Қорытынды Өндірістік тәжірибеден өту барысында – мекеме жұмысының барысы мен жұмыстардың жүзеге асырылу тәртібін, құжаттардың дұрыс толтырылуын және аймақтағы бюджеттің денгейін зерттеу болды. Мемлекеттік қызметшінің іскерлік қатынасы тиімділігінің аса маңызды шарты олардың өз коммуникативтік мүмкіндіктерін, коммуникативтік құзыреттілігінің деңгейін білуі болып табылады. Мемлекеттік қызметке өздеріне сенетін адамдардың қызмет ететіні белгілі, олардың көбісі барлық қатынастарда, соның ішінде іскерлік қатынас саласында да табысты, қабілетті болып саналады. Осы сенімділік көп ретте кәдімгі жаңылысу болып шығады да, мемлекеттік қызметші өзінің коммуникативтік проблемалары туралы білдім. Көптеген оқыған теорияларымды практика жүзінде қолдана алдым. Болашақта өзіме жұмыс барысында керек болатын көптеген мәліметтер қорына ие болдым. Тәжірибе өту барысында орталықтың қызметі мен міндеттерімен, құрылыммен таныстым. Берілген мәлімметтерді, ақпараттарды қолдана отырып, құжаттармен жұмыс жасадым.