2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар



Pdf көрінісі
бет12/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33

бесе, егер оның ақыл-есi игерiлiп жатқан материалдың маңызы 

мен қажетiн түсiнуге әлi пiсiп жетiлмесе, онда оның бiлiм игеруi 



130

екiталай. Мүмкін, бiлiм, ептiлiктер зорлаумен игерiлiп те қалар, 

бiрақ осыдан олардың жаттанды, формаль болуы сөзсiз. Мейлi 

бала  өзіне не қажет екенiн әлi бiлмесiн, айта алмасын, бiрақ 

сана астарында өзi сезбей-ақ мұғалiмнің берген тапсырмасына 

ден қоюдан алдын оны қабылдайды немесе тiптi жолатпайды, 

не оның бiр бөлiгiн ғана орындауға ниеттенедi. Мұғалiм осы өте 

маңызды жағдайға мұқият мән берiп, назар аударуы қажет. 



Қабылдау үдерісi – оқып үйренетiн пәннің оқушы санасын-

да бейнелеуiн қамтамасыз етедi. Ол сезiм ағзалары арқылы тi-

келей немесе мұғалiм сөзі арқылы – жанама да болуы мүмкін. 

Қабылдай  отырып,  оқушы  тыңдайды,  оқиды,  үдерiстерді  не 

заттарды бақылайды. Қабылдау – белсендi үдеріс. Бiрақ оның 

белсендiлiгi  мұғалiмнің  осы  қабылдауды  қажеттi  деңгейде 

ұйымдастыруына, яғни көрсетпе беруiнен, неге назар бөлу ке-

рек екенiн айтуынан, оқушыға сұрақ қоюынан.

Оқу  барысында  көбiне  түсiну  (ұғыну)  үлкен  рөл  ой-

найды.  Осы  түсiнiп,  ұғудың  арқасында  адам  танымы  нақты 

қабылдаудан  дерексiзденген  ойлауға  және  теориялық  бiлiм-

дердi  игеруге  өтедi.  Оқушы  түсiнбей-ақ  көп  нәрсенi  есiнде 

қалдыруы  мүмкін,  бiрақ  бұл  жағдайда  ой  жұмысы  болмай-

ды.  Осыдан,  қажеттi  даму  да,  алға  iлгерiлеуi  де  тоқтайды. 

Түсiну  (ұғыну)  белгiлi  әрекеттердi  орындаудың  нәтижесiнде 

қалыптасады. Ол әрекеттер: 

–  талдау,  бiрiктiру  (игерiлетiн  нысанды  бөлiктерге  келтiру, 

бөлiктерден бүтiндi құрау);

– бастыны ажырату, негiзгi ойды бөлiп алу, өзектi сөз табу, 

тақырып өрнектеу, жоспар түзу және т.б.;

– салыстыру, беттестiру, яғни заттар мен жеке элементтер 

арасындағы  ұқсастық  пен  өзгешелiктердi  нақты  белгiлерiне 

орай анықтау;

–  затты  не  құбылысты  нақты  белгiлерiнен  ажыратып,  оны 

дерексiздендiру не нақтылау, сонымен белгiлi жағдай да қажет 

бiр белгiге мән беру, бiр белгiге аса назар аудару – нақтылыққа 

келтiредi;

–  қисынды дәлелдер. Бұл әрекеттердің мәнi – жеке тұжырым-

дамаға негiздеме беру, себеп-салдарлы байланыстарды түзу;

–  қорытындылау,  яғни  бөліктерді  тұтастыққа  келтiру, 

қорытындыланған белгiлерге анықтама беру. 


131

Бастауыш мектепте мұғалiм оқушылардың жаңа бiлiмдердi 

қабылдауын  әрқилы  формаларда  ұйымдастыруы  мүмкін: 

ауызша  баяндаумен,  көрнекiлiкпен,  оқушылардың  өзбетiнше 

бақылауымен, iзденiс жұмыстарын орындаумен.

Қабылданып, ұғынылған бiлiмдер мен ептiлiктер оқушылар 

тарапынан игерiледi, олардың меншiгiне өтедi. Игеру нәтижесi 

– сабақта қабылдап, не өзбетiнше iзденiп аңғарған зат, құбылыс, 

үдерiстер  мәнi  жөнiндегi  оқушының  өз  ұғымын  бейнелейтiн 

түсiнiктердің  түзiлуi.  Дегенмен,  бұл  түсiнiктер  бiрдейiне  анық 

әрi дұрыс бола бермейдi. Олар төңірегiндегi жұмыстар келесi 

кезеңдерде  жалғаса  түседi.  Жаңа  материалды  игеру,  жаңа 

бiлiмдер  мен  ептiлiктер  қалыптастыру  сандық  және  сапалық 

ұлғаю  мен  дамуға  жетелейдi.  Осыдан,  оқушыда  бiрте-бiрте 

пiкiр, түсiнiк және бiлiмдер қоры қалыптасады. 

Жаңа  түзiлген  түсiнiктер  мен  ұғымдар  алғашқы  бекiту 

кезеңiнде жетiлдiрiледi. Ал бұл көбiне игерiлген материалды, 

ептiлiктердi тәжірибеде қолдану үдерiсiнде iске асып бара-

ды.  Мұндайда  мұғалiм  жаттығулардың  мүмкін  болған  барша 

түрін,  мәселелi  және  iзденiс  тапсырмаларын,  тiрек  көрнекi 

құралдарын  және  т.б.  пайдаланады.  Қабылданып,  ұғымға 

өткен  бiлiмдердің  есте  қалдырылуы  осы  кезеңде  iске  асады. 

Тәжiрибе көрсеткендей, бастауыш мектепте жинақталған бiлiм, 

ептiлiк, дағдылар қорының 80% оқушы есiнде сақталып, өмiр 

бойы оның қолданымында болады. 

Жауапты  мұғалiм  көбiне  алғашқы  бекiтумен  шектелмей, 

игерiлгендi  нығайта  түсу  үшiн  арнайы  жаттығулар  пайда-

ланады. Оқушы ендi жаңа бiлiмдер мен ептiлiктерiн бұрыннан 

таныс бiлiм, ептiлiк, дағды, тәсiлдерiмен байланысқа келтiрiп, 

қолдануға жаттығады. Тәжiрибелi мұғалiмдер материалды бiр 

сабақтың өзiнде бiрнеше рет қолданып, бекiтуге тырысады. 

Мұғалiм мазмұнның негiзгi элементтерiн есте сақтау шара-

ларын қарастырады. Мұқият бекiген бiлiмдерсiз баланың дамуы 

жөнiнде әңгіме де болуы мүмкін емес: ой мен ес (жады) өзара 

тығыз байланысқан. Сондықтан, әр сабақта түрлі формаларды 

қолданып,  қайталаулар  ұйымдастырады.  Бұл  ұмыту  кедер-

гiсiн  шектеп,  жаңа  материалды  өткендегiлермен  байланыс-

тырып, бiлiм деңгейiн дәлiрек бiлуге, игерiлгендi тереңдетуге, 

кеңейтуге, жүйелестiруге себiн тигiзедi. Оқып үйренудің кепiлi 


132

– қайталау екенi даусыз. Тек қарадүрсiн жаттауға емес, белсен-

дi, қызғылықты, баланың ойлау қабiлетiн арқау еткен қайталау 

– игерiлгендi нығайта түсудің өте қуатты құралы. В.Ф.Шаталов, 

мысалы,  материалды  әрқилы  баламада  көп  мәрте  қайталай 

қолданып,  оның  көлемiн  тарылта  түсiп,  басты  түсiнiктердің 

игерiмiн нығайта отырып, кейiн оларды тiрек конспекттер-

ге енгiзедi. 

Өтiлгендердi  қорытындылау  кезеңi  игерiлген  бiлiм 

мен  ептiлiктердi  оқушыларда  бұрыннан  бар  түсiнiктер  мен 

ұғымдардың  жалпы  жүйесiне  қосуды  көздейдi.  Бастауыш 

сыныпта  қорытындылаудың  екi  түрі  –  эмпирикалық  және 



теориялық - пайдаланылады. Бiрiншi тәсiлмен балалар нақты 

белгiлердi жинақтап, жалпылыққа келтiредi. Қорытындылаудың 

екiншi әдісi – танылған құбылыстарды талдай-бiрiктiре түсiнуге 

(ұғуға) мүмкіндiк бередi. Қойылған мақсатқа орай қорытындылау 

типтерiнің бiрте-бiрте күрделене түсетiн жүйелерi қолданылады. 

Ең  алдымен  iшiнара  қорытындылау,  кейiн  –  түсiнiктiк 

деңгейiндегi қорыту, ақырында – сабақтық, тақырыптық 

және тақырыпаралық қорытындылау жүргізіледi. Мұндайда 

бiрiздi iске қосылып баратын әрекеттер түрі: 1) нысан белгiлерiн 

талдау;  2)  салыстырумен  олар  арасындағы  байланыстарды 

анықтау;  3)  басты  белгiлердi  нақтылау;  4)  тiлдiк  өрнекке  кел-

тiрiп, бiрiктiру; 5) қорытынды пiкiр қалыптастыру; 6) оқушының 

тапсырма орындау тәсiлдерiн ұғуы. 

Қорытындылау тапсырмалары барша сабақтарда қолданым 

табады. А.Я.Савченко ұсынған тапсырмалар түрі келесiдей: 

– жаңа түсiнiктер қалыптастыруда салыстырылуы қажет ны-

сандар мәндi белгiлерiн қорыту;

–  жаңа  нысан,  жаңа  жағдайларға  тасымалдау  үшiн  қол-

данылған оқу әрекет-тәсiлдерiн қорыту;

–  қорытынды  жалпылау:  1)  оқылған  мәтiн  бойынша;  2) 

бақылау  нәтижесi  бойынша;  3)  сабақ  бойынша;  4)  саяхаттар 

iзiмен; 


–  нақты  тақырып,  бөлiм  бойынша  бiлiмдердi  жүйелестiру 

мақсатында қорытынды жасау: а) белгiлерiн тiзiп, атау; б) тiрек 

сұлба, кестелер жасау. 

Оқыту  үдерісінің  аяқтау  кезеңi  –  оқыту  қызметiнің 

нәтижелiлiгiн анықтау; ал оқып-үйрену ақыры – оқушылардың 


133

өздерi тарапынан өз бiлiм, ептiлiк, сауаттану деңгейiн анықтауы. 

Бұл  кезеңде  мұғалiм  не  оның  басшылығында  оқушылар 

бiлiмдену  нақтамасын  жүргізедi,  яғни  бiлiм,  ептiлiктердің  қай 

дәрежеде  қалыптасқанына  көз  жеткiзедi.  Мұндай  жолмен  

алынған  нәтижелер  кейiнгi  жұмыстарға  бағыт-бағдар  бередi: 

өткен  материалға  оралып,  және  бiр  қайталау,  жаңадан  оқып 

шығу,  кейбiр  олқылықтарға  назар  аудару,  келесi  материалға 

өту және т.б. 

Бүгiнгi  таңдағы  бастауыш  мектеп  бiлiмдер  мен  ептiлiктер-

дi толыққанды игеру, бiлiм өнiмдерiн оқу мiндеттерi белгiлеген 

нақты  мақсат  пен  деңгейге  сәйкес  қалыптастыру  талаптарын 

қоюда.  Сондықтан  оқу  үдерiсiнiң  жүргізілуі  мен  нәтижелiлiгiн 

бiлiп бару аса маңызды.

Игерiлгендердi қайталаумен бекiтiп, оқушылардың бұрыннан 

бiлгендерiмен байланыстырғаннан соң, оқу нәтижесi нақты бiр 

сабақта мейлiнше мүмкін болған жоғары дәрежеге көтерiледi. 

Егер  нәтиже  (оқу  өнiмдерi)  көзделген  деңгейге  сәйкес  бекiсе 

– оқу мақсатының ақталғаны. Осы бағытта ұйымдастырылған 

оқу  –  бiрiздi  iлгерiлеген  үдеріс  сипатын  алып,  оқушылар 

сауттылығының  төменiрек  деңгейiнен  анағұрлым  жоғары 

дәрежесiне басқарымды қадам атуына жол ашады. 

Сонымен,  оқу  үдерісi  бiтiмге  келтiрiлген  айналымдар 

(аяқталған  сабақ)  түрінде  iске  асырылады.  Мұндай  әр  айна-

лым  өз  элементтерiн  қамтыған  жүйе  ретiнде  қабылданады. 

Оқу  үдерiсiнiң  басты  құрылым  элементтерi  (кезеңдерi):  бiлiм, 

ептiлiктердi  қабылдау;  оларды  түсiну  және  ұғу;  игеру;  бекiту; 

тәжірибеде қолданып, нығайту; нәтижелiлiгiн анықтау. Әр кезең 

өз талаптарына сәйкес меншiктi мiндеттерiне ие. Әр кезеңде 

мұғалiм мен оқушы өздерiне белгiленген iс-әрекет, қызметтердi 

орындайды:  мұғалiм  таным  үдерісiне  басқарым  жасайды,  ал 

оқушылар бейнетi де, зейнетi де мол оқып-үйрену iсiмен айна-

лысады. 

Оқу мазмұны

Дидактиканың  өзектi  сұрақтарының  бiрi  –  неге  үйрету  ке-

рек? – бiздi оқу мазмұнына бағыттайды.   Оқу мазмұны – бұл 

бастауыш  мектепте  игерiлетiн  бiлiм,  ептiлiк  және  iс-


134

әрекет тәсiлдерi. Бастауыш мектепте ненi оқыту қажет, адам-

зат топтаған барша құндылықтар iшiнен қандай бiлiмдердi iрiк-

теу керек - өте күрделi де даулы мәселе. Бүкiл дүниежүзi педа-

гогтары бұл мәселе төңірегiнде тынымсыз iзденуде. Бастауыш 

бiлiм  тұғырының  қаншалықты  берiк  болары,  қоршаған  дүние 

мен  адамзат  мәдениетiн  бiздің  бүгiнгi  және  келер  ұрпағымыз 

қалай  түсiнерi  –  осы  мәселенің  дұрыс  та  оңтайлы  шешiмiне 

тәуелдi. 

Бастауыш  бiлiм  мазмұны  оқушылардың  жан-жақты  да-

муы,  олардың  ойлауы,  таным-қабiлеттерiнің  қалыптасуы, 

бiлiм жалғастыру мен болашақ еңбекке дайындығының негiзiн 

қалайды. 

Оқу  (бiлiмдену)  мақсаттарының  iске  асу  құралы 

болғандықтан  мазмұн  қоғам  мен  жеке  адамдардың 

күнделiктi,  сондай-ақ  болашақ  қажеттерiн  айқындайды. 

Жеке  және  қоғамдық  қажеттер  көп  жағдайда  осы  мазмұнды 

қалыптастырады. Мазмұн түзiлуi күрделi әрi қайшылықты iс, 

себебi  ол  көп  адамдар  мен  топтардың  мүдделерiне  байла-

нысты келедi. Бастауыш мектептегi бiлiм мазмұны, құрылымы 

және  сипаттарының  қандай  болу  қажеттiгi  әркiмдi  де  –  ата-

аналар және оқушылардың өздерiнен бастап министр, акаде-

мик, өкiмет мүшелерiне дейiн – толғандырады. 

Бастауыш бiлiм мазмұнының қалыптасуына ықпал жасаушы 

себептердің арасында аса маңыздылары: 1) оқу мақсаттары; 

2) әлеуметтiк және ғылыми жетiстiктер; 3) қоғам қажеттерi; 4) 

жеке талғамдар; 5) педагогикалық мүмкіндiктер және т.б.



Қажеттiктер  (қоғамдық  және  жеке)  –  мазмұнды 

қалыптастыруда  ең    алдымен  еске  алынатын  жағдаят.   

Қазақстан  Республикасының  жаңа  мектебiн    құрудың  

бүгiнгi    кезеңiнде,  жаңа  демократиялық  мемлекет  iргесiн 

көтеруде,    мәдени-рухани  қайта  тiктелуде,  адамдық  iс-

әрекеттер  аймағында  бұрын-соңды  болмаған  жаңғыртулар, 

демократиялық  қоғам  мен  нарықтық  қатынастар  түзiлуде, 

Отандық  ғылым  мен  техниканың  әлемдiк  стандарттар 

деңгейiне көтерiлуiнде оқу мазмұны iргетас қызметiн атқаруы 

тиiс.  Сондай-ақ  мазмұн  мәселесiмен  бiрге  келесi  көкейкестi 

мәселелер  шешiлуi  қажет:  қоғамдық  және  жеке  мүдделер 

арасын  ұтымды  байланыстыру;  қоғамдық  қажеттердi 



135

қамтамасыз  ету  бағытын  бiрде  әлсiретпей,  бiлiмдi  әр  жеке 

адам үшiн мәндi, нәрлi әрi қажеттi ету. 

Педагогикалық  үдерiстің  жабдықталу  деңгейiн,  оның 

материалдық-технологиялық  және  экономикалық  қорын 

мүмкіндiктер реттеп барады. Оқушылардың жас сатыларына 

да  байланысты  шектеулер  болады.  Өткен  ғасырдың  70-жыл-

дары  көрiнiс  берген  бастауыш  мектеп  мазмұнын  бұрын  тек 

жоғары сыныптарда өтiлетiн күрделi тақырыптарды бастауыш 

мектеп бағдарламасына ендiру жолымен жетiлдiрудi көздеген 

педагогикалық қадамдар өзiн ақтамады, бұл мiндеттi түрде ес-

керiлуi қажет балалар жасына тәуелдi оқу мүмкіндiктерi бола-

тынын және бiр дәлелдедi. 

Бала  жаттауға  шебер,  ол  неғұрлым  кiшi  болса,  оның  есте 

сақтап  қалу  бейiмдiлiгi  соғұрлым  жоғары,  бiрақ  ұғыну,  түсiну, 

саналы игеруi – басқаша. Бұл үшiн белгiлi даму деңгейi қажет.

Бастауыш мектеп оқу мазмұнына қойылатын талаптар мем-



лекет  стратегиясымен  белгiленедi.  Онда  -  ұлттық  және 

жалпы  адамзаттық  мүдде,  құндылықтар  бiрдей  ескерiлуi  мiн-

деттi. Мемлекеттiк құжаттарда мектептегi бiлiмденудің жалпы 

негiздерi  анықталған.  Олар:  гуманизация,  интеграция,  диф-

ференциация,  тұлғаны  жан-жақты  дамыту  мен  азаматтық 

қалыптастыру  бағыты,  ғылым  және  тәжірибелік  тұрғыдан 

маңызды болу, бiлiм күрделiлiгiнің жас ерекшелiктерiне сай ке-

луi, жаңа ақпараттық технологияларды өрiстi қолдану.

Оқу мазмұнын гуманизациялауға үлкен мән берiледi. Мек-

тептегi  ғылым  негiздерiн  оқушылар  ендi  адам,  оның  өмiрi 

жөнiндегi бiлiмдермен бiрге игередi. Бұл балада өмiр мен тiр-

шiлiктi сақтап қалу, өмiр мәнiн түсiнуге қаратылған болашаққа 

сенiм арттыратын көзқарастарды тәрбиелеушi ойлаудың гума-

нистiк типiне жетелейдi. Мектептi гуманизациялауда балаларға 

өзiн және қоршаған дүниенi жете тануға мүмкіндiк беретiн тiл 

және әдебиет пәндерiне, эстетикалық тәрбиеге, адам жөнiндегi 

ғылымдарға үлкен назар аударылады. 

Мектептiк оқу мазмұнын түзу жалпы орта бiлiмнің мемлекет-

тiк  стандартына  негiзделедi.  Мемлекеттiк  стандарт  бiлiм 

жүйесi мүмкіндiктерiмен бiрге бiлiмнің қоғамдық мұратын (иде-

ал)  көздейдi.  Бiр  жағынан,  ол  –  белгiлi  сапа  және  деңгейдегi 

бiлiм  алудың,  орта  бiлiм  аламын  дегендердің  бәрiне  бiрдей 



136

ақысыз  мемлекеттiк  мiндеттi  қызмет  көрсетудің  –  қоғамдық 

кепiлi. Екiншi жағынан, мемлекеттiк стандарт белгiлi деңгейдегi 

бiлiм құжатын алуды ниеттегендерге талаптар ұсынады.

Мемлекеттiк стандарт өз iшiне келесi бөлiмдердi қамтиды:

–  оқу  жылдары  мен  құрылымына  орай  мазмұндық  қор 

жөнiндегi бiртұтас түсiнiк беретiн жалпы бiлiмдiк орта мектептің 

тiрек оқу жоспары;

–  жалпы  бiлiм  дайындығы  мақсаттарының  мазмұнын 

нақтылайтын  мектеп  және  барша  оқу  орындарына  арналған 

пәндердің бiлiм стандарты. 

– әр оқу сатысына (бастауыш, негiзгi, орта мектеп) белгiлен-

ген  жалпы  орта  бiлiм  мазмұнын  игерудің  ең  төмен  деңгейiне 

қойылатын мемлекеттiк талаптар.

Мемлекеттiк стандартқа сәйкес жалпы оқу мазмұны мен әр 

пәннің мазмұны екi – инвариантты (өзгермейтiн) негіз және 



жүйелi  жаңаланып,  қайта  қарастырылатын  –  бөлiмнен 

тұрады. 


Бастауыш 

мектепке 

арналған 

бiлiм 


мазмұнын 

қалыптастыруда  басшылыққа  алынатын  жәйт  –  баланың  ең 

жоғары  деңгейде  жинақтайтын  бiлiм  қоры  емес,  ал  әңгіме 

ұсынылатын  мазмұнның  қаншалықты  әлеуметтiк  тапсырысқа 

сай  болуы  мен  балалардың  болашақ  өмiрiне  тiрек  болар  не 

беретiнiнде. 

Сауаттанудың бастапқы сатысында алға қойылатын талап 

–  баланың  жан-жақты  дамуы  мен  оқу  iс-әрекеттерiнің  барша 

бiрлiктерiн толыққанды игеруi. Сондықтан оны қалыптастыруда 

ескерiлуi  тиiс  жағдаяттар  келесiдей  болуы  мүмкін:  бiрiздiлiк 

пен  болашаққа  бағытталу;  оқу  мәселелерiн  шешудің  күтiлген 

мүмкіндiктерi;  соңғы  тиiмдi  нәтиженi  алуға  ықпал  етушi  iс-

әрекеттердің  жетерлi  жиiлiкте  және  оған  бөлiнген  уақыттың 

қажет  деңгейiнде  болуы,  iс-әрекеттердің  әртүрлі  күрделiлiк 

деңгейiнде ұйымдастырылу мүмкіндiгi. 

Бастапқы  бiлiмнің  тұғырлы  болуын  қамтамасыз  ету 

–  принциптi  мәселе.  ЮНЕСКО  талабы  бойынша,  бастауыш 

мектеп бiлiмiнің 80%-iн әрбiр адам мiндеттi түрде иге-

руi  шарт.  Ал  адамның  жалпы  бiлiктерi  мен  ептiлiктерiнің 

80%  бастауыш  мектепте  қаланатынында  осы  халықаралық 

ұйымның  құжаттарынан  белгiлi  болып  отыр.  Сондықтан  бас-


137

тауыш  мектептің    өзгермейтiн  тiрек  қоры  (базовый  компо-

нент) аймақтық ерекшелiктерге де, қоршаған табиғи ортаға да 

тәуелдi емес.

Бүгiнгi  мектеп  ерекшелiгi  –  қоршаған  дүние  мен  қоғам  да-

муы  жөнiндегi  бiлiмдердің  бiрiгiмi  (интеграция).  Кiшi  балалар 

санасында өзiндiк “әлем бейнесi” ерте қалыптасады. Барша 

кемшiлiктерi бола тұра, бала “әлемiнің” ұтымды тарапы – оның 



тұтастығында.  Ал  баланың  мектеп  босағасын  аттауымен 

пәндер  арасындағы  алшақтық  және  айырмашылықтар  бұл 

тұтастыққа “iрiткi” салып, бөлшектейдi. Нәтижеде, балалар игер-

ген бiлiмдер өзара байланыстан жұта болады. Көп мұғалiмдер 

өз  сабақтарында  пәнаралық  байланыстарды  пайдаланады, 

бiрақ  бұл  науқандық  сипатта  болып,  жалпылай  мәселені  ше-

шуде қауқарсыздық танытады. Бiлiм – бұл тұтастық, сондықтан 

да ол осы күйiнде оқушы “дастарханына” тартылуы қажет. 

Заттар  арасындағы  кедергiлердi  жою  үшiн  оларды  бас-

ты  тақырыптар  не  түсiнiктер  төңірегiнде  бiрiктiредi.  Бұл  зат-

ты  жан-жақты  бақылап,  оның  барша  өзара  байланыстарын 

айқындауға  мүмкіндiк  бередi.  Талдау,  бiрiктiру,  салыстыру 

әдістерiн тиiмдi пайдалануға болады. Бұл дүниетаным, адам-

тану, экологиялық, қарым-қатынастық бiлiмдер мен ептiлiктер-

дi қалыптастыруда өте маңызды. Екi-үш пәндi бiрiктiру немесе 

бөлек  тақырыптарды  бiрiктiрiлген    топқа  (блоктарға)  келтiру 

негiзiнде құрылған интегралды курстар жасалуда. Мұндай кур-

стар  кеңейтiлген,  ауқымды  мазмұн  қамтып,  уақыт  үнемдеуге 

мүмкіндiк  бередi.  Интеграциялаумен  мiндеттi  пәндер  са-

нын  азайтуға  болады.  Бастауыш  мектепте  интеграция  жүйе 

құрастырушы ұғымдар – сөз, көлем, форма, мөлшер, кеңiстiк, 

уақыт және т.б. – төңірегiнде жасалады. Осы жолмен кiшi мек-

тепте оқылатын пәндердi “Әлем және адам”, “Мен және менi 

қоршаған дүние”, “Әлем, табиғат және мен”, т.с.с. тақырыптар 

төңірегiнде  бiрiктiрiп,  бiр  оқулыққа  келтiру  –  күн  тәртiбiнде 

тұрған келелi дидактикалық мәселелердің бiрi. Өркениеттi ел-

дер  (Англия,  АҚШ,  Жапония)  мектептерiнде  мұндай  курстар 

кең қолданылып, жанды және жансыз табиғат, техника, адам 

және т.б. жөнiндегi бiлiмдердi қамтиды. 

Бiлiм мазмұнын жасауда мiндеттi принциптердің бiрi – жiк-

ке  салу  (дифференциалды)  бағыты.  Оның  мәнi  –  бастауыш 


138

мектеп  ұстанған  қандай-да  бiр  мақсат  әртүрлі  материалдар 

қолданумен орындалады, мысалы балаларға әрiп таныту бары-

сында мұғалiм нақты “Әлiппе” кiтабында берiлген мүмкін болған 

көп  баламалар  iшiнен  өз  оқушылары  үшiн  бiрiн  таңдайды. 

Мұндайда пән өз атауын, арнайы мiндетiн өзгертпестен екiншi 

бiр бағдарлама не оқулық негiзiнде оқу үдерiсiнде пайдаланы-

лады. 


Бiлiм мазмұны мектеп типi, аймақтық не басқа да ерекшелiк-

терiне байланысты өзгерiске келуi мүмкін. Жалпы мектеп, гим-

назия, авторлық оқу орындары үшiн түзiлген әрқилы оқулықтар 

болуы  ықтимал.  Оларды  пайдалану  балалардың  мектепке 

дайындық деңгейiне тәуелдi. Анығы, дарынды балалар мен оқу 

қабiлетi  кемдеу  шәкiрттер  үшiн  әртүрлі  оқу  бағдарламалары 

мен оқулықтар болғаны жөн, алайда қай оқулықта болмасын, 

мемлекеттiк стандарт талабына сай инвариантты ( өзгермейтiн) 

бiлiм  сақталуы  мiндеттi.  Мазмұнның  жiкке  келуi  ақпараттық 

бөлiмнің тарылуы мен кеңеюiнен игеру қарқынының өзгеруiне, 

материал ұсыну тәсiлдерiне де байланысты. 

Сыртқы  жiктелулермен  қатар  (пән  мазмұны  және  оларды 

игерудің әрқилы тәсiлдерiн ұйымдастыру деңгейiнде) iшкi диф-

ференциация да қолданылады. Ол оқу материалы мазмұнын 

дайындығы әр деңгейде болған балалар үшiн тақырып не бөлiм 

ауқымында  жiктеп,  үлгерiмi  жоғары  оқушыларға  материалды 

тезiрек  игерiп,  дами  түсуiне,  ал  бiлiктiлiгi  жетiмсiз  балаларға 

бағдарламаны  жеңiлдетiлген  күйде  ұсынуға  мүмкіндiк  бе-

редi.  Мазмұн  мұғалiмдер  үшiн  өз  оқу-тәрбие  жұмыстарын 

оқушылардың  қызығулары  мен  қабiлеттерiне  орай  даралап 

оқытуына да қолайлы болуы қажет, өз iшiне мүмкіндiгi болғанша 

тәрбиелiк iстерге де жол-жобаларды молынан қамтығаны жөн. 

Оқу  үдерiсiнiң  мазмұны  қамтыған  бiлiм  түйдектерi  мен 

олардың  элементтерi  өзара  әрқилы  тәсiлдермен  байланысқа 

келген  түрлі  құрылымдарға  (структура)  бiрiгедi.  Бұл 

құрылымдардың  аса  кең  тарағандары:  iзбе-iздi,  шоғырлы, 



оралымды және аралас.

Iзбе-iздi  (линейная)  құрылымда  оқу  материалының  жеке 

бөлiктерi үздiксiз бiрiздi өзара тығыз байланысқан күйде мек-

тептiк  оқу  мерзiмiнде  бiр-ақ  рет  ұсынылады.  Шоғырлы 

(концентрлi)  құрылымда  уақыт  өтумен  бұрынғы  материал 



139

қайталана,  игерiледi.  Бiр  сұрақ  бiрнеше  рет  қойылуы  мүмкін, 

бiрақ оның мазмұны әр жаңа қойылымда жаңа ақпараттар, бай-

ланыстар  және  тәуелдiлiк  заңдылықтарына  орай  бiрте-бiрте 

байытылған  сипатта  берiледi.  Оқудың  алғашқы  кезеңдерiнде 

қарапайым  ұғымдар  төңірегiнде  жұмыс  алып  барылса, 

кейiн  оқушылардың  бiлiм  қорының  арта  түсуi  мен  танымдық 

мүмкіндiктердің өсуiнен ол оқу iстерi ғылыми-теориялық және 

тәжірибелік тұрғыдан тереңдеп, кеңейтiле барады. Оралымды 

(спиральды)  құрылымға  тән  ерекшелiк  –  оқушылар  бастапқы 

мәселенi назардан тыс қалдырмай, онымен байланысты бiлiм-

дер ауқымын бiрте-бiрте кеңейтумен болады. Бұл құрылымда 

концентрлiкке тән үзiлiстер болмайды, ал оның iзбе-iздi оқудан 

айырмашылығы  –  оқу  материалы  бiр  мәрте  ғана  өтiлiп  шек-

телместен,  үстемеленiп  толыққан  дәрежеде  қайталанып 

отырады.  Оқу  кiтаптарын  құрастырушылар  бүгiнде  аралас 

құрылымды пайдаланғанды жөн көрiп отыр. Себебi ол мазмұн 

қалыптастыруда  әрқилы  жолдарды  қолданып,  әр  бөлiмдi  өз 

алдына қолайлы болған тәсiлдермен баяндауға жол ашады. 

Құрылым таңдауда ескеретiн жәйттер: оқу мақсаттары, сау-

аттану деңгейiне қойылатын талаптар, игерiлетiн пәндердің си-

паты мен ерекшелiктерi, мазмұн бағыттары; оқу топтарының, 

оқушылардың әлеуметтiк, табиғи орта өзгешелiктерi. 

Бiлiм  сипаты  қандай  болуы  қажет  және  ол  оқушыға  не 

жеткiзуi  тиiс?  бұл  сұрақтар  төңірегiнде  әртүрлі  көзқарастар 

өрбiген.  Әсiресе  кең  жайылым  алған  бағыттар:  материал-



ды  (әмбебап)  және  формальды  (таңдаулы)  бiлiмдер.  Ма-

териалды  бiлiм  бағытын  қолдаушылар  Я.А.Коменский  пiкiрi-

не  жүгінеді:  мектептің  негiзгi  мақсаты  –  оқушыларға  мүмкін 

болғанша әр саладан жан-жақты, көлемдi бiлiм беру. Бұл жоба 

өркениеттi  елдердің  көбiнде  беделдi  оқу-орындары  тарапы-

нан қабылданған. Бұл бағыттағы оқу Қазақстан мектептерiнде 

де жалғасын тауып, оқу пәндерiн ұсынуда бұрыннан дәстүрлi 

келе жатқан классикалық прогимназия әдістерін пайдалануда. 

Бiршама жетiстiктерi бола тұра, материалды бiлiм бағыты кем-

шiлiкiсiз де емес, олар: оқу курстары арасында байланыс кем; 

шектен тыс артық, бала дамуына кейде тiптi де қажет емес ма-

териалдар  қамтыған.  Осы  жағдайларға  байланысты  мұғалiм 



140

пәндi  асығысты,  арасында  үстiртiн  өтуiне  тура  келедi,  оқу 

бағдарламалары бiр ғана iзбе-iздi сұлба бойынша түзiледi. 

Бұларға  қарсы  формальды  бiлiм  бағытын  ұстанғандар 

ежелден келе жатқан “Бiлiм - әлi ақылдылық емес” деген халық 

даналығын ұстанып, оқу жұмыстарын жүргізуде. Жалпы, оқудың 

мақсаты  –  ой  жаттықтыру.  Әңгіме  мазмұн  сипатында  емес, 

оқушылардың ой-пiкiр жүргізуге үйренуiнде. Формальды бағыт 

педагогтары  басты  назарды  оқушылардың  қабiлеттерi  мен 

танымдық  ұмтылыстарын,  зейiнiн,  жадын,  ой  толғаныстарын 

дамытуды  қажет  деп  бiледi.  Ал  бұл  сапалардың  қанат  жаю 

құралы – тiл, математика пәндерi, ал гуманитар сабақтардың 

қажеттiгi шамалы. 

Дидактикалық  пайдакүнемдiк  (утилитаризм)  оқудың 

тұрмыстық,  тәжірибелік  пайдасын  әсiрелеуден  туындайды. 

Егер оқу өмiр үшiн ештеңе бермейтiн болса, оған босқа уақыт 

зая етудің не қажетi бар? Оқу баланың жеке-дара қажеттерiн 

қанағаттандыруы тиiс. Ол өзi және ата-аналары қалаған немесе 

өз қабiлеттерi жететiндей iс-әрекет түрлерімен шұғылданғаны 

дұрыс. Осы оқу-тәрбие бағытын қалаған мектептерде балалар 

тұрмыстық  дағдыларды  қалыптастырады,  мұндай  дағдылы 

iс-әрекет  түрлері:  тамақ  дайындау,  тiгiн  тiгу,  кесте  тоқу,  бау-

бақша, көкөнiс көгертуге үйрену, қарапайым кәсiптiк iс-әрекет 

ептiлiктерiн дамыту. Осы сияқты оқу мазмұнын көбiне мүгедек 

және  ақыл-есi  кем  балаларға  арналған  оқу-тәрбие  орында-

ры  таңдайды.  Осы  қарапайым  да  пайдалы  бiлiмдер  мен  еп-

тiлiктер  төңірегiнде  ауқымды  жалпы  бiлiмдер  мен  ептiлiктер 

жинақталады,  бiрақ  оларды    игеруге  жарымжан  балалардың 

көбiнің шамасы жетпейдi. 

Сонымен,  бастауыш  мектеп  мазмұны  оқушылардың  жан-

жақты дамуына, ой, танымдық қызығулары, бiлiм жалғастыру 

мен болашақ еңбек iс-әрекетiне дайындығының негiзiн қалайды, 

қалыптастырады. Ол мазмұн мемлекеттiк стандартқа сай бо-

луы тиiс. Мектептiк бiлiм мазмұнының жалпы негiздерi: адами-

ластыру,  бірігімге  келтіру,  жіктемелеу,  тұлғаны  жан-жақты  да-

мыту мен азаматтық қалыптастыру, ғылыми және тәжірибелік 

маңызды  болу,  бiлiм  күрделiлiгiнің  жас  ерекшелiктерiне 

сәйкестендiрiлуi,  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану. 

Мазмұн баяндау мен ұсынудың кең тараған құрылымдары: iзбе-



141

iздi, шоғырлы, оралымды және аралас. Мазмұн құрастыруда екi 

бағыт қолданылады: материалды (әмбебап) және формальды 

(таңдаулы). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет