2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар


Iс-әрекет ұйымдастыру әдістерi



Pdf көрінісі
бет25/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33

Iс-әрекет ұйымдастыру әдістерi

Тәрбие  көзделген  әрекет-қылық  (поведение)  типiн 

қалыптастыруы  мiндеттi.  Тұлға  тәрбелiлігi  түсiнiк,  ұғымнан 

көрiнбейдi, ол адамның нақты iс-әрекетiмен бағаланады. Бұл 

тұрғыдан  iс-әрекет  ұйымдастыру  мен  қылық  қалыптастыру 

тәрбие  үдерiсiнің  өзегi  ретiнде  қарастырылады.  Әдістердің 

бәрi  тәрбиеленушiлердің  тәжірибелік  iс-әрекетiне  негiзде-

леді.  Мұндай  iс-әрекеттi  басқару  үшiн  педагог  оны  құрамды 

бөлiктерге жiктейдi: нақты iстер және қылықтар.

Қажеттi  тұлға  сапаларын  қалыптастырудың  жалпыланған 

әдісi – жаттықтыру. Балада қалыптасатын қылық, әрекеттің 

қай-қайсысы да жаттығып, дағдыланудан. Балаға басқалардың 

қалай  жазатынын  әңгімелеп,  жазуға,  атақты  күйшi  өнерiн 

көрсетiп,  домбыра  тартып  үйрету  мүмкін  емес.  Осылайша 

тәрбиеленушi  мақсатты  бағытталаған  белсендi  әрекетке  ын-

таландырмай,  жоспарланған  мiнез  бiтiсiн  де  орнықтыруға 

болмайды.  Жаттықтыру  мәнi  –  талап  етiлген  әрекеттердi  көп 

мәрте  қайталаумен  автоматты  орындалу  дәрежесiне  жеткiзу. 



302

Жаттығулар  нәтижесi  –  тұлғаның  бекiген  сапалары:  әдеттер 

мен дағдылар.

Жаттықтыру iстерiнің тиiмдiлiгiн келесi шарттар анықтайды: 

1)  жаттығулар  жүйесi;  2)  олар  мазмұны;  3)  түсiнiктiлiгi  мен 

жеңiлдiгi; 4) көлемi; 5) қайталау жиiлiгi; 6) бақылау мен түзету; 

7) тәрбиеленушiлердің тұлғалық сапалары; 8) жаттығулардың 

орындалу мерзiмi мен орыны; 9) жеке-дара, топтық, ұжымдық 

жаттығулар  формасы;  10)  жаттығу  сеп-түрткілерi  мен  оған 

деген ынта себептерi. Жаттығулар жиiлiгi, көлемi және жетiс-

кен  нәтижелер  арасында  тiкелей  тәуелдiлiк  бар:  жаттығу 

неғұрлым көп орындалса, олар жәрдемiмен қалыптасушы 

сапалар дамуы да соғұрлым жоғары келедi. Бұл тәуелдiлiк 

тұлғалық  ерекшелiктерiмен  реттелiп  барады.  Бiрдей  тең 

деңгейлi  сапаны  қалыптастыру  үшiн  әр  оқушының  орындай-

тын жаттығуларының саны әрқилы: бiр бала көзделген сапаға 

аз санды жаттығудан жететiн болса, екiншi бiреуiнде ондаған, 

жүздеген  жаттығу  әрекетi  қажет.  Сапа  неғұрлым  күрделi  кел-

се, оған байланысты әдеттердi қалыптастырып, тұрақтандыру 

үшiн  соғұрлым  көп  жаттығу  орындап,  көп  мәрте  қайталау 



керек.

Жаттығулар  жүйесiн  жоспарлауда  тәрбиешi  ең  алдымен 

өз  тәрбиеленушiлерiнде  қандай  дағдылар  мен  әдеттердi 

қалыптастыруы  қажет  болатынын  ойластырып  алғаны  жөн. 

Жаттығулардың көзделген қылық-әрекетке сәйкес болу (адек-

тивность)  –  әдісiнен  баланың  өмiрлiк  қажеттi,  мәндi  және 

пайдалы  дағдылары  мен  әдеттерi  қалыптасады.  Сондықтан 

жаттығулар  қалай  болса,  солай  ойдан  шығарылмай,  өмiрден 

алынуы тиiс. Бiрiншi кезекте жалпы адамзаттық iзгiлi сапа-



лар тұрғызушы жаттығулар пайдаланылады.

Тұрақты  дағдылар  мен  әдеттер  қалыптастыру  үшiн 

жаттығуларды мүмкін болғанша ерте жастан қолданған дұрыс. 

Жас ағза қай әсердi де тез қабылдайды. Әдеттенген адам өз 

сезiмiн  басқара  бiледi,  құмарлықтарына  тоқтау  бередi,  өз  ни-

еттерiн басқалар мүдделерiмен салыстырып, бағалай алады. 

Ұстамдылық, өзiндiк бақылау, ұқыптылық, тәртiптiлiк, қатынас 

мәдениетi – бәрiде тұрақтанған әдеттер негiзiнде туындайтын 

iзгiлi адам сапалары.


303

Жаттықтыру  әдістерiнің  тиiмдiлiгiне  себепшi  маңызды 

шарттардың бiрi – бiртұтас жаттығулар жүйесiнің бiртiн-

деп  күрделене  түсуі.  Кiшi  сынып  оқушыларында  мiнез-құлық 

мәдениетiн  қалыптастыруда  келесiдей  шамалап  түзiлген  iл-

герiлi жаттығулар жоспарын ұсынуға болады. 

Сынып

Тақырып


1-сабақ

2-сабақ


3-сабақ

4-сабақ


1-шi

Мектеп-


тегi 

тәртiп


Сыныпта 

қандай


болу ке-

рек?


Мектеп-

ке бара 


жатқанда 

қандай 


болу ке-

рек?


Өзіңдi 

ұстай 


ала-

сың ба?


Ғажайып 

сөздер


2-шi

Үйдегi 


тәртiп

Тазалық


Ден-

саулық


Отбасы

Өзiмiз


iстеймiз

3-шi


Көшедегi 

тәртiп


Көше 

тәртiбiн 

сақтау

Жол


ереже-

лерi


Көшеде 

зейiндi 


болу

Бiздің 


аула

4-шi


Көпшiлiк

орын-


дардағы 

тәртiп


Театрда

Дастар-


хан ба-

сында


Таңертеңгi 

мектепке 

дайындық

Қонақта


Гуманистiк тәрбиеде де қатаң әдістер қолданылады. Бiрақ 

әңгіме оны қалай пайдалануда. Осындай шешiмдi әдеттердің 

бiрi  –  талап.  Тәрбие  барысындағы  талап  тәрбиеленушi 

әрекетiнің  ынталылығын  көтеруге  не  оны  тежеуге  қажет.  Та-

лаптар  тiкелей  не  жанамалы  болып  келедi.  Тiкелей  талап 

– анық, дәл, нақты. Жанамалы талапта әрекетке келтiретiн 

талаптың  (кеңес,  өтiнiш,  сенiм,  қолдау,  құлақ-қағыс  ж.т.б.)  өзi 

емес, ал сол талаптан туындатын психологиялық жағдаяттар: 

толғаныс, күзелiс, мүдде, ұмтылыс. Жанама талаптар арасын-

да аса көп қолданылатындары:



Кеңес-талап.  Бала  санасына  ықпал  жасаумен  педагог 

қойған  талаптың  қажеттiгiн,  пайдасын  түсiндiредi.  Мұндайда 

кеңестің қабылдануы не қабылданбауы педагог беделiне, оның 

оқушымен қатынасына тәуелдi.



Ойын  талап.  Әрқандай  талаптарды  қою  үшiн  тәжiрибелi 

мұғалiм  баланың  ойынға  құштарлығын  пайдаланады.  Бала 



304

ойынды қызығушылықпен орындай жүріп, өзi байқамай талап-

тарды да қабылдайды. Бұл талап әдісiнің өте iзгiлiктi және тиiмдi 

формасы, бiрақ оны қолдануда аса жоғары педагогикалық ше-

берлiк қажет.

Сенiм  талап.  Мұндай  әдіс,  әдетте,  сыйластық  жайлаған 

ортада iске асады.



Өтiнiш  талап.  Педагог  пен  тәрбиеленушi  арасын-

да  достық,  жолдастық  қарым-қатынас  болған  жағдайда  өз 

тиiмдiлiгiн бередi.

Үйретiп  көндiру  –  көзделген  сапаны  жылдам  әрi  жоғары 

деңгейде қалыптастыру үшiн қолданылады. Кейде бала мұндай 

талапты ауырсынады, өжеттiкпен қарсы шығады. Солай бол-

са да, көндiру баланың өзi үшiн қажет. Гуманистiк педагогика 

адам  құқына  қарсы  қатаң  әдістердi  қолданудан  аулақ,  деген-

мен  орынды  жерiнде  бұл  әдістi  жұмсарта,  басқа  әдістермен, 

әсiресе  ойынмен  бiрлестiре  пайдаланғанды  жөн  санайды. 

Үйретiп көндiру және ойын екеуі бiрлесе, бала табиғатына сай 

келедi.

Үйретiп  көндiру  тәрбие  үдерiсiнің  барша  кезеңдерiнде  де 



тиiмдi, бiрақ бала дамуының алғашқы сатысында әбден қажет. 

Бұл әдістi пайдалану шарттары:

1. Тәрбие шарттарын екi тараптың да анық, дұрыс түсiнуi. 

Егер  тәрбиешi  алдына  қойған  көндiру  мақсатының  мәнiн, 

пайдасын  жете  пайымдамаса,  онда  әдіс  баланы  түгелдей 

бағындырумен  орындалады.  Баланың  өзi  ненi  қажетсiнетiнiн 

түбегейлi түсiнген жағдайда әдіс нәтижесiн бередi.

2.  Қандай  да  талапқа  көндiруде,  айтар  ойыңызды  сөзбен 

анық, түсiнiмдi өрнектеңiз, ерекше пiкiріңiздi “олай бол да, со-

лай  бол”  деп  қайырмаңыз.  Дұрысы  “Көршіңе  сәлем  берсең  - 

ол да жылы сәлемдеседi”, “Салақтың болашағы жоқ, тырнағы 

өскен, құлағы кiр – адам шошытады” сияқты насихат жолымен 

ұғындырған жөн.

3. Әрбiр уақыт аралығына қонымды, оқушы мүмкіндiгiне сай 

әрекет  жоспарлаңыз.  Асығыстық  мақсатты  жақындатпайды, 

керiсiнше,  алыстатады.  Алғашында  дәл  орындауға,  кейiн  тез 

орындауға үйретіңiз.

4. Қалай орындалуы, одан болар нәтиженi көрсете бiліңiз. 

Салақтық  пен  тазалықты,  ұқыптылық  пен  салғырттықты 


305

нақты мысалмен көрсете түсiндiрiп, бала жанын қозғаңыз, өз 

тәрбиесiздiгiнен ұялып, оқушы өзiнің келеңсiз әрекетiнен жер-

кенуiне мәжбүр етіңiз.

5.  Көндiрудің  бiрiздi    және  қатараса  пайдалану  жолын 

қолданыңыз.  Егер  тұлға  сапаларын  бiртiндеп,  кезегiмен 

тәрбиелейтiн болсаңыз – уақыт жеткiзе алмаймыз. Барша са-

паларды    қатар  қалыптастырып  болмайды.  Сондықтан,  қай 

сапалар өзара табиғи байланысты болатынын анықтап, олар-

ды  бiрқатар  тәрбиелеңiз,  екiншiде  қай  сапа  қандай  қасиетке 

негiз  боларын  бiлiп  алып,  оларды  бір-бiрiне  байланыстыра  

қалыптастырыңыз.

6.  Көндiру  тiлектестiк  пен  мүдделiлiкке  негiзделген,  бiрақ 

бiрқалыпты мұқият, үздiксiз бақылау бар жерде нәтижесiн бе-

редi. Бақылау оқушының өзiндiк бақылауына ұласуы қажет.

7.  Көндiрудің  педагогикалық  тиiмдi  нәтижесi  ойынмен  бiр-

ге  келедi.  Бала  белгiлi  қағидаларды  ойын  барысында  еш 

зорлықсыз-ақ,  өз  қалауымен  орындайды.  Көндiру  үшiн  бала-

ны  ойынға  тартудың  себептерi:  1)  қажеттi  iс-әрекет  мақсаты 

оқушылар  үшiн  тартымсыз  болса;  2)  мақсатқа  жету  жолы  iс 

қисынына орай баланы жалықтыратын, қолайсыз болса.

Тапсырыстар  беру  –  балаларды  ұнамды  қылық-

әрекеттерге жетелеудің тиiмдi жолы. Тапсырыстар түрі әрқилы: 

сырқат  жолдасынан  хабар  алып,  оның  оқуына  жәрдемдесу; 

қамқорлыққа  алынған  бала  бақшаға  ойыншықтар  дайындау; 

сынып  бөлмесiн  мейрамға  безендiру  ж.т.б.  Қажеттi  сапалар-

ды  дамыту  үшiн  де  тапсырмалар  қолданылады,  мысалы, 

нақтылығы мен ұқыптығы кем балаларға - дәл әрi орынды жа-

сау  әрекетi,  шыдамсыздарға  -  байсалдылық  талап  қылатын 

жұмыстарды  тапсырып  тәрбиелеуге  болады.  Тапсырыстың 

орындалуын ежелеп, түсiндiрiп жатудың қажетi жоқ.



Тәрбиелiк жағдайлар – арнайы жасалған шарттарға орай 

тәрбиеленушi  iс-әрекетi  мен  мiнез-қылығын  қалыптастыру 

әдісi. Тәрбиелiк жағдайлар (ситуация) тиiмдiлiгiн көтерудің екi 

жолын еске ұстаған жөн:

– жағдай жалған, жасанды болмай, нақты өмiрде кездесетiн 

қарама-қарсылықтары  мен  күрделiлiктерден  құралуы  тиiс. 

Тәрбиешi әдейi жағдай туындатушы шарттарды түзедi, ал олар 

табиғи қалпында өтуi тиiс. Мектеп өмiрi мұндай шарттарға  бай: 



306

“Оқушы –мұғалiм”, “Оқушы – жол тәртiбiнің сақшысы”, “Оқушы 

– ертеңгi серуен басшысы” ж.т.б. тосын жағдайлар. Мұғалiм ес-

кертпесiн күткен тәрбиеленушi оған алдын ала дайындалады, 

ал әрекет тосын болса, көп жағдайда бала мұғалiм айтқанына 

көнедi.  Оқушының  тосын  қылығына  мұғалiм  кеңпейiлдiлiк, 

қайырымдылық танытуы лазым. Бiрақ бұл жағдайдағы басты 

шарт: бала мұғалiм әрекетiн дұрыс түсiнiп, оны әлсiздiк, сенiм-

сiздiк демей, жоғары адамгершiлiк тұрғысынан қабылдауы тиiс. 

Қай жағдайда да мұғалiмнің тәрбиелік әрекет дамуына тiкелей 

араласпағаны жөн.

Аталған  әдіс  басқа  тәрбие  әдістерiнің  баршасымен  тығыз 

байланысты.

Тұлға  мiнез-қылығын  қалыптастыру  әдістерi  тәрбиеде  өте 

қажет.  Олардың  бәрi  тәрбие  үдерiсiнің  өзегiн  құрайды.  Атап 

айтсақ,  бұл  әдістер:  жаттықтыру,  талап,  көндiру,  тәрбиелiк 

жағдайлар (ситуациялар).

Ынталандыру әдістерi

Тәрбиеленушiнi  белгiлi  iс-әрекеттi  орындауға  талаптанды-

ру ниетiмен қолданылатын әдістер тобында ынталандырудың 

орыны  өз  алдына.  Бұл  әдістің  ежелден-ақ  мадақтау  мен 



жазалау  түрі  белгiлi.  ХХ  ғасыр  педагогикасы  және  бiр  өте 

әсерлi  ынталандыру  әдісi  –  жарыстыру,  бәсекелестіру 

әдісiн алға тартып отыр. Кейiнгi он жылдықта дәстүрлi ықпал 

әдістерiне  қосымша  субъектив-прагматикалық  әдістің 

тиiмдiлiгi  жариялануда.  Ғылыми  зерттеулер  мен  тұрмыс 

нақтылағандай,  бүгiнгi  жастардың  ерекшелiгi  –  өмiрге  болған 

прагматикалық  (пайда  табу)  қатынасы.  Осыдан  қазiргi  за-

ман  оқушысы    өзіне,  өз  жолдастарына  тәрбие  маған  не  бе-

редi,  неге,  қай  уақытта  ол  қажет,  одан  түсер  пайда  қандай 

және  қаншалықты  деген  сұрақтарды  үстемелеп  қоятын  бол-

ды. Осы секiлдi пайда табу – прагматикалық бағытты ескере 

отырып,  кей  шет  ел  педагогикалық  жүйелерi  тәрбие  үдерісін 

тәрбиешi  мен  тәрбиеленушi  арасындағы  нарықтық  қатынас 

сипатында бағалайды. Ал мұндай қатынас өзегi – пайда. Әдiс 

әлi  қалыптасып,  ресми  қабылданған  емес,  бiрақ  тұрмыста 

тәрбиешi мен тәрбиеленушiлер араларында түзiлетiн келiсiм-

шарттар жүйесiмен бiртiндеп тұрақтануда.


307

Мадақтау  –  тәрбиеленушiлер  әрекетiне  ұнамды  баға 

беру.  Мадақтау  ықпалы  оқушының  ұнамды  көңіл-күй  сезiмiн 

көтеруге  негiзделген.  Осыдан  да  мадақтау  балада    өзіне 

деген  сенiм  орнықтырып,  жұмысқа  болған  жағымды  көңіл 

қатынасын  оятады,  жауапкершiлiк  арттырады.  Мадақтау 

түрліше орындалуы мүмкін. Олар арасында тәрбие үдерiсiнде 

жиi  қолданылатындары  –  қолдау,  қуаттау,  алғыс  жариялау, 

құрметтi құқықтар беру, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беру 

ж.т.б.

Қолдау  –  мадақтаудың  ең  қарапайым  түрі.  Мұғалiм  өз 

қолдауын ишарамен, iс-әрекетiне, қылыққа жоғары баға беру-

мен, тапсырма беру арқылы сенiм арту, мұғалiмдер мен ата-

аналар  алдында  қуаттау  арқылы  бiлдiруiне  болады.  Мұның 

бәрi  тәрбиешiнің  өз  шәкiртiнің  табыстары  мен  кемшiлiктерi-

не  болған  зерделi,  зейiндi  қатынасын,  олармен  бiрге  қайғы, 

қуаныштарын  бөлiсуден  туындайтын  адамилық  қасиеттер. 

Құрмет пен сенiмге жеткен бала өз күш-қуаты мен қара басының 

қадiрiн ардақтай бiледi.

Бiршама  жоғары  деңгейдегi  мадақ  –  бұл  алғыс  жариялау 

мен байрақтау – тәрбиеленушiде ұзаққа бекiген ықылас-ни-

етке  себепшi  күштi  де  тұрақты  көңіл  шарпуларын  (эмоции) 

пайда етедi әрi қолдайды, себебi мұндай мадақ түрлері ұзаққа 

созылған тыңғылықты еңбек нәтижесiн берiп қоймастан, жаңа, 

жоғары деңгей жетiстiгiн де танытады. Байрақтау салтанатты 

жағдайда,  барша  тәрбиеленушiлер,  педагогтар,  ата-аналар 

қатысуымен өткiзiлуi қажет. Бұл ынталандырудың сезiмдiк си-

паты мен одан болатын толғаныстар әсерiн әрлендiруге себiн 

тигiзедi.

Қарапайымды  бола  тұра,  мадақтау  өте  жауапкерлi  де  iс. 

Мадақ  шектен  тыс  әсiреге  айналып  кетпей,  орынсыз  кем  де 

болмауы керек. Санамен сарапталмаған әсiре мадақ баланы 

бұзады.  Осыдан  мадақтаудың  психологиялық  қырлары  мен 

оның салдарын ескерген жөн:

1.  Мадақ-марапат  сырттай  көзге  түсiп,  әйгiлену  ниетiмен 

емес, мақтаушы мұғалiм мен марапатталушы оқушының, яғни 

екi  тараптың  бiрдей  жан  дүниелiк  қалауы  мен  қабылдауынан 

болуы шарт.



308

2. Мадақтау арқылы тәрбиеленушiнi басқа балаларға қарсы 

қойып алмауды да ойластырған жөн. Сондықтан тек табысқа 

жеткен оқушыны ғана мақтап шектелместен, шын ықыласымен 

еңбектенген,  өз  iсiне  адалдық  танытатындардың  бәрiне  де 

жылы лебiз, мадақ сөзді аянбаған жөн.

3.  Мадақ  қолдана  отырып,  кiм,  не  үшiн,  қаншалықты 

сыйға  тұрарлық  екенiн  сараптауды  ұмытпаңыз.  Әсiре  мадақ 

астамшылдыққа апарады.

4.  Әрқандай  мадақ  жеке  тұлғалық  ерекшелiктердi  еске-

румен  берiледi.    Өзіне  сенiмi  жоқ,  үлгерiмi  төмен  оқушыны 

қолдап-қуаттау қажет. Қандай да ұнамды сапасын танып, педа-

гог сол арқылы балада сенiм оятады, ұмтылыс пен дербестiк, 

кедергiлерден  сескенбеу  қасиетiн  баулиды.    Өзіне  тәрбиешi, 

төңірегiндегi адамдар сенiмiн артқан бала, өз кемшiлiктерiн де 

“жүгендеп”, оңды жолға түсе бастайды.

5. Бүгiнгi мектеп тәрбиесiндегi басты мiндеттерден жазбау. 

Мадақтау мәселесiн шешуде өз шәкiрттеріңiзбен пiкiр алысуды 

да жадтан шығармаңыз.

Жарыс  бәсеке.  Байқаңыз.  Көп  бала  топтала  қалса,  сол 

бойда өзара бедел таластыра бастайды. Балалар табиғатына 

аса тән құбылыс – бәсекелестiк. Төңірегiндегiлер арасында өз 

беделiн танытып, оны бекiту – әр адамның тума қажетi. Ал бұл 

қажеттiлiктi iске асыру басқалармен жарысуды керек қылады. 

Жарыс  нәтижесi  баланың  ұжымдағы  беделiн  ұзақ  уақытқа 

айқындап, бекiтедi.

Жарыс  әдісiмен  баланың  бәсекелiстiкке  деген  табиғи 

қажеттiгiн  жеке  тұлғаға  және  жалпы  қоғамға  сай  қасиеттердi 

баулитын  тәрбие  арнасына  бұруға  болады.  Өзара  жарыса 

жүріп,  оқушылар  қоғамдық  қылық  тәжiрибелерiн  тез  игерiп, 

тән-дене,  адамгершiлiк,  эстетикалық  сапаларын  дамытады. 

Жарыс  әсiресе  үлгерiмi  төмен  оқушылар  үшiн  аса  қажет:  өз 

нәтижелерiн  жолдастарының  жетiстiктерiмен  салыстыра  оты-

рып, өз бiлiмдерi мен ептiлiктерiн көтеруге болған қозғау күш 

алады, оқуы мен өзiндiк тәрбиесiне ден қоя бастайды. Жарыс 

ұйымдастыру – оңай iс емес: балалар психологиясын жете тану 

қажет, бiртұтас маңызды шарттар мен талаптарды ұстану әрi 

орындау  керек.  Жарыс  тиiмдiлiгi  оның  ұйымдастырылуында. 


309

Бұл үшiн жарыстың мақсаттары мен мiндеттерi айқындалады, 

бағдарлама  түзеледi,  баға  өлшемдерi  белгiленедi,  жарыс-

тыру  шарт-жағдайлары  жасалады,  қорытынды  шығарылып, 

жеңiмпаздар анықталады. Жарыс  өзіне сай қиыншылықтармен, 

қызықты өткiзiлуi тиiс. Сонымен бiрге жарыс ережелерi соңғы 

нәтижелердi бағалап, салыстыруға келетiндей нақты болғаны 

жөн. Қорытындылау мен жеңiмпаздарды анықтау жариялы бо-

лып, бағалау өлшемдерi қарапайым, баршаға түсiнiмдi болғаны 

дұрыс. Жарыс бағдары мен мазмұны айқын болуы тиiс. Бүгiнгi 

таңда мектеп тәжiрибесiнде сынып, мектептің озық оқушысы, 

пән бiлгiрi атақтарын алу жарыстары өткiзiлуде.

Гуманистiк  педагогика  жазалауды  да  жоққа  шығармайды, 

бiрақ оның шегiн, сипатын, орындалу жолдарын өзгертудi та-

лап етедi.

Жазалау  -  келеңсiз  қылықтарды  шектеп,  тежеу  үшiн, 

басқалар  алдында,  өз  тұрғысынан  айыбын  мойындау  сезiмiн 

ояту  мақсатында  қолданылатын  педагогикалық  ықпал  әдісi. 

Басқа  тәрбие  әдістер  секiлдi  жазалау  да  қылық-әрекеттердің 

сырттай  себептерiнің  тұлғалық  iшкi  ықылас-ниеттерге  ауы-

суына  негiзделген.  Мектеп  тәжiрибесiнде  жазалаудың  келесi-

дей  түрлері  қолданылуда;  1)  қосымша  мiндеттер  тапсыру; 

2)  кей  құқықтардан  айыру  не  шектеу;  3)  моральдық  сөгiс,  не 

айып тағу. Тәрбие барысында жазалаудың келесi формалары 

қабылданған: жақтырмау, ескерту, сөгiс жариялау, алдын ала 

сақтандыру, айыпқа сай талап қою.

Жазалау 

әдісiнің 

тиiмдiлiгiн 

анықтаушы 

шарттар 

төмендегiдей:

1.  Оқушы  “пiр”  тұтқан  абыройлы  адам  тарапынан  болған 

жаза әсерлi келедi. Келеңсiз қылығы тек тәрбиешi емес, дос, 

жолдастарының да жақтырмауына, ескертуiне ұшыраса, айып 

сезiмi күштiлеу болады. Сондықтан тәрбиешi ұжымдық пiкiрге 

көбiрек жүгiнгенi жөн:

2. Бүкiл сыныпқа жаза қолдануға болмайды.

3. Жаза шешiмi қабылданса, ол орындалуы шарт.

4. Жаза тиiмдiлiгi оның оқушыға түсiнiмдi болып, оны әдiл 

деп  қабылдауынан.  Өтелген  жаза  қайтып  еске  алынбайды, 

оқушымен қалыпты қатынас жалғасын табады.



310

5.  Жазала,  бiрақ  оқушының  намысына  тиюшi  болма. 

Тәрбиешi  жазаны  өз  жек  көргендiгiнен  емес,  педагогикалық 

қажеттiктен  қолданады.  “Келеңсiз  қылық  –  жаза”  формуласы 

мүлтiксiз орындалуы шарт.

6.  Жазалау  мәселесiн  шешерде  негiзiнен  келеңсiз 

қылықтарды,  болымсыз  мiнез  бiтiстерi  мен  әдістердi  шек-

теу,  тежеуге  бағытталған  тәрбие  әрекеттерi  тiзбегiн  бiртiндеп 

қолданып, басты, мәнi нақты, ұнамды сапаларды орнықтыруға 

қаратылған iс-әрекеттерге өту қажет.

7.  Жазалау  әдісiн  қолдануға  негiз  –  дау-дамайлы  жағдай 

(ситуация). Бiрақ көрiнген орынсыз қылық пен ережеден ауытқу 

жанжал туындатпайды, сондықтан, парықсыз жаза қолдана бе-

руге болмайды. Жазалау мәселесiнде жалпы, барша жағдайға 

бірдей  жаза  тағайындау  мүмкін  емес,  әрқандай  тәртiп  бұзу 

өзiнің дара сипатына ие: оны iстеген кiм, қандай жағдайда бо-

лады, себептерi не – осы жәйiттердi ескерумен жаза жеңiл не 

өте қатал болуы ықтимал.

8. Жазалау – өте ауыр да әсерлi әдіс. Жаза таңдаудағы пе-

дагог қателiгiн түзету өте қиын. Сондықтан, жүз берген жағдай 

жөнiнде  толық  та  анық  түсiнiм  болмағанша,  асығыстықпен 

жаза қолдануға болмайды. Керi жағдайда жаза өз әдiлдiгi мен 

пайдасын жоғалтады.

9. Педагогикалық үдерiстегi жаза – кек алу құралы емес. Ба-

лада жазаның оның өз пайдасы үшiн қолданылып жатқанына 

сенiм тудырыңыз. Әрқандай жаза әр баланың жеке ерекшелiк-

терiне орай қолданылғаны дұрыс.

10.  Жазаның  жеке  балаға,  оны  даралығына  сай  қолдануы 

-  әдiлдiктен  ауытқу  емес.  Бұл  өте  маңызды  мәселе.  Егер  пе-

дагог  оқушының  жеке  тұлғалық  ерекшелiктерiне  мән  бере-

тiн  болса,  жаза  да,  мадақтау  да  жiкке  келедi,  ал,  егер  ол  тек 

келеңсiз  қылықтың    өзіне  мән  берiп,  қай  тәрбиеленушi  тара-

пынан болғанына назар аудармаса, жаза түрлері жiктелiнбей 

қолданылып,  тұлғалық  бағыт  заңдылығына  қайшы  келедi. 

Мұғалiм  өз  педагогикалық  көзқарасын  балаларға  түсiндiруi 

шарт, сонда ғана шәкiрттер жаза әдiлдiгiн мойындайды.

11. Әрқандай жаңа педагогикалық әдептiлiктi, жас кезеңдерi 

психологиясын,  сонымен  бiрге  тек  жазамен  iстi  оңғаруға 

болмайтынын  түсiнген  жөн.  Осыдан  да  жаза  басқа  тәрбие 

әдістерiмен бiрлiктi қолданылады.



311

Субъектив-прагматикалық әдіс негiзi – тәрбиесiздiк пен 

бiлiмсiздiктің, тәртiп пен қоғамдық талаптарды өрескел бұзудың 

пайдасыз  екенiн  түсiнуде.  Қоғамдық  және  экономикалық 

қатынастар  баланы  ерте  жастан  қатаң  бәсеке-тайталасқа 

қосып,  өмiрге  тыңғылықты  дайындық  көруге  мәжбүрлейдi. 

Осыдан да нарықтық экономикаға ертерек көшiп, дамыған ел-

дердегi мектептiк бiлiм мен тәрбие қарапайым тұрмыс-тiршiлiк 

қажетiне (утилитарное) бағытталып, басты мақсат – шәкiрттердi 

оқу  орнын  бiтiрген  соң  жұмыс  табу,  тiршiлiк  қамын  жасауға 

тәрбиелейдi. Бiздің өткен кеңестiк дәуiрдегi тәрбиемiз, керiсiн-

ше, оқушыға бәрiн бiлдiрдi, бiрақ субъектив – прагматикалық 

тәрбиенi  буржуазиялық  деп  жоққа  шығарғандықтан,  мектеп 

түлегi бiлгенiн тұрмыста қолдана алмай, жеке де, қоғамдық та 

пайдаға жарамай қалды.

Педагогтар  қоғамдық-экономикалық  тарығуларды  тәрбие 

мақсатында  қолданады.  Алдымен  олар  жоғары  сапалы 

мектеп  тәрбиесiнің  әр  адамның  нарықтық  әлемiндегi  орны 

және  жағдайымен  байланысты  болатынын  баса  түсiндiредi, 



тәрбиесi  төмен,  бiлiмi  кем  адамдардың  болашақта  бе-

делдi қызметтен, жоғары жалақыдан жұта болатынын, 

жұмыссыздар қатарында қалуы мүмкін екендiгiн нақты мы-

салдармен көрсетедi. Осыған байланысты тәрбие қатаң жеке 

тұлғалық  бағытта  жүргізіледi,  себебi  әр  тәрбиеленушi  мектеп 

бiтiруде ұнамды пiкiр, бағамен еленiп, жұмысқа орналасу мен 

оқуға түсу үшiн негiз қалайды. Бұлай болмағанда, жұмыс орын-

дары  мен  мекеме  басшылары  оны  қызметке  алмайды.  Егер 

педагог  академиялық  табыс,  яғни  педагогикалық  үдерістегi 

жетiстiк  әр  оқушының  қабiлетiне  байланысты  болатынын  әрi 

ол  табысты  қолға  түсiру  бала  даралығына  орай  екенiн  жете 

түсiнсе, оның қолынан болымсыз түлек шықпайтынына кәмiл 

сенуге болады.

Субъектив-прагматикалық әдістің нақты iске асыру жолда-

ры төмендегiдей:

–  тараптар  мiндеттерi  анық  көрсетiлiп,  тәрбиешi  мен 

тәрбиеленушi арасында жасалған келiсiм-шарт (контракт);

–  тәрбиешiлер  және  ата-аналар  ортасында  келiсiммен 

түзiлген  жеке  өзiндiк  жетiлу  бағдарламасы  (өзiндiк  тәрбие 

мазмұны);



312

–  жеке қызығушылықты арттыру үшiн оқушылар қалаулары 

бойынша түзiлген төлемдi оқу-тәрбие топтары;

–  құқық  бұзуға  бейiмдi  балалармен  тәрбие  –  сақтандыру 

жұмыстарын алып баруға арналған “тәрбиешiлiк топтары”;

–  ең соңғы техникалық құралдар және электронды – есеп-

теу  машиналары  жәрдемiмен  тәрбиеленушiлердің  мiнез-

құлығын, әлеуметтiк дамуын үздiксiз  бақылауға алу, яғни  мо-



ниторинг жүргізу;

–  техникалық  құралдармен  жинақталған  сандық  және 

сапалық  көрсеткiштер  нәтижесi  негiзiнде  тәрбиеленушiнің 

жеке-дара даму бағытын анықтап, тұлғаның қажеттi қасиет-са-

паларын алдын ала жоспарланған арнада тәрбиелеудің “жоба-

сын” түзу;

–  ұдайы  өткiзiлiп  тұратын  ойын,  жарыс,  «ХХІ  ғасыр 

көшбасшысы»  бәсекесіне  байланысты  әрбiр  оқушының 

тәрбиелiк,  әлеуметтiк  кемел,  азаматтық  дәрежесiн  анықтау 

үшiн ұйымдастырылатын тест-байқаулар;

–  тәртiп бұзушыларды жазалау мақсатында қолданылатын 

айыппұл төлету, құқықтары мен еркiндiгiнен айыру, әлеуметтiк-

қоғамдық  басымдықтарын  (привилегии)  алып  тастау  ж.т.б. 

секiлдi шараларды пайдалану.

Бұл  әдіс,  әзiрше  елiмiз  мектептерiнде  кең  өрiс  ала  ал-

май  отыр.  Дегенмен,  тұрмысымызға  қарқындай  енiп  жатқан 

әлеуметтiк  және  экономикалық  өзгерiстер  уақыт  оздырмай, 

тәрбие үдерiсiнің маңызды шарттарының бiрi ретiнде субъек-

тив-прагматикалық әдістің алғы шепке шығуы – заңды күтiлетiн 

құбылыс.


Қорытындылай келе, айтарымыз – ынталандыру әдістерiнсiз 

тәрбие үдерісінің қалыпты дамуы мүмкін емес. Осыдан, бүгiнгi 

таңда бастауыш мектеп тәжiрибесiнде мадақтау, жазалау, жа-

рыстыру,  бәсекелестіру,  субъектив  -  прагматикалық  әдістер 

кең қолданымда. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет