201 топ студенті Қуанышева Асылай Жоламанқызы


Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері



бет3/6
Дата13.06.2023
өлшемі30,68 Kb.
#101004
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
новый практ

1.2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері
Басқарма миссиясы: жергілікті бюджеттің атқарылуы және Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін басқару саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету.
Міндеттері: Жергілікті бюджетті атқарады;Бухгалтерлік есепті, бюджет есебін жүргізу және жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті жасадым; Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының нормаларын сақтау; Гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру; Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және көтермелеу кезінде гендерлік тенгерім нормаларын сақтау. Функциялары: Жергілікті бюджеттің атқарылуын ұйымдастыруға қатысу; Басқарма аппаратының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жүргізу; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді жасау және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға беру; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма әкімшілік ететін жергілікті бюджетке түсетін түсімдер бойынша болжамдық көрсеткіштерді жасау және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға беру; Құзыреті шегінде аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысу; Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің жиынтық жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу; Жергілікті бюджеттің орындалуы туралы ай сайынғы есепті жасау және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға, Ақтөбе қаласының әкімдігіне (бұдан әрі – әкімдік), Ақтөбе қаласының тексеру комиссиясына, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға, ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға беру; Жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебін жүргізу; Жергілікті бюджетінің атқарылуы кезінде бюджеттік мониторинг жүргізу; Жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп және талдамалық есептен тұратын жергілікті бюдеттің атқарылуы туралы жылдық есеп және түсіндірме жазба жасау және әкімдікке, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;Жергілікті бюджеттің орындалуы туралы жылдық есеп жасау және бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органға ұсыну; Дебиторлық және кредиторлық берешек туралы жиынтық есептер жасау және бюджеттің атқарылуы бойынша орталық уәкілетті органға ұсыну; Мемлекеттік мекемелердің олардың өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаның түсімдері мен шығыстар жоспарларының орындалуы туралы, жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің демеушілік және қайырымдылық көмегінен түсетін ақшаның түсімі .Мергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен тоқсандық және жылдық жиынтық бюджеттік есептерді қабылдауды және тексеруді жүзеге асыру; Басқарма әкімшілік ететін бюджетке түсетін түсімдер коды бойынша ай сайынғы есепке алуды жүзеге асыру; Басқарма әкімшілік ететін бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне Ақтөбе қаласының мемлекеттік мекемелерінің атауларын өзгерту туралы өтінім беру; Мемлекеттік мекемелер өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алатын ақшаны, демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін қолма-қол ақшаны, ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттарын және корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып, бюджет қаражаты есебінен есептеуге арналған ағымдағы шоттарды ашуға өтінім және рұқсат беру жөніндегі жұмыстарды жүргізу; Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің беретін мемлекеттік мекемелер өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер мен шығыстардың жиынтық жоспарына келісім беру; Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінен қаражат бөлу туралы әкімдік қаулысының жобаларына қорытындылар даярлау; Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға Ақтөбе қаласының бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру бойынша бюджеттік ақшаларды басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау жөнінде ақпарат әзірлеу және беру; Жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджет кредиттерін беру, оларды тіркеуді, есепке алуды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету; Несиелік қаражат бойынша қарыздарды өтеу және қызмет көрсету жөніндегі есепті бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға беру; Жергілікті атқарушы органы қарызының мониторингін жүзеге асыру; Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруының талаптарын, көлемі мен нысаналы тағайындауын бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірге анықтау және келісу; Басқарманың қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алуды жүргізу; Әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын келісу; Басқарма қызметкерлеріне тұрғын үй қатынастары саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде Басқарманың тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру.
Құқықтары мен міндеттері: Жергілікті бюджеттің атқарылуы жөнінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау; Мемлекеттік органдардан, ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қажетті ақпарат пен материалдар сұрату және алу; Басқарманың мүддесін білдіру және оның мүліктік құқығын қорғау; Сотта талапкер және жауапкер болу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет