1.«Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жалпы сипаттамасы 1.1«Қаржы басқармасы»мемлекеттік мекемесі туралы «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1- тарау. Жалпы ережелер 1. «Ақтөбе облысының индустриялық – инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органының құзыреті шегінде облыстың индустриалды, оның ішінде өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, инновациялық даму, инвестиция саласындағы, қазақстандық қамтуды арттыру және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану және кен іздеушілік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты мекемелері жоқ. 3. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
«Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) жергілікті бюджеттің атқарылуы саласында басқаруды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Басқарманың ведомстволары жоқ. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі және мөртабандары, белгіленген үлгіде бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары бар. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Басқарманың құрылымы және штат саны лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Мемлекеттік органның толық атауы – «Ақтөбе қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.