нақты  жағдайларға 

икемдесе жұмыс алып баруына мол мүмкіндiктер ашады.


257

Бiр  сабақта  бiрнеше  мақсат,  мiндеттердi  орындау 

мүмкіндiгiнің болуымен маңызды аралас сабақ, сонымен бiрге 

елеулi  кемшiлiктерге  ие:  жеке-дара  жұмыстарға  ешбiр  уақыт 

жетпейдi,  жекеленген  тұлға  тәрбиесi  көмескiленедi.  Себебi 

аралас сабақтың тәжiрибеге енгенiнен берi талай заман ауыс-

ты,  түбегейлi  өзгерiстер  қылаң  бердi:  сабақта  ұсынылатын 

бiлiмдер  көлемi  анағұрлым  артып,  балалардың  оқуға  де-

ген  қатынасы  өзгердi,  осыдан  сабақтың  барша  кезеңдерiнің 

тиiмдiлiгi төмендедi. Ендi оқу дәрiстерiнің нәтижелiлiгiн көтеру 

үшiн қандай да тек бiр iске бағышталған сабақ қажеттiгi туында-

ды. Мұның салдарынан келесi сабақ түрлері тәжiрибеге келдi: 

жаңа бiлiмдердi игеру; жаңа ептiлiктердi қалыптастыру; бiлiм, 

ептiлiктердi қорыту және жүйелеу; игерiлген бiлiм, ептiлiктерi-

мен байланысты қате-кемшiлiктердi реттеу-түзету; бiлiм және 

ептiлiктердi  тәжірибеде  қолдану.  Аталған  типтердің  бәрi  ара-

лас  сабақтардың  ықшамдалған  түрлеріне  сәйкес  келетiнiн 

байқау қиын емес. Сабақтың өз алдына ажыралған типтерiнің 

құрылымы  әдетте  үш  бөлiмнен  тұрады:  1)  оқу  жұмыстарын 

ұйымдастыру (1-3 мин), 2) негiзгi бөлiм (қалыптастыру, игеру, 

қайталау,  бекiту,  бақылау,  қолдану  және  т.б.)  (25-40  мин),  3) 

қорытынды жасау және үй тапсырмасын беру (2-3 мин).

Сонымен,  оқу  ұйымдастыру  жағдайларының  баршасына 

бiрдей пайдалы болатын қатаң құрылымды, әмбебап сабақ бо-

луы мүмкін емес. Келесi кезеңдерi: оқу ұйымдастыру, өткендi 

қайталау,  жаңа  бiлiм,  ептiлiктердi  игеру,  қабылданған  бiлiм-

дердi қорыту және үй тапсырмасын беру – бөлектенген аралас 

сабақ оқу-тәрбие үдерісінің негiзiне алынады. 



Бiрiгiмдi сабақтар

Бастауыш  мектеп  оқу  жүйесiн  жетiлдiруге  бағытталған  оқу 

формасы  –  бұл  бiрiгiмдi  (интегрированные)  немесе  бiрiгiмдi 

мазмұндық  сабақтар.  Мұндай  дәрiстерде  бiр  тақырып 

төңірегiне  бiрнеше  пән  материалдары  толықтай  тұтастыққа 

келтiрiлiп,  оқушыларға  ұсынылады.  Бұл  сабақтың  бiрнеше 

артықшылығы  бар:  оқу  мазмұнының  молдығынан  игерiлетiн 

зат не құбылысты сабаққа енгiзiлген қызықты материалдардың 

арқасында жан-жақты тануынан оқушы өз ойы мен сезiмдерiн 

кеңейте түсуіне мүмкіндік алады.


258

Ескертетiн  жәйт,  бiрiгiмдi  сабақтарды  бiрiктiрiле  түзiлген 

пән  курстарынан  ажырата  таныған  жөн.  Мұндай  курстар  бiр-

неше оқу пәндерiнің бағдарламалық өзектi тақырыптар не бас-

ты  ұғымдар  төңірегiнде  ұйымдастырылып,  ұсынылуына  жол 

ашады. Мысалы “Қоршаған орта” курсы физика, астрономия, 

химия,  биология  ақпараттарын  бастауыш  сынып  оқушылары 

түсiнiмiне қолайластырып, ұсынады.

Бiрiгiмдi  дәрiстер  басқа  пән  материалдарын  ауық-ауық 

енгiзудi  көздеген  пәнаралық  байланыстарды  пайдаланатын 

дәстүрлi  сабақтардан  өзгеше.  Бұл  сабақтарда  бiр  тақырыпқа 

бағындырылған  әрқилы  пән  ақпараттары  бiлiмдiк  топқа 

(блоки)  келтiрiледi.  Сондықтан  бiрiгiмдi  сабақтың  басты 

мақсатын  дұрыс  анықтап  алу  өте  маңызды.  Жалпы  мақсат 

нақты  анықталса  ғана,  iске  асырылуы  қажет  материалдар-

ды  пән  мазмұнынан  мүлтiксiз  бөлiп  алуға  болады.  Деген-

мен,  қазiргi  таңда  бiрiгiмдi  оқу  материалдарына  негiзделген 

оқулықтар жоқтың қасы, сондықтан бұл сабақ мазмұнын iрiктеу 

мен жүйелеу мұғалiмге үлкен қиындық туғызып отыр.

Тәжiрибе  көрсеткендей,  1-сыныптың  өзiнде-ақ  төмендегi 

пән материалдарының басын қосып, бiрiгiмдi сабақтарға негiз 

қалауға болады:

                                     Төңіректегi дүниемен таныстыру

Сауат ашу    ————   Ән-күй

                                      Сурет  

  

                                       Төңіректегi дүниемен таныстыру



Математика  ————   Еңбек 

                                       Сурет 

                                       Дене шынықтыру 

2-сыныпта  ана  тiлiн  оқу  сабақтарының  барысында  оқу, 

сурет,  төңіректегi  дүниемен  таныстыру,  ән-күй;  математи-

ка  төңірегiнде  -  қоршаған  ортамен  таныстыру,  еңбек,  сурет, 

дене  шынықтыру;  ән-күй  дәрiстерiнде  –  оқу,  сурет,  қоршаған 

ортамен  таныстыру,  дене  шынықтыру  және  т.б.  жекеленген 

сабақтарының мазмұнын бiрiктiруге әбден болады.


259

Бiрiгiмдi сабақтарды жоспарлау, ұйымдастыру және өткiзуге 

қойылатын талаптар төмендегiдей: 

– мұндай  сабақтар  жүйесiн  әр  сынып  үшiн  өз  алдына  бiр 

жылға мөлшерлеп белгiлеу;

– әр  сабақты  мұқият  жоспарлау,  басты  және  қосалқы 

мақсаттарын ажырата бiлу;

– сабақ  жоспарын  жобалап  (талдау,  iрiктеу,  көп  мәрте 

қайталап тексеру), оны басты мақсатқа тiкелей қатысы бар ма-

териалдармен байыту;

– сабақ  типi  мен  құрылымын,  оқу  әдістерi  мен  құрал-

жабдықтарын мұқият таңдау;

– балаларды заңдылықтарға сәйкес деңгейде әсерлендiру;

– бiрiгiмдi сабақтарды ұйымдастыру мен өткiзуге әрқилы оқу 

пәні мұғалiмдерi мен мамандарды тарту.

Мазмұнды  әрi  мақсатты  бағытталған  бiрiгiмдi  сабақтар 

мектеп  оқуының  үйреншiктi  құрылымына  бала  үшiн  ұнамды 

жаңалық  енгiзiп,  пән  бойынша  оқудың  қатаң  шектерiн 

босаңсытады,  мұғалiм  мен  оқушының  оқу  мазмұны  және 

формаларын  таңдастыруына  еркiндiк  бередi.  Бұл  оқушыға 

бастауыш мектепте игерiлуi тиiс аса маңызды түсiнiктер мәнi 

мен  мазмұнын  тереңiрек  ұғуға  жәрдем  бередi,  пәндiк  ұғым, 

құбылыс, үдерiстер бiртұтастықта қарастырылуымен бiрге жан-

жақты талданып, қабылданады. Жалпы оқу-тәрбие үдерiсiнде 

бiрiгiмдi сабақтар үлесiнің күннен-күнге артуы – заман талабы-

на орай заңды құбылыс.



Сабақ дайындығы

Сабақ  тиiмдiлiгi  екi  жағдаятқа  тәуелдi:  мұқият  дайындық 

және  шеберлiкпен  өткiзу.  Жоспарлы  қаланбаған,  жеткiлiк-

тi  пайымдастырылмаған,  асығыс  жобаланып,  оқушылардың 

мүмкіндiктерiмен  үйлестiрiлмеген  сабақтан  ешқандай  сапа 

күтуге  болмайды.  Сабақ  дайындығы  –  бұл  алдын  ала  бiр 

топ шараларды көздестiрiп, нақты жағдайда ең жоғары соңғы 

нәтиженi  қамтамасыз  ете  алатындай  оқу  тәрбие  үдерісінің 

ұйымдасу формасын таңдап бiлу.


260

Мұғалiмнің сабаққа дайындығы үш кезеңге бөлiнедi: айқындау, 

болжастыру,  жобалау  (жоспарлау).  Кезеңдерде  орындалатын 

бұл  жұмыстар,  әлбетте,  мұғалімнің  сабақ  мазмұнына  байла-

нысты  материалдарды  нақты  бiлуiне  және  оқу  әдістемесiнен 

жан-жақты хабары болуына тәуелдi. Дайындық жұмысындағы 

мұғалiм  мiндетi  –  оқу  материалын  балалар  мүмкіндiктерiне 

икемдестiру,  жоғары  тиiмдiлiгiмен  пайда  келтiретiн  танымдық 

қызмет пен ұжымдық бiрлiктi оқу еңбегiн ұйымдастырудың жол-

дарын iрiктей бiлу. Сабақ жүргізудің ең тиiмдi деген бағдарын 

таңдау  үшiн  алдағы  дәрiстің  бүкiл  жобасы  мен  есеп  шотын 

ойдан  өткiзу  қажет.  Бұл  орайда  сабақтың  дайындық  алго-



ритмi негiзге алынады: алгоритм қадамдарын бiрiздi орындау 

– сабаққа байланысты маңызды жағдаяттар мен шарттардың 

бәрiн ескерiп барудың кепiлi.

Алгоритм  шарттарын  iске  асыру  сабақ  төңірегiндегi  нақты 

жағдайларды  анықтаудан  (нақтама)  басталады.  Осыған 

байланысты  мұғалiмнің  орындайтын  қызметi:  балалар 

мүмкіндiктерiн, олардың әрекет-қылықтарының сеп-түрткілерiн, 

сұраныстары мен бейiмдiлiктерiн, қызығулары мен қабiлеттерiн, 

қажеттi  бiлiм  және  ептiлiк  деңгейiн,  оқу  материалының  сипа-

ты мен оның ерекшелiктерiн және тәжірибелік маңыздылығын 

айқындап  алу.  Сонымен  бiрге  сабақ  жұмыстарының  барша 

түрлерін – тiрек бiлiмдердi қайта жаңғырту, жаңа материалды 

игеру, оны бекiту мен ептiлiктердi бақылау және түзету – зер-

делi талдауға салу. Егер мұғалiм нақтама шарттарын орындай 

алмаса, сабақтың табысты болуына сенiм арта алмайды.

Сабақ  жұмыстарының  дамуы  мен  оның  барысы  алдын 

ала  болжастыруға  (прогноз)  тәуелдi.  Болжаумен  мұғалiм 

алдағы  сабақты  ұйымдастыру  мен  өткiзудің  әрқилы  жол-

дарын  саралап,  олар  арасынан  ең  тиiмдiсiн  таңдап  алады. 

Болжастырудың қазiргi заман технологиясы сабақ тиiмдiлiгiнің 

сандық көрсеткiшiн келесi тәсiлмен анықтауға мүмкіндiк бередi. 

Сабақ мақсатымен белгiленген бiлiм (ептiлiк) ауқымы – 100% -ға 

теңеледi. Кедергi жағдаяттар, әлбетте, бұл мұратты көрсеткiштi 

кемiтедi. Шығын көлемi осы мұратты көрсеткiш санынан алы-

нып,  нәтижеде  көзделген  педагогикалық  сұлба  бойынша 

өткiзiлетiн сабақ тиiмдiлiгiнің шынайы көрсеткiшi анықталады. 

Егер  бұл  көрсеткiш  педагогты  қанағаттандыратын  болса,  ол 


261

сабақ дайындығының соңғы кезеңiне – жоспарлауға кiрiседi, ал 

олай болмаса – дәрiс ұйымдастырудың жетiліңкiреген жолын 

iздестiруге мәжбүр болады.



Жоспарлау  –  сабақ  дайындығының  қорытындылау  саты-

сы.  Оның  нәтижесi  –  сабақтық  жоспар.  Еңбек  жолын  ендi 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет