3. " Ақтөбе қаласы әкімдігінің Қаржы басқармасы " мемлекетті мекемесінің атқарылған жұмыстары 3.1 2019 жылға арналған Ақтөбе қаласы Қаржы басқармасының атқарылған жұмыстары Ақтөбе қаласының Қаржы басқармасымен әкімшендірілетін «Жергілікті бюджетті атқару және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер», бюджеттік бағдарламасы аппаратқа жүктелген қызметтерді барынша тиімді орындалуына қол жеткізу үшін аппараттың қызметін қамтамасыз ету бойынша мақсаттарға жетуге бағытталды.Аталған бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар 197 229,7 мың теңгені құрады, немесе жоспардағы 197 381,0 мың теңге сомада 99,9%-ды құрады.
Игерілмеген қаражат қалдығы 151,3 мың теңгені құрады, оның ішінде: республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер – 0,7 мың теңге, дөңгелектеу есебінен; жергілікті бюджет қаражаты – 150,6 мың теңге, мемлекеттік сатып алулардың нәтижелері бойынша үнемдеулерге (0,2 мың теңге), дөңгелектеу есебінен қалыптасқан пайдаланылмаған қаражат қалдығына (0,5 мың теңге), тауарды жеткізуші тарапынан келісімшарт міндеттемелерін орындамауына (тауардың жеткізілмеуі) (150,0 мың теңге) байланысты.
Бюджеттік бағдарлама нәтижесінің көрсеткіші Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесінің көрсеткішіне толық көлемде қол жеткізілді: штат саны 23 бірлік Басқарманың аппаратын күтіп-ұстау қамтамасыз етілді.Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесінің көрсеткіші болып табылады: қала бюджетін орындауды ұйымдастыру, бухгалтерлік, бюджеттік есепті жүргізу және бюджетті атқару бойынша есептілікті жасау.Бюджеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде өткізілген ісшаралардың бірі болып табылды: міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдер бойынша жиынтық жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландыруды жүргізу, бекіту және құру болып табылды (жиынтық жоспарға 779 анықтамамен өзгерістер енгізілді); бюджеттің атқарылуына бюджеттік мониоринг жүргізілді; жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне негізделген, Басқармамен әкімшілендіретін кірістер бойынша артық (қате) төленген сомаларды қайтару/есептен шығару үшін салықтық органдарына 46 қорытынды жіберілді; жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне 38 өтініш келіп түсті, олардың қолданғаны – 18, қолданбағаны – 20 (әкімдігінің қаулыларына сәйкес, жалпы сомасы 3 052,7 млн.теңге бөлінді); 13 мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналымға арналған мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етуге 11 105,7 млн.теңге; жергілікті бюджетті атқару туралы ай сайынғы және жылдық есепті дайындау және бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті органға, қала әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының Тексеру комиссиясына, мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органға, ішкі бақылау бойынша уәкілетті органға ұсыну; жылдық және жартыжылдық жиынтық есепті бюджетті атқару бойынша орталық уәкілетті органға ұсыну; бюджеттік қаражатты басқару тиімділігінің жыл сайынғы бағалауын өткізу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ақпарат ұсыну; мемлекеттік органдардың Интернет порталы бойынша келіп-түскен43 нормативтік-құқықтық актілерді, 53 бұйрық жобаларын, нұсқаулықтарды, келісімдер және Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің өзге құжаттарын, сондай-ақ әкімдігінің қаулы жобаларын қарастыру мен үйлестіру; құқықтық жалпы оқыту шеңберінде қызметкерлерге 3 семинар өткізілді; наразылық-талап қою жұмысы, соттарда Басқарманың мүдделері ұсынылды (6 азаматтық процесстерге қатысу); жеке және заңды тұлғалардың 17 өтініші қаралды; 9 қызметкер оқуға жіберілді, оның ішінде біліктілікті арттыру курсына – 6 адам, қайта даярлау курсынан – 3 адам өтті.Аталған бағдарлама бойынша шығыстар динамикасы келесі мәліметтермен беріледі: 2018 жылы – 173 032,3 мың теңге (жоспардағы 100%), 2017 жылы – 199 634,5 мың теңге (жоспардағы 100%), 2018 жылы – 197 229,7 мың теңге (жоспардағы 197 381,0 мың теңге соманың 100 %). Жылдың аяғында дебиторлық берешек 4,3 мың теңгені құрады.
Жылдың аяғында кредиторлық берешек болған жоқ.«Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу» бюджеттік бағдарламасы Қаржы басқармасымен салық салу үшін мүлікті бағалаумен байланысты шығыстарды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады.2018 жылы қарастырылған сома 29 390,0 мың теңге, кассалық атқарылым 29 389,6 мың теңге, немесе 100,0% құрады.Игерілмегені 0,4 мың теңге, дөңгелектену нәтижесінде қалыптасқан үнемдеуге байланысты.Бюджеттік бағдарлама нәтижесінің көрсеткіштері Тікелей нәтиженің көрсеткішіне қол жеткізілді: жеке тұлғалардың тіркелген, бағалауға жататын жылжымайтын мүлік объектілерінің саны – 286 986 бірлік, бұл жоспардағы көрсеткішке сәйкес келеді.
Түпкілікті нәтиже салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу бойынша сатып алу қызметін қаржыландыруды 100 пайыз қамтамасыз ету болып табылды. Жергілікті атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге жергілікті бюджеттің шығыстар динамикасы келесі мәліметтермен беріледі: 2016 жылы – 24 535,0 мың теңге (жоспардағы 24 535,0 мың теңге сомада 100%), 2018 жылы – 29 389,6 мың теңге (жоспардағы 29 390,0 мың теңге сомада 100%). Бағдарлама бойынша есепті жылдың басында және аяғында дебиторлық және кредиторлық берешек болған жоқ. Нұр-Сұлтан қаласының Қаржы басқармасымен әкімшендірілетін «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы қызметкерлерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттарға жетуге бағытталды. Аталған бағдарламаны іске асыруға көзделген сома 4 718,0 мың теңге, оның атқарылғаны 4 717,3 мың теңгені, немесе 100% құрады. Игерілмеген қаражат сомасы 0,7 мың теңге, мемлекеттік сатып алулардың нәтижелері бойынша үнемдеумен байланысты. Бюджеттік бағдарлама нәтижесінің көрсеткіштері Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесінің көрсеткішіне қол жеткізілді: саны 43 бірлік негізгі және материалдық емес актитвтер сатып алынды. Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесінің көрсеткішіне қол жеткізілді: Басқарма қызметкерлерің қызметі үшін қажетті активтерді сатып алу қамтамасыз етілді. Аталған бағдарлама бойынша шығыстар динамикасы келесі мәліметтермен беріледі: 2018 жылы – 1 316,0 мың теңге (жоспардағы 100%), 2019 жылы – 919,2 мың теңге (жоспардағы 100%), 2018 жылы – 4 717,3 мың теңге (жоспардағы 100 %). Бюджеттік бағдарлама дебиторлық және кредиторлық берешексіз іске асырылды. Қаржы басқармасының «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының резерві» бюджеттік бағдарламасы жергілікті бюджетте жоспарланбаған шығындарды қаржыландыру мақсаттарына жетуге бағытталған: қаланың саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды жою, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды шұғыл қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыруға, сондай-ақ басқа күтпеген шығындарға жұмсауға бағытталған жергілікті атқарушы органдардың сот шешімдеріне сәйкес міндеттемелерін орындау үшін бюджеттен 3 128 070,0 мың теңге қарастырылған. 2019 жылы Ақтөбе қаласы әкімдігінің шешімі бойынша бюджеттік бағдарламалардың басқа әкімшілеріне 3 052 713,8 мың теңге бөлінді, оның ішінде кіші бағдарламалар: «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шұғыл шығындар үшін резерві» – 1 682 499,4 мың теңге; «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындау үшін резерві» – 1 70 214,4 мың теңге; Осы бағдарлама бойынша бөлінбейтін сақтық қорлары қаражатының қалдығы есепті жылдың аяғында 75 356,2 мың теңгені құрады. Бюджеттік бағдарлама нәтижесінің көрсеткіштері Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың түпкілікті нәтижесінің көрсеткішіне қол жеткізілді: әкімдік қаулыларына сәйке, қланың жергілікті атқарушы органының резервінен қаражатты 100% қамтамасыз етілді.
Қаланың жергілікті атқарушы органының резервінен бөлінген қаражатты игеру туралы түсініктеме: «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер», «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк», «Көлік және коммуникация» функционалдық топтарында баяндалады. Осы бағдарлама бойынша жыл аяғында дебиторлық және кредиторлық берешек болған жоқ. «Жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету» бюджеттік бағдарламасы Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органының борыштарына қызмет көрсету мақсатында Ақтөбе қаласының Қаржы басқармасымен жүзеге асырылады. 2018 жылы қарастырылған сома 1 402 699,0 мың теңге, кассалық атқарылым 1 402 697,9 мың теңге, немесе 100% құрады. Игерілмегені 1,1 мың теңге, дөңгелектеу есебінен қалыптасқан үнемдеулерге байланысты. Бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткіші Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесінің көрсеткішіне қол жеткізілді: республикалық бюджеттен алынған, жергілікті атқарушы органдарының борыштары бойынша орындаған міндеттемелерінің саны 9 бірлікті құрады, бұл жоспардағы көрсеткіштерге сәйкес келеді. Бағдарлама шеңберінде сыйақы төлеуді қамтамасыз ету бойынша ісшаралар атқарылды: «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша: 1 105,0 мың теңге – 2016 жылы (шығарылым көлемі – 1 700 000 мың теңге, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,15%) – 1 төлем; 9 185,4 мың теңге – 2017 жылы (шығарылым көлемі – 6 922 232 мың теңге, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,15%) – 3 төлем; 1 750,0 мың теңге – 2017 жылы (шығарылым көлемі – 500 000 мың теңге, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,35%) – 2 төлем; 10 657,5 мың теңге – 2018 году (шығарылым көлемі – 11 100 000 мың теңге, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,35%) – 1 төлем; 16 инвестициялық жобалар бойынша бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша: 1 380 000,0 мың теңге – 2018 жылы (шығарылым көлемі – 15 000 000 мың теңге, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 9,2% ) – 2 төлем. Түпкілікті нәтиже жергілікті атқарушы органның ішкі қарыздары бойынша сыйақы мен басқа да төлемдердің 100 пайызы аударылды. Жергілікті атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге жергілікті бюджеттің шығыстар динамикасы келесі мәліметтермен беріледі: 2017 жылы – 1 275,0 мың теңге (жоспардағы 1 275,0 мың теңге сомада 100%), 2018 жылы – 697 741,7 мың теңге (жоспардағы 697 742,0 мың теңге сомада 100%), 2018 жылы – 1 402 697,9 мың теңге (жоспардағы 1 402 699,0 мың теңге сомада 100%).
Бағдарлама бойынша есепті жылдың басында және аяғында дебиторлық және кредиторлық берешек болған жоқ. «Жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету» бюджеттік бағдарламасы республикалық бюджеттен алынған қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де борышты өтеу бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында Ақтөбе қаласының Қаржы басқармасымен жүзеге асырылады. 2019 жылы қарастырылған сома 6 312,0 мың теңге, кассалық атқарылым 6 294,3 мың теңгені, немесе 99,7% құрады. Игерілмегені 17,7 мың теңге дөңгелектеу есебінен қалыптасқан үнемдеулерге байланысты. Бюджеттік бағдарламаның нәтиже көрсеткіші Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесінің көрсеткішіне қол жеткізілді: республикалық бюджеттен алынған, жергілікті атқарушы органдарының борыштары бойынша орындаған міндеттемелерінің саны 8 бірлікті құрады, бұл жоспардағы көрсеткіштерге сәйкес келеді.
Бюджеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттен алынған қарыздар бойынша сыйақы төлеу бойынша жергілікті атқарушы органның борышына қызмет көрсету бойынша іс-шаралар атқарылды, оның ішінде: 539,3 мың теңге – «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй жинақ салымы жүйесі арқылы тұрғын үй салу және (немесе) сатып алуға 2013 жылы республикалық бюджеттен алынған несие бойынша 0,01 % жылдық мөлшерлемесі; 520,0 мың теңге – «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй жинақ салымы жүйесі арқылы тұрғын үй салу және (немесе) сатып алуға 2014 жылы республикалық бюджеттен алынған несие бойынша 0,01 % жылдық мөлшерлемесі; 390,0 мың теңге – «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй жинақ салымы жүйесі арқылы тұрғын үй салу және (немесе) сатып алуға 2018 жылы республикалық бюджеттен алынған несие бойынша жылдық 0,01 % мөлшерлемесі; 70,9 мың теңге – «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде тұрғын үй салу және (немесе) сатып алуға 2016 жылы республикалық бюджеттен алынған несие бойынша жылдық 0,01 % мөлшерлемесі; 2 260,7 мың теңге – жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін қайта жаңарту және салуға 2015 жылы республикалық бюджеттен алынған несие бойынша жылдық 0,01 % мөлшерлемесі; 2 285,7 мың теңге – жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін қайта жаңарту және салуға 2016 жылы республикалық бюджеттен алынған несие бойынша жылдық 0,01 % мөлшерлемесі; 214,9 мың теңге – жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін қайта жаңарту және салуға 2018 жылы республикалық бюджеттен алынған несие бойынша жылдық 0,01 % мөлшерлемесі; 12,8 мың теңге – кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2017 жылы республикалық бюджеттен алынған несие бойынша жылдық 0,01 % мөлшерлемесі.
Түпкілікті нәтиже жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен берілетін несиелер бойынша сыйақы мен басқа да төлемдерді төлеу бойынша борышын өтеу қызметін 100 пайыз қамтамасыз ету болып табылады. Жергілікті атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге жергілікті бюджет шығыстарының динамикасы келесі мәліметтермен беріледі: 2017 жылы – 5 174,8 мың теңге (жоспардағы 5 176,0 мың теңге сомада 100%), 2018 жылы – 6 095,3 мың теңге (жоспардағы 6 096,0 мың теңге сомада 100%), 2019 жылы – 6 294,3 мың теңге (жоспардағы 6 312,0 мың теңге сомада 100%). Дебиторлық және кредиторлық берешек бағдарлама бойынша есептік жылдың басында және аяғында болған жоқ. «Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару» бюджеттік бағдарламасы республикалық бюджет түсімдерін уақтылы аударуды қамтамасыз ету мақсатына жетуге бағытталды. Аталған бюджеттік бағдарлама бойынша қарастырылған сома 920 970,0 мың теңге, кассалық атқарылым 920 966,8 мың теңге, немесе 100%-ды құрады. Игерілмегені 3,2 мың теңге, дөңгелектеу есебінен қалыптасқан үнемдеулерге байланысты. Бюджеттік бағдарлама нәтижесінің көрсеткіштері Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тікелей нәтижесінің көрсеткішіне қол жеткізілді: республикалық бюджетке уақытында аударылған төлемдер саны 12 бірлікті құрады. Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың түпкілікті нәтижесінің көрсеткішіне қол жеткізілді: республикалық бюджетке пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару 100% қамтамасыз етілді. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бюджеттік заңнамаға сәйкес қамтамасыз етілген қайтару: 2019 жылы Ақтөбе қаласының бюджетіне бөлінген пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді – 276 615,0 мың теңге; жергілікті бюджеттің кірісіне мемлекеттік мекемелер ЖШС, АҚ, МКМ, МҚКМ қайтарған нысаналы трансферттердің жалпы сомасы – 644 351,8 мың теңге. Бағдарлама бойынша шығыстар динамикасы келесі мәліметтермен сипатталады: 2018 жылы – 1 943 531,5 мың теңге (100,0 %), 2017 жылы – 1 973 452,1 мың теңге (100,0 %), 2018 жылы – 920 966,8 мың теңге (100,0 %). Бағдарлама бойынша есепті жылдың аяғында дебиторлық және кредиторлық берешек болған жоқ. «Бюджеттік алулар» бюджеттік бағдарламасы Ақтөбе қаласының Қаржы басқармасының бюджеттік жеңілдіктерді республикалық бюджетке уақтылы аудару мақсаттарына жетуге бағытталған. 2019 жылы бағдарламаны іске асыруға көзделген қаражаттың жалпы сомасы 20 467 618,0 мың теңгені құрады, олар 100%-ға игерілді. Бюджеттік бағдарлама нәтижесінің көрсеткіштері Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тікелей нәтижесінің көрсеткішіне қол жеткізілді: республикалық бюджетке жасалған бюджеттік төлемрдің саны 12 бірлікті құрады.
Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың түпкілікті нәтижесінің көрсеткіші республикалық бюджетке бюджеттік алымдарды уақтылы аударуды қамтамасыз ету болды. Шығыстар динамикасы келесі мәліметтермен сипатталады: 2017 жылы – 17 253 408,0 мың теңге (жоспардағы 100,0 %), 2018 жылы – 19 539 853,0 мың теңге (жоспардағы 100,0 %), 2019 жылы – 20 467 618,0 мың теңге (жоспардағы 100,0 %). Бағдарлама бойынша есепті жылдың басында және аяғында дебиторлық және кредиторлық берешек болған жоқ. «Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы республикалық бюджетке түсімдерді уақтылы аударуды қамтамасыз ету мақсатына жетуге бағытталды. Осы бюджеттік бағдарлама бойынша игерілгені 1 909 391,0 мың теңге, немесе жоспардағы 100,0%. Бюджеттік бағдарлама нәтижесінің көрсеткіштері Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тікелей нәтижесінің көрсеткішіне қол жеткізілді: республикалық бюджетке уақытында жасалған төлемдер саны 12 бірлікті құрады. Бағдарламаны іске асырудың түпкілікті нәтижесінің көрсеткішіне қол жеткізілді:республикалық бюджетке нысаналы ағымдағы трансферттердің аударымы 100% қамтамасыз етілді. Бағдарлама бойынша шығыстар динамикасы келесі мәліметтермен сипатталады: 2017 жылы шығыстар қарастырылмаған, 2018 жылы – 132 184,0 мың теңге (100,0 %), 2018 жылы – 1 909 391,0 мың теңге (100,0 %). Бағдарлама бойынша есепті жылдың аяғында дебиторлық және кредиторлық берешек жоқ. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару» бюджеттік бағдарламасы Ақтөбе қаласының Қаржы басқармасымен республикалық бюджетке аударымдарды уақтылы түсуін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады. 2018 жылы қарастырылған сома 330 168,0 мың теңге, кассалық атқарылым 330 168,0 мың теңге, немесе 100,0% құрады. Тікелей нәтиженің көрсеткішіне қол жеткізілді: республикалық бюджетке уақтылы аударылған төлемдердің саны – 1 бірлік, бұл жоспардағы көрсеткішке сәйкес келеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2018 жылғы бюджет қаражатының қалдықтары есебінен тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын ұлғайту және 2018 жылы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын 2018 жылы пайдалану (толық пайдалану) туралы» 2018 жылғы 23 ақпандағы № 76 қаулысына сәйкес, 2018 жылы Ақтөбе қаласының бюджетіне 2018 жылы 330 168,0 мың теңге көлемінде бөлінген пайдаланылмаған нысаналы даму трансферттерін қайта пайдалануға рұқсат етіледі.Түпкілікті нәтиже Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтаруды 100 пайыз қамтамасыз ету болып табылды. Жергілікті атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге жергілікті бюджеттің шығыстар динамикасы келесі мәліметтермен беріледі: 2017 жылы – 61 443,1 мың теңге (жоспардағы 61 443,1 мың теңге сомада 100%),2018 жылы – 330 168,0 мың теңге (жоспардағы 330 168,0 мың теңге сомада 100%). «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорындағы нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттер сомасын қайтару» бюджеттік бағдарламасы республикалық бюджетке аударымдардың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатына жетуге бағытталды. Аталған бюджеттік бағдарлама бойынша жоспарланғаны 11 091,6 мың теңге, игерілгені 11 090,7 мың теңгені, немесе жоспардағы 100%-ды құрады. Игерілмегені 0,9 мың теңге, дөңгелектену нәтижесінде қалыптасқан үнемдеуге байланысты. Бюджеттік бағдарлама нәтижесінің көрсеткіштері Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тікелей нәтижесінің көрсеткішіне қол жеткізілді: республикалық бюджетке уақытында жасалған төлемдер саны 2 бірлікті құрады. Бағдарламаны іске асырудың түпкілікті нәтижесінің көрсеткішіне қол жеткізілді: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорындағы нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттер сомасын қайтару 100% қамтамасыз етілді. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бюджет заңнамасына сәйкес қамтамасыз етілген қайтару: 1) Ақтөбе қаласының бюджетіне 2019 жылы бөлінген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) дамудың нысаналы трансферттері – 8 430,6 мың теңге, оның ішінде: білім беру нысандарын салуға және қайта құруға – 1,8 мың теңге; инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жабдықтауға – 8 428,8 мың теңге. 2) 2019 жылы Ақтөбе қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасына бөлінген және Ақтөбе қаласындағы А.Жұбанов, Дубинин, Фестивальный көшелерінің қиылысы аумағында жапсарлас-қабырғалас салынған орынжайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені (сыртқы инженерлік желілер)» жобасы бойынша келісімшарт сомасының азаюына байланысты «CAC GROUP» ЖШС-на қайтарылған дамудың» ЖШС-на қайтарылған дамудың нысаналы трансферттері – 2 660,1 мың теңге. Бағдарлама бойынша шығыстар динамикасы келесі мәліметтермен сипатталады: 2019 жылы – 1 402 597,7 мың теңге (100%), 2017 жылы – 15 849,9 мың теңге (100,0 %), 2018 жылы – 11 090,7 мың теңге (100,0 %).
«Жергілікті атқарушы органның борышын өтеу» бюджеттік бағдарламасы Ақтөбе қаласының Қаржы басқармасымен жергілікті атқарушы органның негізгі борышын өтеуді қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады. 2018 жылы қарастырылған сома 4 200 000,0 мың теңге, кассалық атқарылым 4 200 000,0 мың теңге, немесе 100,0% құрады. Бюджеттік бағдарлама нәтижесінің көрсеткіштері Тікелей нәтиженің көрсеткішіне қол жеткізілді: Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органы орындаған міндеттемелер саны 2 бірлікті құрады, бұл жоспардағы көрсеткішке сәйкес келеді. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде: мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында 2016 жылы шығарылған сомасы 1 700 000,0 мың теңге мемлекеттік бағалы қағаздар мерзімінен бұрын өтелді; мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында 2017 жылы шығарылған сомасы 2 500 000,0 мык теңге бағалы қағаздар ішінара мерзімінен бұрын өтелді. Түпкілікті нәтиже жергілікті атқарушы органның негізгі борышын өтеу бойынша міндеттемелердің орындалуын 100 пайыз қамтамасыз ету болып табылды.2018 және 2019 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаға қаражат қарастырылғанына байланысты шығындар динамикасына талдау жүргізу мүмкін емес. Бағдарлама бойынша есепті жылдың басында және аяғында дебиторлық және кредиторлық берешек болмаған